Конспект занятия Орманға саяхат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың ортанғы «Ақбота» тобы үшін

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №

Өткізілетің күні, айы, жылы « » ж./

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:«Қоршаған ортамен танысу», «Тіл дамыту», «Сурет салу»

Тақырыбы: « Орманға саяхат»

Мақсаты:

Білімділік міндеті: Балалардың бойында достық және қоршаған ортаға қызығушылық сезімдерін ояту. Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін бекіту. Сөйлемдерге дыбыстық талдау жасай отырып, буындарға бөлуді дағдылау. Шығармашылық көркем суреттер өрнегімен таныстыра отырып, «Дымково» ойыншығын әшекейлеуше жаттықтыру.

Дамытушылық міндеті: Сөздік қорын дамыту.Санау машығын,логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Жан-жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, сөздік, практикалық.

Көрнекі құралдар: Жануарлардың суреті, дымка ойыншығы, цифрлар, құстардың суреті.

Қостілділік компоненті:Орман-лес, қыс-зима, жануарлар-животные.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


  1. Достық шеңбері:

Ән айтуға барамыз

Досымызды табамыз

Сәлеметсің бе, міне мен

Дос болайын сенімен.

2.«Саяхатқа барамыз» психологиялық жаттығу ойыны

Саяхатқа барамыз

Дүрбімізді аламыз

И бұл не? И бұл кім?

Орман

Үстіне шыға алмаймыз,

Астынан өте алмаймыз,

Жанына бара алмаймыз.

Балалар шеңбер бойымен жүріп, бір-бірімен достады.

Балалар, ойынның сөздерін айта отырып, қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

-Балалар, қараңдаршы біздер ормандағы үйшікке тап болдық. Келіңдер жақын келіп, байқап көрейік, мұнда не бар екен.Орман жаңғырығының даусы шағады:

«Сәлеметсіңдер ме балалар, орманға қош келдіңдер! Менің сендерге тапсырмам бар, жұмбақтардың шешуін дұрыс тапсаңдар, сендерге білім қазынасын жол көрсететін бағыттаушы картаның кескінін сыйлаймын. Тыңдаңдар:

  1. Өзі бір ку, жүрген жері айқай шу.

  2. Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін.

  1. Орғыған қорқақ, көзі қияң

Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.

  1. Бұтадан бұтаға секіреді, кішкентай ғана шапшаң аң.

  2. Үйшіктің терезелерінде отырған жануаолар суреттеріне, балалардың назарын аударады. (Жануарлардың атауларына байланысты сөздерге дыбыстық талдау тапсырмасы)

-Жарайсыңдар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар. Енді, үйшіктің сол жағында бағыттаушы картаны алыңдар. Сендерге сәттілік тілеймін, жолдарың болсын!!»

3. «Саяхатқа барамыз» пс. Жат. ойыны Бағыттаушы карта бойынша Аюдың апанына келеді.

-Балалар, аюды ұйқысынан оятып жібердік қой.

АЮ: -У,У әрине, оятыңдар, енді менің тапсырмамды орындайсыңдар:

  1. Мен қай мезгілде ұйықтаймын?

  2. Мен нені жақсы көремін?

  3. Мен қайда мекендеймін?

  4. Мен қандай жануармын?

Аю өз ризашылығын білдіреді, «Керісінен ата» (антонимдік сөздік ойыны)

4. «Саяхатқа барамыз» пс. жат. ойыны. Бағыттаушы карта бойынша Тиынның ініне келеді. Бұтақта отырған тиындардың себетіндегі алмалар мен саңырауқұлақтарды санау және салыстыру тапсырмаларын береді.

Карточка бойынша жануарларды цифрлармен белгілеу тапсырмасы.

Сергіту сәті: «Үкі» саусақ гимнастикасы.

  1. «Саяхатқа барамыз» пс. жат. ойыны. Бағыттаушы карта бойынша Құстар мекеніне келеді.

-Құстардың атауларын сұрайды.

Құстардың тапсырмаларын көрсетеді. (Көрнекі суреттерден ертегілерді анаықтау)

-Балалар, келіңдер «Жануарлар қалай достасты?» ертегісін сахналап беріңдер.

6. «Саяхатқа барамыз» пс.жат. ойыны. Бағыттаушы карта бойынша Бұғыны көреді.

-Балалар, Орман жаңғырығы айтқан «білім қазынасына» келдік. Бұл «Күміс тұяқ» ертегісіндегі-Бұғы. Ол тұяғымен теуіп қазынаны дайындап қойыпты. (Сандық ішіндегі ойыншықтарды алып көрсетеді)

Дымка, городецкий, гжель көркем ою-өрнектері туралы айтады, ойыншықтарды көрсетеді.

-Ал енді балалар, мына бикештерді дымка көркем өрнегімен безендірейік. (Бояу мен қылқалам алуды өтінеді.)

Үйшіктің жанына келеді.

Сәлемдеседі, тапсырманы тыңдайды.

(Түлкі)

(кірпі)

(қоян)

(тыиын)

Сөйлемге дыбыстық талдау жұмыстарын орындайды.

Бағыттаушы картаны алады. Қимыл-қозғалысты орындай отырып, аю апанына келеді.

Қыста Балды Аспанда Жабайы

Сөзік ойынды ойнайды.

Қимыл-қозғалысты орындай отырып, тыиынның ініне келеді.

Алмалар мен саңырауқұлақтарды санап, салыстырады.

Карточкалардағы цифрларды белгілейді.

«Үкі» саусақ. Гимнастикасын орындайды.

Қимыл-қозғалысты орындай отырып, құстар мекеніне келеді. -Сұықторғай -Шымшақ -Сауысқан Көрнекі суреттерден ертегілерді анаықтайды. «Жануарлар қалай достасты?» ертегісін сахналайды.

Қимыл-қозғалысты орындай отырып, Бұғыны көреді.

Зейін қойып тыңдап, бақылайды.

Бикештерді дымка коркем өрнегімен әшекейлейді.



Рефлексивті-түзетушілік

Балалалардың орындаған жұмыстарына қорытынды жасайды, мадақтайды. Бұғы өз сыйлығын ұсынады, қоштасады.

Орындаған жұмыстарын Бұғыға көрсетеді, қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Орман аңдары туралы білуді, алдарына қойылған мақсаттарына жетуді.

Қандай түсініктерді игерді: Балалардың бір-бірімендостық қарым-қатынас арқылы, кез келген тапсырмаларды түсініп, дұрыс және анық орындауды, өз беттерінше жұмысты өрбітіп, еңбегін бағалай біледі.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Сөйлемге дыбыстық талдау жасауды, цифрды белгілеуді, алдарына қойылған тапсырмаларды тиянақты орындауды, қылқаламды қолдану әдеттерін арттыруды, ертегіні қиялы бойынша құрастыруды.

Тәрбиеші Жексенова.Ж.А._____________ қолы



© 2010-2022