8-Наурыз аналар мерекесі 1 кіші топқа арналған ойын-сауық

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-Наурыз аналар мерекесі 1 кіші топқа арналған ойын-сауық.



Сабырбаева Динара Абуталиковна.

Шығыс Қазақстан обылысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылдық КМҚК «Айгөлек» балалар бақшасының 1кіші топ тәрбиешісі.

8-Наурыз аналар мерекесі 1 кіші топқа арналған ойын-сауық.

Көңілді ән ырғағымен балалар залға кіреді.Орындықтарына отырады.

-Қане, балалар , қараңдаршы ,бөлменің іші қандай әсем, әдемі.

-Сендер де қандай әдемісіңдер.

-Балалар, сендер неге әдемі киініп алғансыңдар?

-Мейрам.

-Ол қандай мейрам?

-Аналар мейрамы.

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ шаттанған,

Алтыным деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.

-.Кімнің анасы ең жақсы?

Балалар:-Менікі, менікі.

-Кімнің анасы мейірімді?

-Менікі, менікі

-Кімнің анасы әдемі?

-Менікі, менікі.

-Анамыз, кімге ұқсайды?

-Маған, маған.

Балалар, қандай жақсы ән айттыңдар,енді мерекемізді жалғастырайық.Балалар, орнымыздан тұрайық екі-екіден қол ұстасып ортаға шығайық.

Көңілді ән әуені ойнатылады.

Балалар қол ұстасып жүру, шеңбер жасап екіден айналу.(киімдерін көрсету)

-Ой, қандай жақсы биледіңдер, көйлектерің қандай әдемі.енді өз орнымызға отырайық жүгіреміз, жүгіреміз.

(Тоқ-Тоқ)

-Балалар біреу келген сияқты.

-Кіріңіз кім болды екен?

(Әдемі көйлегі бар қуыршақ кіреді)

-Сәлеметсіңдерме,балалар, мен қуыршақпын,көңілдімін.

Әрқашанда көңілдімін,көңілдімін.

Ән айтып, билегенді жақсы көремін.

-Көргілерің келе ме?

Онда мен ән айтып берейін.

-Мен көңілді қуыршақпын,

-Аяғымда әдемі етігім бар,

Басымда әдемі орамалым бар

Екі бетім албырап...., қызарып тұр.

  • Міне, қалай мен ән айттым, сендерге ұнады ма?

  • Балалар, сендер би билей аласыңдар ма?

  • Ия!!!

  • Онда бірге билейік, қане ортаға келіңдер.

  • Мен сендерге әдемі, түрлі түсті орамал беремін.Қараңдаршы қандай әдемі қызыл, көк, жасыл, сары орамалдар.

(Музыка)

  1. Орамалдарды жоғары көтеріп көрсету.

  2. Орамалды еңкейіп, ары- бері тербелту.

  3. Орамалды артқа тығу.

  4. Балалар өздері орамалға тығылу.

-Қандай жақсы биледіңдер,шаршадыңдарма?

-Ия

-Көңілді қуыршақ, сен де шаршаған сияқтысың ғой, кел сен де отыра ғой.

Балалар қане орнымызға отырайық мен сендерге бір қызықты әңгіме айтып беремін. Тыңдағыларың келе ме?

  • Баяғыда бір әдемі мысық балаларымен өмір сүріпті.

  • Қане ,балалар ана мысықты шақырайықшы. Мысықты қалай шақырамыз?

  • Мыс-мыс-мыс (Мысық ана бұраңдап шығады)

Мен , мысықпын,мысықпын.

Әдемімін жұмсақпын,

Жүнім үлпілдеген,

Құйрығым үлкен ,мамық,

Мұндай құйырық кімде бар айтыңдаршы?

-Балалар , мысық анада бүгін мейрам екен, қонақтарын тосып отыр. Әлі ешкім келген жоқ екен, Сыйлық та әкелген жоқ.

Тоқылдатып, секеңдеп қоян келеді.

  • Сәлеметсің бе , мысық досым, мен саған мерекеге әдемі гүлімді әкелдім.

  • Қоян досым, саған көп рахмет, төрге шық, отыра ғой.

Тоқылдатып қу түлкі келеді.

  • Мен саған өзім жасаған әдемі құмыра әкелдім, әдемі гүліңді салып қоясың.

  • Рахмет, саған түлкі досым қандай керемет!

  • Қоянның қасына отыра ғой,

  • Осы кезде, қорбаңдап аю келеді.

  • Сәлеметсіңбе, Мысық ана, мейрамыңмен, мен саған марғауларыңа арнап тәттілер әкелдім

  • Сәлеметсіңбе ,Аю рахмет, төрге шық, отыр.

  • Мысық ана менің де саған сыйлығым бар, әдемі қызыл етік әкелдім.

  • Рахмет саған көңілді қуыршағым, отыр, барлығымыз тәттілермен шай ішеміз.

Мысық ана:- Менің, балаларым, марғауларым қайда екен?

Қайда ойнап жүр екен?

-Қане балалар, марғаулар, Мысық анамызды мейрамымен құттықтаймыз.( жүгіріп келіп мысықты құшақтайды)

Түнде сергіп жатпаған

Күндіз тыным таппаған

Бізсіз тамақ татпаған

Айналайын, ақ мамам

  • Қане, балалар, мысық ана қонақтармен әңгімелесіп отырсын.Ал біз түрлі түсті әдемі доптармен ойын ойнайық па?

Біз көңілді баламыз,ойын ойнап би билеп

Біз көңілді боламыз,тоқ-тоқ-тоқ-тоқ

Добым менің, добым менің,

Өзің неткен көңілді едің,тоқ-тоқ-тоқ-тоқ

  • Балалар, өлең айттық, биледік, ойнадық шаршадық па?

  • Ия

  • Қарнымыз ашты ма ?

  • Онда мысық анамыздан дәмді ботқа сұрайық

  • Мысық ана, марғаулардың қарыны ашып жылап отыр, бізге дәмді ботқа беріңізші.

  • Ой-ой-ой, менің марғауларымның қарыны ашып қалыпты ғой, мен ұмытып кетіппін ғой. Сендер маған көмектессеңдер ботқаны тез дайындаймыз.

  • Қане ортаға келіңдер. Билеп жүріп ботқаны пісіреміз жарайма?

  • Ия.

Би: «Аспаздар»

  • Рахмет, Мысық ана, ботқа өте дәмді екен.

  • Балалар, ботқа ұнады ма сендерге?

  • Ия, өте дәмді екен, рахмет мысық ана ,енді марғаулардың ұйқысы келген сияқты. Балалар біраз мызғып алсын , енді орнымызға отырып, көзімізді жұмып, ұйықтап алайық.

Релаксацсия (баяу ән ырғағына)

Түлкішек: Рахмет мысық ана, бізді де үйде балаларымыз тосып

қалды ,жүріңдер достарым үйімізге қайтайық

Сау болыңыз .Мысық ана.




© 2010-2022