Классный час на тему Ана өмір шуағы дошкольники

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана-өмір шуағы

Аналар мерекесіне орай әсем безендірілген залға балалар музыка әуенімен кіреді.

Тәрбиеші:

Тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күннің,әр айың.

Ортаға екі тәрбиеленуші Маржан мен Мәди шығады.(2жүргізуші)

Маржан: Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар!Ақ жаулықты әжелер,асыл да,аяулы аналар,балабақшамыздың ұстаздары,ару қыздар!

Мәди: Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Маржан: Мәди,білесің бе,ана деген керемет асыл жан.Менің анам қалағанымды алып беріп,түн ортасында шөлдесем тұрып шырын береді.

Мәди: Ал менің анам ұйықтар алдында ән,ертегі айтып,оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Маржан: Ән демекші,бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әсем әнмен бастасақ,оған қалай қарайсыз?

Мәди: Әрине,өте дұрыс айтасың,мейірімді де,сүйкімді аналар мен әжелерге «Айналайын,ақ мамам» әнін арнаймыз.Қабыл алыңыздар!

Тәрбиеші: Аналарға енді жырдан шашу шашайық.

Жыл басы-Наурыз мереке,

Нұрға әлем боянды.

Аналар тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

Аружан:

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп демалам,

Құшағыңда қысылмай.

-Ал,енді балалар мен сіздерге чуваш халқының «Ана туралы аңыз» деп аталатын ертегісін айтып берейін.Мұқият тыңдаңдар.(Тәрбиеші балаларға ақжаулықты ананың ауырып қалған сәтінде балаларның қол ұшын беріп қарайласпағанын,ол әрекеттері үшін балаларарының кейіннен өкінгені жайында әңгімелеп береді).

Музыка әуенімен залға Көктем келеді.

-Арамызға қош келдің,Көктем.

-Балалар,мен сендерге сиқырлы көктем гүлін ала келдім.Ондағы тапсырмаларды орындайсыңдар ма?

(Балалардың жауабы)

-Олай болса,тапсырманы орындамас бұрын мың бұралған биші қыздарымыздың өнерін тамашалайық.

-Ал,енді сиқыырлы гүлдің тапсырмаларын орындайық.

1.Көктем туралы ән,тақпақ.

2.Аналарға арналған өлең шумақтары.

3.Әжелерге арналған өлең шумақтары

4.Ана туралы ән.

5.Қызықты ойындар.

6.Орыс тілінде өлең шумақтары,ән(«У меня есть бабушка»)

7.Ата-аналармен ойын.

«Гүлдер биі»

Сиқырлы гүлдің тапсырмасы бойынша балалар өз өнерлерін көрсетеді.

Маржан:

Ана мен баланың айырмасы.

Бірі әні,бірі оның қайырмасы.

Мәди:

Болғанда әке-дәулет,ана-бақыт. Тағдыр оларды бір-бірінен ешқашан айырмасын!

Ән. «Ана»

Тәрбиеші:

Құтты болсын осы шаттық күніміз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

© 2010-2022