Сценари Анашым асыл жарым

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бүігін аналардың мерекесі» атты ертеңілік

Кейіпкерлер:

Сайықмазақ

Ерке қыз

Әндер:

Құттықтаймын мама

Ақ әжем

Аяулы анашым

Билер:

Орамал жуу

Балалар қолдарында гүлдер «Анашым менің» әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі мереке! аналарымызға арналған және әжелерімізге арналған. Әрдайым әдемі, көрікті, сүйкімді болып жүре беріңіздер. Енді балаларымызға сөз берейік.

І бала: Шамымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды она бар адам

ІІ бала: Мені жақсы көреді

Күнде күліп жүреді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

ІІІ бала: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамынмен құттықтаймын.

ІV бала: Менің әжем мейірбан

Мені жақсы көреді

Қажеттіне жарасам

Жас балаша күледі.

«Ән құттықтаймын мама»

(Балалар орындарына отырады)

Көңілді әуен орындалады. Залға сайықмазақ кіреді.

Сайықмазақ: Сәлеметсіздер ме, ұлдар мен қыздар! Қош келіпсіздер, әжелер мен аналар! Мерекелеріңізбен!!!

Мен - сайықмазақпын, клоуынмын көңілді де қызықтымын. Сендерге қонаққа келдім. Сендер менің Ерке досымды көрген жоқсындар ма? (Жан жаққа қарайды). Ол кешігіп жатыр. Қане барлығымыз оны шақырайық. «Ерке»! Музыка әуенімен Ерке қыз кіріп келеді.

Сайықмазақ: Міне ол да келді!

Ерке қыз: Мен қолымды жумаймын, тамақты жемеймін. Күні бойы жылаймын, ешкімді тыңдамаймын!!! А-а-а-а!!!

Сайықмазақ: Не боп қалды Ерке қыз? Ол жылап, еш нәрсені істегісі келмейді. Олай болса бәріміз бірге ойын ойнасақ қайтеді.

Ойын

Жүргізуші: Енді балалар онымен сөйлесу керек шығар.

Сайықмазақ: Ерке, жүр серуенге шығайық. Ауа - райы қандай тамаша! Әдемі!

Ерке қыз: Ал, маған жаман ауа -райы қажет... Жаусын жаусын. А - а - а - а - а - а !!

Ерке: Сайықмазақ! Балалармен қызықты, көңілді.

Сайықмазақ: Алақай! Таптым!

(Еркенің құлағына сыбырлайды)

Сен мүмкін тамақ ішерсің?

Ерке қыз: (Аяғмен топылдатып) Жемеймін!!!

Сайықмазақ: Сен мүмін тоңған шығарсын?

Ерке қыз: Ж- о - о - қ! Мен тоңған жоқпын ыстықтағанн жоқпын! А - а - а!

Сайықмазақ: Онда неге жылайсың, айғалайсың!

Ерке қыз: Неге араласасыңдар, айғайлаймын! Мен ешнәрсе ұнамайды! У- у -у!

Сайықмазақ: А -а! Мен білемін! Сен ауырып қалдың. Айтшы қане «А - а - а» деп.

Ерке қыз: Бэ - э - э!

Сайықмазақ: Дем ал.....Дем алма...(Айналып жүреді құлағымен тыңдайды)

Ерке қыз: Өзің дем алып, дем алма! (Көкірегін Еркенің тыңдайды )

Ия!!....Ого! Сайықмазақтың қасына жақындап, құлағына сыбырлайды.

Ерке қыз: Неге сыбырласып жатырсыңдар?

Сайықмазақ: Жарайды! Біз саған атамыз.

Жүргізуші: Бірақ сен ешкімге айтпа!

Ерке қыз: Ешкімге айтпаймын.

Сайықмазақ: Сен противус деген вируспен ауырыпсың. Ол сенің аузыңа жылап отырғанда кіріп кетіпті.

Ерке қыз: (Қорқып кетеді). Противирус? Ол не?

Жүргізуші: Көңілсіз, жылауық, жаман. Сондықтан сен де жағымсыз болып қалдың. Енді сен балаларға жақындама оларда жылауық болып қалады.

Ерке қыз: Жаман болғым келмейді.(Басын шайқап).

Сайықмазақ: Онда көңілді болып : «Противирус, кет!» - деп айта ғой!

Ерке қыз: Противирус! Ке! (Аяғымен топылдатады.)

Сайықмазақ: Ой қараңдаршы: Әне , әне кетті Противирус!

Ерке қыз: Балалар! Қане күлімдеңдер, шапалақ ұрыңдар, ол бізге қайтып, келмесін!

Жүргізуші: Ендеше мерекемізді жалғастырайық. Біздің балалар әжелеріне арналған әндері бар екен, соны тамашалайық.

Ән «Менің әжем, ақ әжем»

Сайықмазақ: Жарайсыңдар, балалар! Ерке? Сен де жарайсың.и Ал енді сен біздің балаларымызбен сәлемдес!

Ерке қыз: О! Бұл мен! (Әр бала жақындап амандасады.) Сәлеметсіңдер ме! Менің атым Ерке!Сенің атың кім? Өте жақсы!

Сайықмазақ: Сен алшақ тұрып сәлемдес!

Ерке қыз: Мен бұл жерден жете алмаймын (Алға тартылып құлап кете жаздайды).Ой - ей - ей! Балалар құлап қала жаздадым!

Сайықмазақ: Ерке! Сен балаларға «Сәлеметсіңдер ме?» деп сәлемдес.Балаларда сәлемдеседі.

Ерке қыз: Қане көрейін! (Дайындылып) Сәлеметсіңдер ме балалар?

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Ерке қыз: Сайықмазақ! Қандай қызық болды!

Сайықмазақ: Әрине, Ерке! Бүгін мереке, барлығының көңіл күйімізді көтерейік. Айтпақшы мына балалар аналарына кереметтей көмектеседі дейді Ай - ай - ай! Білмеймін! Білмеймін!

Жүргізуші: Олай болса Ерке қыз балалар сенің көңіліңді көтеріп би биле берсін!

Би: «Орамал жуу»

Ерке қыз: Сайықмазақ! Әй, Сайықмазақ! Қане айтшы сен ананды не үшін жақсы көресін?

Сайықмазақ: Анам маған кәмпит, ойыншықтар алып береді...

Жүргізуші: Тоқта, тоқта, тоқта Сайықмазақ! Аналарына арналған өлең шумақтарын тыңда.

5 бала: Апам менің «Айым» - дейді,

Мен мұңайсам уайым жейді

Апам мені «Күнім» - дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

6 бала: Айтатын көп әңгіме

Тыңдасаңыз бар енді

Бұл күні мен алдымен

Құттықтаймын әжемді.

7 бала: Құттықтаймын гүл беріп,

Өзімнің туған анамды

Адамдар қыз ұл болып

Аналардан жаралды

8 бала: Тақпақ айтып жатқан енді

Құттықтаймын әжемді.

Ол мен үшін қолдаған,

Бір алмасын қақ бөліп.

Сайықмазақ: Мерекеге қуандық! Ал енді балалар ойын ойнаймыз ба?

Балалар: Иә!!!

Ойын ата - аналармен бірге

(Ойын шарты: Екі ұл баланы шығарады, және сол баланың аналарын шағарады. Әр бала өз анасын сәндендіреді)

Ерке қыз: Сайықмазақ! Қандай көңілді. Қандай қызық. Енді міне қоштасар кез келді. Өте көңілді болды балалар. Сау болыңдар!!!

Сайықмазақ: Сау болыңыздар!Екеуі бірге әлі талай келерміз деп шығып кетеді.

Жүргізуші: Енді балалардың дайындаған тағы бір әндері бар,(Балалардың дайындаған сыйлықтары болса сыйлайды)

Ән «Аяулы анашым»

Жүргізуші: Осымен мерекелік бағдарламамыз аяқталды! Ешқашан ауырмаңыздар әрдайым әдемі, сұлу болып жүре беріңіздер.Мереке құтты болсын!!











Келісілді ______________ Бекітемін_____________

МКҚК № с/б басшысы МКҚК № с/б басшысы

Г.Д.Құдайбергенова Л.С.Серікбаева





Ортаңғы топтарына арналған

«Бүгін аналардың мерекесі» атты

8 наурыз ертеңілігі



Орындаған: Музыка жетекшісі:Д.Р.Евлоева

2016 - 2017 оқу жылдары







© 2010-2022