Тақырыбы Көңілді балаларәні (Гүлдер тобы)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: «Гүлдер»

Тәрбиешінің аты-жөні: Кожбанова.Л.Ж.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Мерзімі: 25.09.2015

Тақырыбы: «Көңілді балалар әні» Е.Өтетілеуұлы (өлең айтамыз)

Мақсаты: Тақпақты зейін қойып тыңдап, мазмұнын түсіне білуге үйрету. Мазмұны бойынша жауап беруге ынталарын арттыру.»

Қолданылатын көрнекі-құралдар: кітаптар, суреттер.

Билингвальды компонент: балалар-дети, тақпақ-стих, көңілді - веселый

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң,

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?

-Дұрыс айтасыңдар, олай болса бүгінгі ауа-райының белгісін қояйықшы.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірімен амандасады.

-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Жаңбыр жауады, ағаштан жапырақтар түседі,күн салқындайды, құстар жылы жаққа ұшады.

Балалар тәрбиешімен бірге табиғат бұрышындағы ауа-райының белгісін белгілейді.


Ұйымдастыру-шылық -ізденістік

Тәрбиеші тақтадан сурет бойынша балалардың көңіл-күйлерін сұрайды.(тақта бетінде әр түрлі күйдегі балалардың суреті көрсетіледі)

-Балалар ал енді мен сендерге «Көңілді балалар» тақпағын оқып беремін.

Тәрбиеші өлеңді оқып береді.

-Балалар көңілді балалар не істейді екен?

-Дұрыс айтасыңдар балалар өлең айтады, би билейді.-Балалар ал енді өлеңді жаттаймыз

Билингвальды компонент: балалар-дети, тақпақ-стих, көңілді - веселый

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Су құйғанда өседі.

Балалалар слайдтағы сурет бойынша балалардың көңіл-күйін талдайды.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды, қайталайды.

-Билейді, өлең айтады.

Сергіту сәтін қимылмен жасайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

-Балалар, біз бүгін кімдер туралы өлең жаттадық?

- Дұрыс айтасыңдар көңіл күйлерің әрдайым көтеріңкі болсын!

-Бүгін біз көңілді балалар туралы өлең жаттадық.

Балалар бір- біріне тілек тілейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңді мәнерлеп айту керектігін

түсінеді: мазмұнын айтуды

қолданады: өлеңді тыңдап, сол өлеңді мазмұндай білу іскерліктерін.










© 2010-2022