Классный час Ас атасы - нан

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пухальск негізгі мектебі

«Айналайын» шағын орталығы
















Ашық тәрбие сабақ

«Ас атасы - нан!»


















2012-2013 о.ж.

Тақырыбы: «Ас атасы - нан!»

Мақсаты:

Білімділік: нанды қастерлей білуге, нан туралы мақал айтуға үйрету.

Тәрбиелік: балаларды еңбексүйігіштікке баулу, шаруақор болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту.

Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: нан, бауырсақ, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін тобымызда ашық тәрбие сабағын өткіземіз.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнап түсті даламыз.

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, апайлар,

Сәлем, сәлем, сәлем!!!

Классный час Ас атасы - нан




Балалар, біз бәріміз нанды білеміз. Нансыз өмір жоқ. Дастарханда бәрі болып, нан болмаса оның сәні болмайды. Қазір нан туралы балалар өздері білетін тақпақтар айтып береді.

Зарина: Нанда өмірдің дәмі бар,

Нанда адамның ары бар,

Ярослав: Нан - өмірдің арқауы,

Нансыз өмірдің қандай сәні бар?

Богдан: Нан, нан, нан, қымбатсың сен алтыннан.

Алуа: Нан анасы - бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнің төмен піскенде,

Қауызыма сыймаймын.

Амир: Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ,

Классный час Ас атасы - нан



Жарайсыңдар, балалар! Енді осы нан дастарханға қалай келеді? Сол жайында айтамыз. Мұнда көп адам еңбек етеді. Көктемде жерге бидай себіледі. Жаз айы оны баптап күтеді. Күзде егінді орады, орылған бидай қоймаға барады. Қоймадан диірменге барады. Диірменде тартып ұн жасайды, ұннан нан пісіріледі. Міне, нан осылай келеді. Ал қазір «Бауырсақ» ертегіні тамашалаймыз.

Классный час Ас атасы - нан




«Бауырсақ ертегісі»

Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:

  • Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші, - дейді.

  • Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.

  • Әй, кемпірім-ай! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой, мүмкін табылып қалар.

Кемпірі солай істейді, қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді:

  • Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

  • Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берем.

Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:

Мен бауырсақ, бауырсақ,Классный час Ас атасы - нан

Мен атайдан қаштым,

Мен әжейден қаштым,

Қоян, сенен да қашам! - деп, бауырсақ алға қарай домалап кетті. Бауырсақ орман ішінде зымырап келе жатса, қарсы алдынан қасқыр шыға келеді:

-Бауырсақ» Бауырсақ! Мен сені жеп қоям!

- Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берем.

Бауырсақ әндете жөнеледі:

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Мен атайдан қаштым,

Мен әжейден қаштым,

Мен қояннан қаштым,

Қасқыр, сенен де қашам! - деп, бауырсақ алға қарай домалап кетті. Бауырсақ орман ішінде зымырап келе жатса, қарсы алдынан түлкі шыға келеді:

  • Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоям!

  • Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берем.

Бауырсақ әндете жөнеледі:

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Мен атайдан қаштым,

Мен әжейден қаштым,

Мен қояннан қаштым,

Мен қасқырдан қаштым,

Түлкі сенен де қашам!

  • Әдемі өлен екен! - дейді түлкі. Менің ауызама отыршы, өлеңді тағы бір рет айтып берші.

Бауырсақ өлеңін мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына шығады.

  • Мен бауырсақ... - деп өлеңдете бастайды. Ал түлкі оны «ап!» деп жеп қойды.

Жақсы, балалар, рахмет сендерге. Балалар, мында қараңдаршы, ол не? Бұл сандық. Қане, ашайық, ішінде не бар? - Мұнда нан туралы тыйым сөздер жазылған екен. Қане, бірге айтайық.

Классный час Ас атасы - нан













Нанды лақтыруға болмайды.

Нанды бір қолымен үзуге болмайды.

Нанды аяқпен басуға болмайды.

Міне, балалар, естідіңдер ғой. Енді біз нанды Қастерлей білеміз: «Ас атасы - нан» деп бекерге айтпаған. Қане, бәріміз бірге нан туралы өлеңдер айтайық.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып, қастерлеп,

Тоғайларға тастаңдар.

Классный час Ас атасы - нан



© 2010-2022