Сауат ашу негіздері Дауысты, дауыссыз дыбыстар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы


Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:сауат ашу және жазу

Тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық.

Мақсаты:Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру.Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.Балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорларын байыту, жалпы ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Көрнекіліктері: кестелер, кеспе әріптер, суреттер, үлестірмелі дидактикалық материалдар.

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

Негізгі бөлім.



Сергіту сәті.


Дидактикалық ойын.


Дәптермен жұмыс.


Қорытындылау

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Тәрбиеші дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсіндіреді. Кесте пайдаланылады. Дауысты дыбыстар: а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы, і, ю, я, е.

Дауысты дыбыстарды жеке-жеке айтқызу.

Тәрбиеші суреттерді көрсете отырып, балаларға сөздердің мағынасын түсіндіреді. Көбелек, домбыра, орындық, үйрек, т.б. сөздердегі дауысты дыбыстарды тауып, олардың айтылу ерекшелігіне назар аударады.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қоялық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық!

«Ұйқасын тап» ойыны.

Орыннан орынға ауысқан,

Ұшқалақ қара ала ... (сауысқын)

Бәрі бірдей жұмысқа

Шығады кім? (құмырсқа)

Берілген суреттер бойынша дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыстарды төртбұрыштардың ішіне белгілерін (қызыл-дауысты дыбыс, көк-дауыссыз дыбыс) салады.

Кестенің ішіне жетпей тұрған төртбұрыштың суретін салады, оны бояйды.

Баланың білімін тексеру мақсатында тәрбиеші бірнеше сөздер айтады. Балалар сол сөздегі дауысты дыбыс қанша болса, сонша рет қолдарын шапалақтайды. Мысалы: кү-шік, кі-тап, ө-зен, да-ла, қаз, ба-ла-пан т.б.

Дыбыстық талдау жүргізу.

Тірек-сызба бойынша сөйлем құрау.

Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

Жылы лебіздерін білдіреді.

Тәрбиешіні мұқият тыңдап, дауысты дыбыстарды табады.

Қимылмен көрсетеді.


Ойын ойнау.


Тапсырмаларды орындайды.


Балалардың жауаптары тыңдалады.



© 2010-2022