Сабақ жоспары Тақырыбы: Орманың тіршілігі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Білім беру саласы:

Таным

Бөлімі:

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:

Орманның тіршілігі

Мақсаты:

Қыстап қалған жануарлар, құстар, ағаштар тіршілігімен таныстыру.

Міндеті:

Жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталу, сурет бойынша әңгіме құрастыру, тірі табиғатта қамқорлық болуға тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Қыстайтын құстар мен құстардың суретімен карточкалар

Конвертегі хат

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы

Есікке тарсылдаған дыбыс естіледі.

Балалар сықырлаған қар дыбысын естідіңдер ме? Біреу келді ғой деймін деп тәрбиеші есік ашып қараса ешкім жоқ, бірақ жерде жатқан конверттегі хатты тауып алады.

«Балалар бізге жедел хат келіпті. Қане оқып көрелік бұл кімнен келіпті екен.

Балалар мен сендерді ертегі қысқы орманға қонаққа шақырамын, сендерге өте қызықты болады, бірақ менің тапсырмаларымды орындауларын қажет болады деген екен. «Орманшы»

Орманшы, деген ол кім?

Балалар орманшының шақыруына келісеміз бе?

-Қалай ойлайсыңдар, орманға машинамен, пойызбен баруға болама? -Дұрыс,

-Енді не істедік?

-Жақсы, балалар біз жаяу орманға барайық

Ендеше екі топка бөлініп, барайық, І топ- өнер орталығына барады, орманшының достарына сыйлық дайындайды, ал, ІІ топ -табиғат бұрышына ертегі қысқы орманға, орманшының қызықтарымен танысуға барамыз.

Балалардың жауабы

Балалар ертегі қысқы орманға баруға және орманшының тапсырмаларың орындауға келіседі.

- Қысқы орманға машина, пойызбен бара алмаймыз, өйткені жолдарды қар басып тастады.

-Жаяу барайық.

Балалар келіседі.

Балалар екі топка бөлінеді

Ұйымдастыру- іздестіру







Сергету сәті»

Ашық алаңға келдіқ . Қандай керемет ашық алаң!

-Алаңда кімді көріп тұрсындар а?

Орманшы: Балалар мен сендерді өзімнің достарымен таныстырғым келеді.

Дидактиқалық ойын: «Шатаспақ»

Мақсаты: Қыстап қалған жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталу, сурет бойынша әңгіме құрастыру,ойлау қабілеттерің дамыту

Шарты:балалар суреттерге қарап, ормандағы қателерді тауып алып, дәлелдеу керек мысалы: «Қасқыр алақаның сорып жатыр»

- Мынау ненің құйрығы?

-Мынау ненің басы?

-Ненің көлеңкесі?

-Суретші не шатастырды?

- Ертегі орманда қандай қате көріп тұрсыңдар?

-Балалар, қандай аң өз ізін сыпырып жүр?

-Түлкі қандай уақытта аң аулауға шығады ?

-Ал, қыста ненің іздерін көрмейміз?

-Кім біледі неге аю алақаның сорады?

-Ал қандай аң із тастайды?

Дидактиқалық ойын: «Енесімен төлі»

Қасқыр тұрады немен....

Түлкі тұралы немен...

Аю тұрады немен...

Қоян тұрады немен...

Тиін тұрады немен...

«Аңдар қалай қыстайды...»

Мақсаты: сипаттап айтуға үйрету

«Қоян: оппы қардан секірді бұтадан-бұтаға.

Қыста қоян ақ болады, тоны оның жылы, үлпілдек. Қоян қардың астында ұықтайды, тығылады.»

Жабайы аңдарды слайд арқылы көрсете отырып, олардың тіршілігі, мекендейтін орны туралы әңгімелесуді жалғастырады

Аңдардың кимыл-қозғалыстарын көрсету

Дәптермен жұмыс. «Ненің ізі»

Мақсаты:аңдардың іздерін тауып алып сызып көрсету

Дәптермен жұмыс:«Аңдарды қоректендірейік»

Мақсаты:жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу, немен қоректендіретінін талдау түсіндіру.

Шарты: дәптерде жабайы аңдардың суреті салынған сәбіз, қырыққабат, шөп, алма, жидек, сүйек,бал-суреттері бейнеленген- балалар сызып қосу керек

Дидактикалық ойын: « Жыл құстары мен қыстайтын құстар»

Мақсаты:Жыл құстарды қыстайтын құстардан ажырату

- Суретте қандай құстар көріп тұрсыңдар?

- Ал ол құстар қалай аталады?

- Басқа қандай қыстайтын құстарды білесіңдер?

Қайшыауыз қыста балапан шығарады

Шарты: Үстел үстінде құстардың суретімен карточкалар қыстайтын құстарды « ұлпақардың» астына, ал жыл құстарың «күннің қөзінің» астына апарып қой.

Орманшы: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге тағыда тапсырма дайындадым

Сендер білесіңдер ме ағаштар қыста не істейді?

« Менім ашық алаңымда ағаштар тұр, сендер олардың аттарын айтындаршы -

Дидактиқалық ойын «Ағашты ата, салыстыр»

«Ағашқа жүгір, ата» ойын

Мақал мәтел:

«Ағаш тамырымен мықты, адам дос-жорамен мықты

Орманшы

орманшымен амандасад

Балалар суреттерге қарап, ормандағы қателерді тауып алып, дәлелдейді

- Қыста кірпі мен аю ұйықтау керек,

- тиін тоқсары, қыста сұр болады.

-Түлкі түнде аң аулауға шығады

-Аю, кірпі, борсық

-Аюдың алақанының тересі өзгеріледі, сондықтан ол оны солай жылытады

Слайд

бөлтірік

жәутік

қонжықпен

көжекпен

тиінмен

Слайд: қоян, қасқыр, түлкі, аю, тиін

қоян

Балалар дәптерде жұмыс жасайды, сызып қосып аңдарды қоректендіреді

Суық торғай, шымшық,

Қыстайтын құстар

Торғай, қарға, тоқылдақ

Қайшыауыз

Слайд «3 шырша мен 1 емен»

Балалардың жауабы

Ағаштар қыста ұйықтайды.

Шырша, емен, шадра, аққайын

мысалы: Қыста да, жазда да жасыл, қысқы індері бар,тікенктері бар, шырша жаңғағы бар,жаңа жылда балалар оның касында шеңбер құрады

Мақалды тыңдау, талдау.

Рефлексивті-түзетуші

«Мен мақтайым өзімді не үшін?»

Балалар бізге не келді? Балаларды мадақтау

Балалар қандай жұмысты жақсы атқарғанын айтып шығады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Қыстап қалған жануарлар, құстар, ағаштар тіршілігімен танып, олардың ерекшеліктерін білу керек.

Нені игереді:

Табиғатты сүйюге, қамқор болуға, құрметтеуді игереді.

Нені біледі:

Табиғаттың қарапайым өзгерістерін атау, байлығы мен пайдасы туралы ауа райының құбылыстарын ажырата білуге үйренеді.


© 2010-2022