Ойыншықтар әлеміне саяхат ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ойыншықтар әлеміне саяхат ашық сабақ Ойыншықтар әлеміне саяхат

Мақсаты: Ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту. Ойыншықтарға қызығушылықтарын ояту, ойын ойнау арқылы ой-өрісін тілдерін дамыту. Ойыншықтар бейнесіне еніп ойын ойнауға қызығушылықтарын ояту.

Көрнекілігі: Ойыншықтармен безендіру. Дүкенді ойыншықтармен толықтармен толықтармен толықтыру.

Түрі: Саяхат Тәрбиеші: Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн балалар,

Қайырлы күн қонақтар.

-Балалар қонақтармен амандастық енді алақан жылу арқылы бір-бірімізге жылы лебіздерімізді тілейік.

-Деніміз сау болсын!

-Нанымыз көп болсын!

-Мамамыз ауырмасын!

-Отанымыз тыныш болсын!

-Тіл алғыш бала болайық!

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Бүгін біз ойыншықтар әлеміне саяхатқа барамыз.

Ойыншықтарым көп менің

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай

Олармен ойнап жүремін-деп, балалар ойыншықтармен кім ойнайды?

-Балалар

-Ұл балалар қандай ойыншықпен ойнайды?

-Машинамен

-Қыз балалар қандай ойыншықтармен ойнайды?

-Қуыршақпен

-Ойыншықтар туралы тақпақ білемізбе?

-Иә

Әлнұр: Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Жуындырып, тазалап

Күтіп ұстап жүремін.

А.Аружан: Біздерде бар қуыршақ

Бұзау, қозы, құлыншақ

Ойыншықтар тыңдайды

Айтқанымнан шықпайды.

Мейіржан: Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Олармен ойнап жүремін.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Енді біз ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығайық. Саяхатқа шығу үшін бізге көлік керек. Қандай көлікпен барамыз?

-Автобуспен

-Автобусты кім жүргізеді?

-Жүргізуші

-Міне біздің көлігіміз келді.

-Жүргізуші

Агу: Машинамын, көлікпін

Мамандарға керекпін

Үйренген соң білімді

Білесіңдер тілімді.

-Біздің көлігіміз келді. Енді жайлап көлікке мінейік. Көлік үстінде қандай ережелерді сақтау керек.

-Шуламау керек

-Терезеден басты, қолды шығаруға болмайды.

-Міне балалар біз ойыншықтар әлеміне келдік.

-Оның есігі шармен жабық тұр екен. Ішіне кіру үшін шарды жарып ішіндегі тапсырманы орындауымыз керек.

-Шарды кім жарады?(шарды жарып тапсырманы орындайды).

Тапсырмалар жұмбақтың шешуін табу.

Орманды жортып, қорбаңдап,

Жүреді теріп құлпынай

Үп-үлкен боп қорқады

Кіп-кішкене арадан.

(аю)

Құлағы ұзын, құйрығы қысқа,

Жақсы көреді сәбізді

(қоян)

Үстінде әдемі көйлегі

Шашында әсем бантигі

Қыздардың сүйікті ойыншығы

(қуыршақ)

-Міне балалар есікті аштық енді ішіне кірейік.

-Бұл кім?

-Дүкенші

-Балалар дүкеншімен амандасайық

Дүкенші:Сәлематсыздарма балалар!

Ойыншықтарым көп менің,бәрін жақсы көремін

Өнеріңді көрсетте,ұнағанды таңдап ал

-Кім ойыншық алғысы келеді?

Әділер:Маған қасқыр ұнайды

Мен қасқырмын

Малшыны састырдым

Аш болсам ұлимын

Ауылды торимын

Гүлдана:Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалды сыбырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді

Ажар:Күшіктерім титімдей

Жақсы көрем итімді

Төрт күшіктің біреуін

Таңдап алдым сүйкімді

Жания:Ойыншығым қонжығым

Анасында білмейді

Қорбаңдаған аюды

Түсінде де көрмейді

Гүлсезім:Мен тышқанмын,тышқанмын

Тарыны жақсы көремін

Үй ішін жорытамын

Мысықтан қорқамын

Сабина:Ойыншығым қояным

Алдыңа сәбіз қоямын

Өзім жеп,әбден тоямын

Б.Аружан:Добым-добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап

Үстел үстін бүлдірдің

Тарелкені сындырдың

Арай:Шкафтарды ашпаймын

Кітаптарды шашпаймын

Текшелерден үй жасап

Қызық ойын бастаймын

Қарақат:Ойыншық,ойыншық

Сен неге күлмейсің

Бір ауыз жақсы сөз

Айтуды білмейсің

Мерейлім:Тату өскен баламыз

Айтқан тілді аламыз

Нанға кетсе мамамыз

Үйде ойнап қаламыз

Роза: Достар бірге жүреміз

Бірге ойнап күлеміз

Бірге балық аулаймыз

Міне біздер қандаймыз

-Жарайсыңдар.

Тәрбиеші; - Құлақ түре қалдыңба?

  • Қызығына қандыңба?

  • Мультфильмдер мың түрлі

  • Ертегілер алдында.

  • Мен сендерге бір қызық ертегі айтып берейін.

Саня қыз-Аружан

Қоян-Гүлдана

Аю-Жания

Қуыршақ-Сабина, Қарақат

Құстар-Мейіржан, Айзада

Бір күны Сания деген қыз болыпты. Оның Атасы, Апасы, Папасы ойыншықтарды алған сайын оған ойыншықтар сыйлайды. Сания бір күні ұйықтап қалғанда ойыншықтар дауласыпты. Сондағы қыз қайсыларын жақсы көреді.

Сания қыз мені жақсы көреді.

Қоян: Жоқ Сания қыз мені жақсы көреді. Өйткені мен улкенмін, мені кейде жастанып алады.

Құстар: Сендер неге дауласасыңдар. Сания қыз барлықтарыңды жақсы көреді, ол тек ойнап улгере алмайды,-дейді.

Қарақат: Әй қуыршақ, қуыршақ

Жуынбайсың, жуынсақ

Беті-қолдың батпағын

Елең қылмай жатпағын

Қашан адам боласың?

Сабина: Әй қуыршақ, қуыршақ

Су әкел деп қиылсақ

Бетті теріс бұрасың

Бедірейіп тұрасың

Қашан адам боласың?

-Тобымызға баратын уақыт болып қалды, барлығымыз дүкеншіге ойыншықтар өлеңін айтып берейік.

Біздерде бар ойыншық

Бұзау, қозы, құлыншақ

Ойыншықтар тыңдайды

Ақыл айтсақ, бұйырсақ

Қуыршақтар ұйықтайды

Айтқанынан шықпайды

Бұзау, қозы, құлыншақ

Ұйықта десең ұқпайды

Тыңдамайды ұрысса

Осылары дұрыс па?

Тентектігін тимасы

Тұрғызамыз бұрышқа.

-Балалар кәлігімізге отырып тобымызға барайық.

-Бүгін біздер қандай елге саяхатқа бардық?

-Ойыншықтар еліне саяхатқа бардық.

-Онда қандай дүкенге кездестік?

-Ойыншық дукенші бізге ойыншықты бере салдыма?

-Қандай өнерлеріңізді көрсеттіңіздер?

-Қандай ертегі тыңдадыңдар?

-Ойыншықтармен бір мезгілде бәрімен ойнап үлгере аламызба?

-Ойнап болғасын ойыншықты қайда қоямыз?

-Сөрелерге жинап қоймыз.

-Біздер міне бақшаға келдік.

-Балалар саяхатымыз осымен аяқталды.

-Балалар сендерге саяхат ұнадыма?

-Иа.

№ 15 С. Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп



Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»



Тәрбиеші: Наурызбаева Ләззат

2014 жыл.



© 2010-2022