Кеңес: Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



"Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту"

Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені тіл адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы.

Тіл мәдениетін меңгеру - адамның сәби шағынан іске асатын, келе-келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин балаларды оқыту - тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармашылығының маңызды орын алатынын айта келіп: "Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да, еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес" - деген болатын. Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты - жас ұрпақтың ой-өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика мен "Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында" сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне назар аударады. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі - тіл болып табылады.

Сондықтан оқу жылында жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, жұмысында өте мұқият қарау қажет.

Ол үшін әр тәрбиеші, бақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалдарды ыждағаттықпен оқып, үйренуі керек. осыдан соң қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалдарды, балаларға қойылатын нақты сұрақтарды дайындап жоспар жасайды.

Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат - баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету.

Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту, ой - өрісін кеңейту жұмысында топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау керек. Сонда ғана оқыту - үйрету ісінде неге көңіл бөлуге болатынын айқындалады. Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізінде нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізіледі.

1. Әңгімелеу, әңгіме құрастыру

2. Сөзді түсініп айту дәрежесін байқау.

а. Балаға бірнеше таныс заттар мен ойыншықтарды көрсетіп сұрап, түр-түсін, атын, пішінін айтқызу.

ә. Тәрбиеші бір затты айтады, бала сол затты танып әкеліп беруі керек.

б. Балаға күн сайын жиі пайдаланатын заттарды суреттен көрсетіп, оның атын, қажеттілігін айтқызу.

Тілді үйрету әдісі:

1. Еліктеу әдісі

2. Сөйлеу әдісі

3. Қайталап айту әдісі

4. Құрастырып айту әдісі

Бала сөйлеген кезде қолдап отыру қажет. оған қысқа жауап бере салмай, мүмкіндігінше әңгімеге айналдыру керек. Баланың ақыл ойы мен тілінің жетілуі үшін зор мәні бар сенсорлық қасиеттері тез даму үстінде болады.



© 2010-2022