1 саны және цифры

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Тобы: 3

Күні:

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы: 1 саны және цифры

Мақсаты:

а) 1 саны және цифрымен таныстыру; бір затты анықтай алуға үйрету; заттардың белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай жіктеу қабілетін қалыптастыруды жалғастыру;

ә) балалардың сөйлеу қабілетін мен зейінін, саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту;

б) тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалардың өткен сабақта танысқан фигураларды еске түсіруді сұрайды. Соған сәйкес келетін заттарды табуды тапсырады.Жұмысты «Жасырынбақ» ойыны түрінде ұйымдастыруға болады. Содан кейін суреттерді талдауға шақырады:

  • Олар қандай фигуралардан құралған?

  • Бұл заттар қалай аталады?Оларға ортақ атау (көліктер) беруге бола ма?

Суреттердің өздері білетін қандай фигураларға ұқсайтынын айтады.


Балалар ойынға қосылып, пішіні жағынан әртүрлі заттарды табуға кіріседі. Көлік түрлерін атап көрсетеді: пароход, паровоз немесе кеме, жүк машинасы. Суреттерді талдайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Тәрбиеші топтағы заттарға ортақ атау беріп, оларды көлік деп атауға болатынын айтқан балаларды мадақтайды. Картиналарды мұқият қарап шығуды ұсынады.

-Картиналарда ненің суреті салынған?

-Автобус нешеу?Трактор нешеу екен?

Картинада неше жүк көлігі бар?

-Суреттегі заттарға қандай ортақ атау беруге болады? (Бұл-көлік.)

-Көліктің басқа қандай түрлерін білесіңдер? (мотоцикл, велосипед және т.б.)

-Мұнда неше автобус бар? (біреу) Трактор нешеу? (біреу) және т.б.

Бүгін біз 1 санымен және цифрымен танысамыз. 1 туралы өлең оқып береді. 1 - дің бейнесіне ұқсайтын суреттер көрсетуге болады.

«1»-ге ұқсайтын не?

Ол-кәдімгі ине.

Сабақтап жіп іл де,

Қада онымен түйме.

Дәптерлеріңді ашындар.1-тапсырмада ненің суреті салынған?Жүк көлігі нешеу? Ол қандай цифрымен белгіленген?Санға қараңдар. Ол туралы тақпақтар тыңдаңдар (бір саны туралы балалар білетін 1-2 тақпақты айтады).

-Дәптердегі жаңа шартты белгіні қараңдар және оны саусақпен сызып шығыңдар.Кәне, оң қолымыздағы (солақайлар сол қолын) сұқ саусағымызды дайындаймыз. Енді 1 цифрының бойымен бірінші жоғары қарай, сосын төмен қарай саусақпен сызамыз. Цифрлардың бәрін саусағымызбен сызып шығайық. Ал енді қарындашымызды алып, цифрларды төменгі жағынан бастап сызамыз. Ізбе -ізділікті сақтаймыз. Қай жақтан бастап жазамыз?

Саусағымызды жаттықтырамыз (№1 технологиялық картаны қараңыз). Содан соң 2 -тапсырманы орындауға кірісеміз. 1 цифрын тауып, оны қалаған түспен бояймыз.

Оларға көлік деген жалпы атау береді.Олардың әрқайсысы бір-бірден екенін анықтайды.1 цифрымен танысады.







Дәптердегі 1 цифрын саусағымен алдымен жоғары қарай, сосын төмен қарай сызып шығады. Содан соң цифрларды қарындашпен сызады.







Саусақтарды жаттықтырады. Әр бала өзі ұнататын түсті таңдап алады және бояйды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Сабақты қорытады. «Біз қандай санмен және цифрмен таныстық?» «ауаға 1 цифрын «жазып» көріңдер. Енді оң аяқтың, сол аяқтың ұшымен еденге жазамыз». Балаларды мадақтайды.Бүгінгі және бұрынғы сабақтарда өткенді тиянақтау үшін 3-тапсырманы береді.

-Алдымен тапсырманы шартты белгі бойынша «оқимыз». Тиісті фигураларды жапсырыңдар. Содан соң мынадай сұрақтарға жауап береміз: «Қай фигура бір-бірден? Бір-бірден берілген фигуралардың түсі қандай?»

Әр баланы мадақтайды және үстелдерінің үстін реттеулерін сұрайды.

Ауаға және еденге 1 цифрын «жазады». Бір-бірден тұрған фигураларды табады. 3- тапсырманы орындайды.

Сабақты қорытады және жұмыс орнын реттейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1 саны мен цифрын;

Игереді: 1 цифрын дұрыс жазуды;

Меңгереді: бір - бірден тұрған заттарды тауып, 1 цифрын тануды.



© 2010-2022