Терек бұтағы тақырыбында сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ересек тобына арналған сабақ үлгісі

Білім беру саласы:Шығармашылық, танымдық.

Бөлімі:Сурет салу.

Тақырыбы:Терек бұтағы

Мақсаты:терек бұталары жайлы түсінік беру, ағаштарды өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратуға және терек бұталары суретін салуға үйрету,таза, ұқыпты жұмыс жасауға үйрету .

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар:ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: терек, бұтақтар.

Оқу іс-әрекет кезеңдері:

І. Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Біздің топтың ұл - қыздары,

Тату тәтті ойнайды.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық тілейді.

ІІ. Ұйымдастырушылық ізденістік

Тәрбиеші балаларға терек, үйеңкі, қайың жапырақтарын көрсетеді.

-Балалар, не көріп отырсыңдар? Жапырақтар қайда өседі?

-Балалар бүгін біздің сабағымызға ақ лақтың қатысқысы келеді.Рұқсат етесіңдер ме?Ол жапырақтарды қалай салатынын үйренсем деп келіпті. Төрлет, ақ лақ.

Балалар, қазір қағазға терек бұталарының суретін саламыз, теректің бұтақ шоғырының түрі пирамидаға, жапырағы жалпақ, сағақты, ромб пішініне ұқсайды.

Терек жапырағы шыққанша гүлдейді.Терек ағашынан сіреңке, қағаз жасайды.Тәрбиеші терек бұтасы үлгісін қағазға түсіріп,бараларға салу жолын көрсетеді.

Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Билингвальды компонент

Сергіту сәті:

Тышқан шығып іңінен

Жем іздейді түнімен.

Қарны ашқанын ол қалай?

Жеткізеді үнімен?

Сергіту сәті:

Тышқан шығып іңінен

Жем іздейді түнімен.

Қарны ашқанын ол қалай?

Жеткізеді үнімен?

Күзетші күшік саққұлақ

Үй күзетіп шапқылап.

Дыбыс шықса қаттырақ

Қалай,қалай үреді?

Балалар алдын ала дайындалған терек жапырақтары таратылып беріледі.Терек жапырағы ең әдемі екенін анықтайды.

ІІІ.Рефлексиялық-түзетушілік.

-Балалар сабақ ұнады ма? Сабақта ненің суретін салдық?

Сурет көрмесін ұйымдастыру.Балаларға алғыс айту.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:терек түрлері жайлы түсініктері молаяды.

Игереді:терек түрлері және оның бұталарын қағаз бетінде түсіру ерекшліктерін игереді.

Меңгереді: сурет салу дағдысы қалыптасады.


© 2010-2022