Ашық сабақ Көктем гүлдері

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта. Шығармашылық
Бөлімі: Экология. Сурет
Тақырыбы: Көктем гүлдері
Мақсаты:

Білімділік: Балаларға көктем мезгілі және көктем гулдері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ақыл ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Әдептілікке, үлкенді сыйлауға үйрету.

-Балалар шеңбер бойына тұрып шаттық шеңберін жасайық.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Қонақтарға сыйлайық
-Бәрекелді, қандай тамаша! Мен сендер сияқты ақылды, сүйкімді, тәртіпті балалардың болғанына өте қуаныштымын. Енді бәріміз орнымызға барып жайғасып отырайық.

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше, қызық болмақ. Сабақтың тақырыбы «Көктем гүлдері»

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші.

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға толады.

Ағаш басы бүршік ашып,

Гүл бәйшешекке толады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай мезгілде болады?

-Дұрыс балалар, қазір көктем мезгілі.

-Орыс тілінде көктемді весна деп атаймыз.

-Кәне қайталап айтыңдаршы.

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Қазір көктемнің қай айы?

-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Есік қағып почташы келіп

-Сәлеметсіндер ме! Бұл «Еркетай» тобының бүлдіршіндері ме, сіздерге орманнан посылка келді.

-Сау болыңыз!

-Балалар қараңдаршы қандай әдемі посылка, ішін ашып көреміз бе?

(посылканы ашқанда ішінен шарлар ұшып шығады.)

-Ой, балалар қандай әдемі шарлар, қараңдаршы мына шардың ішінде хат бар екен.

-Оқып көрейін бе, балалар?(шарды жарып хатты алады)

-Құрметті балалар, сіздерді туған күніме шақырамын. Қоян.

-Барамыз ба, балалар?

-Біз қоянға құр қол бармайық. Қоянға ерекше көктем гүлдерінің суретін салып, сыйлайық.

-Балалар сурет салмақ бұрын мен сендерге алдымен көктем гүлдері туралы әңгімелеймін.

-Балалар бұл Бәйшешек гүлі.

-Бәйшешек- сәндік өсімдіктер. Бұл бәйшешек гүлі өзі кішкентай болса да суыққа төзімді, қар ерісімен шығатын түсі ақ гүл екен.
-Бәйшешек орыс тілінде- подснежник деп атайды. Кәне қайталап айтыңдаршы.

-Мынау бақ-бақ гүлі.

-Бақбақ -көп жылдық, жол жиегінде өсетін гүл. Оның тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады.

-Бақбақтың түсі қандай?

-Орыс тілінде- одуванчик деп атаймыз, кәне бәріміз айтайықшы.

-Мынау қызғалдақ гүлі.

-Қызғалдақ көп жылдық өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жие кездеседі.

-Қызғалдақтың түсі қандай?

-Қызғалдақтың жапырағы қандай түсті?

-Орыс тілінде- тюльпан деп атайды.

-Балалар шаршадыңдар ма, ендеше бір сергіп алайық

Сергіту сәтті

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.

-Балалар, сендер көктем гүлдері туралы біраз білдіңдер. Ендеше «Себетке гүлді жина» ойынын ойнайық.

Шарты: Бала бір гүлдің суретін алып, себетке салмас бұрын оның атын, түсін айтады.

-Енді балалар қоянға сыйлайтын суретімізді салайық.

Триз технология бойынша гүлдің суретін шыныға салу. Гүлдің сурентін салу жолдарын көрсету.

-Мне балалар суретіміз де дайын болды. Енді қонаққа баруға болады.

-Сәлеметсіз бе қоян!

-Туған күнін құтты болсын!

-Балалар сізге дайындаған сыйлықтары бар.

Балалар тілектерін айтып суреттерін сыйлайды.

-Қоян біздің балаларымыздың тағы бір дайындаған сыйлығы бар. Қабыл ал.

Би «Күнбағыс»

© 2010-2022