• Преподавателю
  • Дошкольное образование
  • Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптатырудың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Бір және көп, көп сандарды салыстыру және олардың арасындағы сәйкестікті табу. Үлкен және кіші. Шеңбер

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптатырудың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Бір және көп, көп сандарды салыстыру және олардың арасындағы сәйкестікті табу. Үлкен және кіші. Шеңбер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің технологиялық картасы № ________

Өткізген: ___________________

Күні: ________________

Топтың жас ерекшелігі: «Балбөбек» ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Таным».

Тақырыбы: Бір және көп, көп заттарды салыстыру және олардың арасындағы сәйкестіктерді орнату. Үлкен және кіші. Шеңбер (өзге фигуралардың арасынан табу)

Бөлімі: ҚМТҚ

Мақсаты: заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту; санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2 саны көлемінде); солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен сәйкестендіру; екі толптағы заттарды бір - бірімен салыстыру, оларды теңестіру; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыру, оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; жұмбақты көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; шеңбер туралы өткенді пысықтау (оны өзге геометриялық фигуралар арасынан табу); шеңбердің де әр түрі болатынын түсіндіру.

Үлестірмелі материалдар: бос жолағы бар 2 карточка, үлкен шаршысы немесе шеңбері бар 3 тәрелке, 4 кіші тәрелке, жинақ полотносы (материал)

Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Іс-әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалардың

іс-әрекеті:

Мотивациялық-қозғаушы:

«Жұмбақтар және олардың шешуі» ойыны.

Педагог балаларға жұмбақтар жасырады.

Тікен- тікен, тік пісте

Қысы- жазы бір түсте.

Көк жиекті шай табақта

Алтын алма тербелер.

Кейде бүркер алма жүзін,

Ұлпа, мақта, пернелер.

Қалпағы бар,

Басы жоқ.

Қола ды жоқ,

Шашы жоқ.

Сыңар аяқ «көкеңнің».

Ойлан, тап, не екенін.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Шырша

Күн


Саңырауқұлақ

Іздену - ұйымдастырушы

Дәптермен жұмыс.

Педагог 1 тапсырма бойынша балаларға сұрақ қояды.

Суретте ең коп бейнеленген қандай зат?

Бір - бірден салынған заттың аты қандай?

  • Бір - бірден салынған заттарды бояп шығыңдар.

Педагог балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай (үлкен- кіші) салыстыруды ұсынады. 2 тапсырма «Жол сал» ойыны түрінде ұйымдастырылады.

Педагог дәптерге орындау үшін мынадай тапсырма береді: олар үлкен шәйнектен үлкен кескеге дейін, ал кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол

«салыңдар».

Педагог балалардан «Жолды қалай салдыңдар?» деп сұрайды.

Сергіту минуты

Оңға қарай иілдік,

Солға иілдік,

Бір отырып, бір тұрып,

Бәріміз бір сергідік.

3 тапсырма 1 және 2 затты санауға байланысты берілген. Педагог балаларға сұрақ қояды.

Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй тұр?

Оң жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, сол жақ бұрышта неше тақия орналасқан?

Тақия коп пе әлде киіз үй коп пе?

Педагог балаларға заттардың саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.

4 тапсырма.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Бұл орамның пішіні-

Бауырсақтың да мүсіні.

кішірейтсек біз бұны.

Шығады тоқаш наны боп. Ол не?

Барлық шеңберлерді бояңдар.

Неше шеңбер боядыңдар?

Сендер бояған шеңберлердің көлемі қандай?

Осы жерде педагог шеңбердің көлемін әртүрлі болатынын балалардың есіне салады.

Балалар сұрақтарға жауап береді:

Шырша бүрі, кірпі, күн, саңырауқұлақ, шырша.

Балалар күнді, саңырауқұлық пен шыршаны бояйды.

Балалар үлкен шәйнек пен үлкен кесені, ал кішкентай шәйнек пен кішкентай кесені сызық арқылы қосады.

Балалар өлең мәтініне сай жаттығулар жасайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді


Тақия аз, киіз үй көп. Балалар тапсырманы орындайды.

Балалар жұмбақтарды шешеді (дөңгелек), шеңбердерді бояйды және педагогтің сұрақтарына жауап береді.

Рефлексивті - реттеуші

Өзін - өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Өзін - өзі бақылаудың екі түрін қолдануға болады.

Педагог балаларға 1- тапсырманың орындалу үлгісін көрсетеді. Онда дұрыс орындалған тапсырма жазылады. Балалар өздерінің жұмысын сондағы үлгімен салыстырады. Егер баланың жұмысы үлгіге сәйкес келетін болса, ол төменгі оң жақ бұрышына кішкентай жасыл шеңбер, бір қате болса- сары шеңбер, ал егер қате көп болса- қызыл шеңбер сызады. Бұл бағдаршамның түстері: жасыл түс- бәрі дұрыс деген сөз, яғңи келесі бетке өте беруге болады; сары түс - кішкене мұқияттау болу керек; қызыл түс - кейбір тапсырмаларды қайтадан орындау қажет. Педагог балаларға осыны түсіндіреді. Содан соң педагог бүлдіршіндерге тапсырманың дұрыс орындалғаның тексеруді тапсырады. Ал өзі ауызша нұсқау береді:

Сендер саңырауқұлақ, күн мен шыршаны бояуларың керек.

Үлкен шәйнекті үлкен кесемен, кіші шәйнекті кішкентай кесемен қосуларын керек.

Тақиялар мен киіз үйлерді бір - бірімен қосу керек.

Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: бір затпен көп затты бір - бірінен ажырата алуды;

Игереді: 2 көлеміндегі заттарды санай білуді; солдан оңғай санап, сандарды ретімен атауы және сан есімді зат есіммен сәйкестендіруді; өзіне таныс заттарды көлеміне (үлкен, кіші) қарай салыстырып, оларды сол белгілері бойынша біріктіруді;

Меңгереді: екі топтағы заттарды салыстыруды.

Тексердім ____________________



© 2010-2022