Бауырсақ ертегісіндегі персонажды мүсіндеу

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Бауырсақ»
Мақсаты: «Бауырсақ» ертегісіндегі персонажды мүсіндеу. Қоян, бауырсақ, түлкі,аю, қасқырдың дене құрылысы мен ерекшіліктері туралы білімдерін кеңейту, мүсінін жасауға үйрету. Қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, мүсінді жасауға деген ынтасын ояту, аңдарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ойыншықтар, үлгі суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: Ермексаз, тақтайша, су, сүрткіш, пышақ.
Оқу іс-әрекетінің кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбер:
- Балалар, бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлайықшы. (Бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, апайлармен амандасады )
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты!
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң апайлар!
Ұйымдастырушылық ізденушілік: -Балалар, қазір «Бауырсақ» ертегісін айтып көрелік.Балалар ол үшін біз жақсылап тұрып қасқырдың, қоянның, түлкінің, аюдың мүсінін жасап, ертегіні қайтадан суреттеп көрелік. Ал қане мүсінін жасап көрейік.
- Балалар қоянның денесі қандай?
-Дұрыс айтасыңдар балалар оның денесі ұзын, иілгіш, қарғуға, секіруге өте икемді.
-Оның құлағы қандай?
-Иә балалар, құлағы ұзын, дыбысты жақсы сезеді.
-Балалар,қасқыр қайда тіршілік етеді?
-Аю қандай аң?
-Түлкі қандай аң?
- Балалар, жазда қоянның түсі қандай болады? Қыста ше?
Дидактикалық ойын:
«Ойлан тап»
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Өз ойын шапшаң және нақты жеткізуге дағдыландыру.
Шарты: Әр түрлі шатасқан аңдардың құйрығын балалар аңдардың қасына апарып сәйкестендірулері керек.
- Ой , жарайсындар балалар ойын сендерге ұнады ма?
Орындау тәсілін көрсету:
-Балалар әр аңның мүсінін жасау үшін қандай ермексазды қолданамыз?
- Ал, көздерін мен мұрнын жасау үшін қандай ермексазды қолданамыз.
Олай болса балалар, ермексаздың бір кесегін бірдей үш бөлікке бөлеміз: Бірінші бөлігі-денесі. Екінші бөлігі- бас пен құлақтары. Үшінші бөлігі: аяқпен құйрықшасын.
Сергіту сәті.
Балалар талдайды.
-Ой, жарайсындар балалар. Жұмыстарың сәтті шықты, сондай керемет, шебер мүсінші екенсіңдер.Енді ертегіні осы жасалған мүсінмен сомдап көрейікші.

© 2010-2022