Мақала тақырыбы: Бала тәрбиесі-баршаға ортақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бала тәрбиесі- баршаға ортақ.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтар қолында,ал жас ұрпақ тағдыры- ұстаздар қолында».

Н.Ә.Назарбаев.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі.-дейді ұлы ойшыл Абай атамыз.

Бала- ата-ананың қолына берілген аманат,ата-ана өмірінің жалғасы.Ал, ата-ананың бала үшін тілегі- адам болып өскені. Адамдықтың тірегі- адал болып өскені.

Ендеше, күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы да - жақсы тәрбиеленген адам.

Адамның қалыптасуы бала кезден басталады.

Ұлы ғұлама Әл-Фараби айтқандай: «Адамға ең бірінші білім емес,рухани тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы.Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».

Бала-қымбат болса, баланың тәрбиесі одан да қымбат.Баланың бастапқы тәрбие мектебі-отбасы, екіншісі- алтын ұя мектебі.Бұл екі ортаның мақсат, мүддесі ортақ.Қазіргі таңда бала тәрбиесінде басым бағытқа ие болып отырған да -осы білім ордалары.

Білім -адамды надандық тұмшалаған қараңғы қапастан жарық, кең әлемге алып шығады,ол адам баласының ортақ қазынасы.Ибалы ұл, инабатты қыз болып өсуі үшін перзенттеріміз ғұламалар айтқандай «Тамақтан аш қалса да, парасатқа тоқ болғаны абзал».

Білім алу жолында табандылықтан артық іс жоқ. Өйткені ілім-кісіні ізет пен абыройға жетелейтін құрал.

«Бір ұл тәрбиелегенің бір әулетті тәрбиелегенің, бір қыз тәрбиелегенің- бір ұрпақты тәрбиелегенің» - дегендей бастауыш сыныпта үздіксіз білім беруде тәрбиенің басты кезекте тұратыны ләзім.

«Жарық күні ғаламның,анасы да адамның-ұстаз».Кішкентай баланың ғылымға махаббатын оятатын да,тұлғаны тәрбиелеуші де - жақсы ұстаз.Ұстаздықтың өзі- ұлы еңбек.Дүниедегі барлық қуаныш,жақсылықтың көзі де -осы еңбекте.

«Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді!» -дегендей үнемі үздіксіз ізденісте жүретін ұстаздарымыз бала тәрбиесі жолында қалалық ,облыстық түрлі сайыстарға жиі қатысады.

Бала-өмірдің жалғасы,барлық жақсыны балаларға арнайтынымыз анық.-«Ұлы адамның бойында ұлы іс жүреді», «Адам -еңбегімен , бала -білімімен көркем» екендігін көрсетеді.

Өмірдің өзі-ұлы ұстаз, біз өмір ағымында- баланың бақытты балалық шағын өнер,өлең өрісімен кеңейтіп өзгеге үлгі ету үшін, баланы еңбекке,қолөнерге,спортқа,өнер,ән-күй,биге баулуды Отанымыздың ошағы саналатын -отбасынан бастап,ұлт болашағы -ұрпақ тәрбиесінен басталатынын «Бала тәрбиесі- баршаға ортақ» деген ұлағатпен киелі білім ордасында табыстармен дәлелдеп келеміз.

Ата-ана-отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері болса, тәрбиенің ең тамаша мектебі-осы отбасы болып саналады.

Қазақтың тағдыры,келешегі мол ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына тіреледі.Олай болса,тарихта тұлғаны қалыптастыру жолында тағылымды әрекет етіп келеді.

Рим философы Сенека «Бәрінен де күшті адам-өзіне -өзі сенетін адам» дейді, біз өзімізге,болашақ ұрпақтарымызға сенеміз, өйткені олар іздесе-табатындығын,талаптанса-жететіндігін, зейін салса-ұғатындығын біледі.

Тәрбие-өмір бойы жалғасады,сондықтан тәрбиелеу ісі тоқтамайды,ал өзін тәрбиелеуді тоқтатқан жан -өмір сүруін тоқтатқанмен бірдей болатыны анық.

Өмірдің мәні де сол- өткеннен ұлағат алу...Біздің парызымыз-ұлт мұрасын ұрпаққа жеткізу.

Бүгінгі таңда біз болашағымыз жарқын бақытты ұландарымыз барда «Жанарымыз- от,жүрегіміз-жалын, көңіліміз-көл,

Керегеміз -кең, тереземіз-тең іргелі елміз»-дегім келеді.

Найзабекова Г.М.



© 2010-2022