Урок математики на тему Время суток

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық қартасы

Ортаңғы топқа арналған тәрбиеші Исалина А.С

Білімдік салар: «Таным»

Тараулар: «ҚМҰҚ»

Тақырыбы: «Заттың көлеміне санның тәуелсіздігі. Реттік санау. Оқиғаның ретін қоя білу (тәулік бөліктері). «Кең», «тарлау», «өте тар», ұғымдарын пысықтау.

Мақсаты: : цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету;

Білімділігі: Заттарды санымен сәйкестендіру; санның заттың көлеміне бағын байтынын түсіндіру; 5 саны көлемінде санау қабілетін арттыру, сандық және реттік санауды бір-бірімен ажырату, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру; оқиғаның ізбе-ізділігін (тәулік бөліктері) анықтауға арналған логикалық тапсырмаларды орындау жолдарын үйрету.

Дамытушылығы: жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз) туралы өткенді пысыықтау.

Тәрбиелілігі: Көзімен көргенін есіне ұстап сақтауға, шығармашылық еңбек ете білуге, алғырлыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Билингвальді компонент: кең-просторный ,өте тар-очень тесный

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, пратикалық, көрнекілік, сұрак жауап.

Қызметтің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мақсатты - түрткі болғыш

«Шаттық шеңбері»

Ұйқымыздан тұрамыз,

Бетімізді жуамыз.

Әкемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз.

Қимылдар жасайды.

Іздестіру-

ұйымдастыру

Сандар қатарымен жұмыс істейміз.

(1- ден 5- ке дейінгі сандарды

қойып шығу керек). Балалар рет-

ретімен үстелге қою керек.

1-тапсырма.

-Жоғарыдағы тіктөртбұрышта

неше кесе?

-Төменгі тіктөртбұрышта неше

кесе?

-Олардың саны туралы не

айтасыңдар?

-Әр тіктөртбұрыштағы кесе санын

білдіретін санды нүкте бастырып

жазыһдар.

Сергіту сәті:

Бәріміз біргеміз.

Оңға бір қадам, солға бір қадам.

Шапалақ ұрамыз.

Алға бір қадам, артқа бір қадам.

Шапалақ ұрамыз.

«Сөйлемді аяқта»

Таңғы асты таңертең, ал кешкі

асты ...(кешке) ішеміз.

-Түнде ұйықтаймыз, ал... жаттығу жасаймыз (таңертең).

-Кешкі асты кешке, түскі асты...ішеміз (күндіз).

2-тапсырма

-Бұл өлеңде тәуліктің қай бөлігі

туралы айтылған?

Әр суреттің қасына тәулік бөлігіне

сәйкес сандарды қою.

3 - тапсырма.

Жұмбақ жасыру.

Қасқырдан да құтылды,

Аюдан да құтылды.

Ақыр соңында

Қу түлкіге тұтылды.

-Бауырсаққа кездескен аңдарды

рет-ретімен қою.

Балалар тапсырманы

орындайды.

Бес

Бес

Үлкен кесе де,

. кішкентай кесе де

бесеу, яғни тең.

Балалар жаттығуды өз

бетінше жасайды.

Кешке

Таңертең



кешке

күндіз

таңертең,

күндіз,

кеш,

түн.

Бауырсақ.

Қоян, қасқыр, аю, түлкі

Рефлексті- дәлелдеу

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог балаларды сабақта белсенділік танытканы үшін мактайды.

Балалар өз жұмыстарына баға береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: сан заттың көлеміне бағынбайтындығын; 1-ден 5-ке дейінгі реттік санауды.

Қандай түсініктерді игерді: заттардың айырмашылығы мен ұқсастығын таба отырып, ені бойынша салыстыруды және сол белгілері арқылы біріктіруді; оқиғаның ізбе-ізділігін (тәулік бөліктері) анықтауға арналған логикалық тапсырмаларды орындауды.

Меңгерген дағдылары мен іскерлікгері: тәулік бөліктерін, 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар туралы түсінікті меңгереді.



© 2010-2022