16 желтоқсанға арналған сабақтан тыс шара

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 15.12.2015ж.

Тобы: МАД «а» тобы.

Тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

Мақсаты: Балаларға «Тәуелсіздік» дегеніміз не екенін түсіндіру. Мемлекет рәміздері, Еліміздің тарихы туралы түсінік беру.

Міндеттері: Білімділік: Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Елбасын құрмет тұтуға, Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, туған елге деген сүйіспеншілігің арттыру.

Тәрбиелік: Отан -Ананы құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің Тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР Президентінің, рәміздерінің суреті, шарлар, слайд.

Барысы: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан.

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

- Қазақстан Тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

- Балалар, біздің Елордамыз қай қала?

- Астана.

- ... Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне осындай қала. Н. Назарбаев (Слайд арқылы Н.Назарбаевтың сөзін оқу)

- Біздің Президентіміз кім?

- Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы (слайд көрсету)

- Мемлекеттік рәміздерімізге нелер жатады?

- Ту, Елтаңба, Әнұран.

(Балаларға «Рәміздер» тақпағын айтқызып, рәміздерге жеке-жеке тоқталып, слайд көрсету) Бәрі: Рәміздер

Рәміздерім - елдігімнің белгісі,

Білу керек бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім - Әнұран, Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Тәрбиеші: Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың,

Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның.

Шартарапта шаттығыңдай азаттық,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

Көк Байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,

Шалқи берсін Әнұраны Қазақтың!

Хор: ҚР Әнұранын орындау.

1- оқушы: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің.

2- оқушы: Қазақстан

Ен даласын, егін жапқан,

Бар баласы,бақыт тапқан.

Менің жерім, Туған елім -

Күн сәулелі Қазақстан!

3- оқушы:Туған өлкем

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

4- оқушы: Желбіресе көк туым,

Көтерілер шоқтығым.

Қазақты әлем таныды,

Егеменді ел бүгін.

5- оқушы: Қыран самғап барады,

Күнді иыққа арқалап,

Тыныштықтың дәміндей

Туымдағы алтын күн.

6- оқушы: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: Әндірова Айару.

7- оқушы: Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

8- оқушы: Астана

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отаннның,

Мақтанышым -Астанам.

9- оқушы: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным - бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

10- оқушы: Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған.

11- оқушы: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба жарқыра.
Тарихымызда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата баба рухына.

12- оқушы: Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана .
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін».

13- оқушы: Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты өнегесі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

14- оқушы: Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

15- оқушы: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

16- оқушы: Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

17- оқушы: Қазақ деген пейілі кең, бай халық

Толды арманы егеменге айналып,

Бейбітшілік қорғанындай сенімді

Бейбіт өмір берекелі, келбетті.

18- оқушы: Тәуелсіздік - бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік - түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

19- оқушы: Алаштың туы асқақтады аспанымда,

Қазақ жері шыр айналды ақ танымда.

Қайта тірілді қазақ болып халқымыз

Егеменді , тәуелсіз Отан қас-қағымда.

20- оқушы: Өркеніміз даланың,

Ертеңіміз қазақтың.

Аманаты бабаның,

Тәуелсіз таң азат күн.

21- оқушы: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата баба рухына.

Видео клип: «Көк тудың желбірегені» (Балалар қолдарына жалаушалар мен шарлар ұстайды, біткесін шарларын ұшырады)

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым! дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне де келіп жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын! Келесі кездескенше сау- саламатта болыңыздар!


© 2010-2022