Тәрбие сағаты Күз аруы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: " Күз аруы"
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Сынып іші мерекеге сай безендірілген күздің жапырақтарымен көркемделген.

Күз маусымының алғашқы айы - қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толады. Әр жыл мезгілінің өз қызығы, өз науқаны бар.

Күз маусымының екінші айы - қазан. Бұл ай жиын-терін аяқталатын, диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.

Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Айнала қоңырқай тартады. Ағаш-қурай жапырағынан айырылып, орман-тоғай сирейді. Ол өзінің күнімен, өз көрінісімен әсерлі.
Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Бүгін сізге арналған,
«Күз аруы» сайысын бастайық.

Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп еңалдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.Күнсұлу-ата-аналар комитетінің төрайымы

2

3
Қол соғып, қошеметпен шақырамыз,
Мың бұралған аруларымызды сахнаға төріне шақырамыз.
1 ару: Бет пішіні, дене мусіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті: Бағданқызы Аяла

2 ару: Баппен сөйлеп, биязы күліп жүзі жылы, өзі ұян, тәні нәзік қыз Анарбек Ақниет

3 ару: Тақпақ айтып тақылдайды, топтың сабырлы да ұяны - Ержанқызы Ақжан
4 ару: Сөзі салмақты, ісі тиянақты, дене бітімі жинақы қыз Абайхан Ақмарал.
5 ару: Өзі тәтті бал - бұл жанған, тәні шымыр қыз Қилыбай Фатима.
6 ару: Сөзі өткір, өзі пысық, келбетті, сүйкімді қыз Талғатқызы Нұрай

7 ару: Әр нәрсенің мәні білетін ару-қызымыз Амандыққызы Нәзерке

Байқаудың шартымен таныс болыңыздар!

1.Таныстыру

2.Өз -өнерін корсету байқау «Өнерлі өрге жүзер»

3.Сұрақ жауап. «Тапқырлар, білгірлер, білімділер».

4.Сәндік киімдер«Сәндік киімдер»

5.Үй тапсырмасы

6. Ас мәзірі "Ас мәзірі" қорғау
1 - ші байқаудың шарты: Ал енді қымбатты арулар, Сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты өзін - өзі таныстыру.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Таныстырып өздерін ән салыпты
Бугінгі сайысымызға бәйге алуға
Арулар аянбай - ақ жан салыпты.
2 -ші байқау «Өнерлі өрге жүзер»
Бұл байқаудың шарты:
Аруларымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен өз өнерлерін көрсету сайысына түседі.

3-ші. «Тапқырлар, білгірлер, білімділер».
Ару қыздар билет таңдап алып сұраққа жауап береді.
4-ші. «Сәндік киімдер» үлгісі..
5-ші. Үй тапсырмасы «Жылдың төрт мезгілі».
Аруларымыз ата - аналарының көмегімен сурет салып келіп және әңгімелеп берулері керек.

6-шы "Ас мәзірі" қорғау
Аруларымызды ортаға қол соғып қошеметтеп аруларымызды шақырамыз. Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Хор "Алтын күз"
1. Бас жүлдеге иегер
2. «Көрермендер көзайымы».
3. «Өнерлі қыз».
4. «Мың бұралған биші».
5. «Көрікті қыз».
6. «Әдепті қыз».
7. "Сабырлы және нәзік" қыз

«Шебер ару»

Арулар , қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа,
Осымен сайысымызды аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық.









1.Күз туралы тақпақ
2. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Қарнын жарып аламыз,
Дәмді сондай ...(қарбыз)

1.Диқандар не жинайды? (егін)

2.Жұмбақ Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт!
Үзесің бірдей жүзін,
Оның аты ...(жүзім)

1.Күзде не жиі-жиі жауады? (жаңбыр)

2. Жұмбақ Дөп-дөңгелек доптай,
Одан дәмді жоқтай,
Мезгілсіз оны жұлма,
Оның аты ...(алма)

1.Жапырақ қандай түсті болады? (сары)
2.Жұмбақ.Дөп-дөңгелек, сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасын көріп,
Оның аты ...(өрік)

1.Күзде не піседі? (көкөніс)

2. Өсіретін бойынды,
Өсіретін ойынды.
Қоян жейтін көкөніс,
Сарғылт-қызыл ...(сәбіз)

1.Жылы жаққа нелер ұшып кетеді? (құстар)
2. Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Оның аты ...(шие)

1.Күзде ауа райы қандай? (салқын)
2. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ,
Күрең қызыл, шіркін-ай!
Оның аты ...(құлпынай)

1.Күз туралы тақпақ
2. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Қарнын жарып аламыз,
Дәмді сондай ...(қарбыз)



Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі

шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі







"Күз аруы"







Сынып жетекшісі :Баянбаева.А.Қ

© 2010-2022