Тәрбие сағаты Менің Отаным-Қазақстан

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менің Отаным - Қазақстан!

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.

Міндеттері:

1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.

3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас

Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Хор: Әнұран.

- Кәне балалар Отан деген не?

- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.

- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?

- Біздің - Отанымыз Қазақстан.

- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.

Балаарды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)

1 - топ: Туған жер

2 - топ: Отан

3 - топ: Атамекен

(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.)

Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.

ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?

Еліміздің бас қаласы

ҚР президенті

ҚР туының авторы

ҚР елтаңбасының авторлары

Әнұранымыздың авторлары

Еліміздің көрікті жерлері

Отан туралы өлең айт

Отан туралы ән шырқа

Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.

1 - бала: Арыстандай айбаттым.

Жолбарыстай қайраттым,

Аспандаған байрақтың

Қанша жұлдыз жайнаттың.

Қанша бұлбұл сайраттың,

Қазақстан ардақтым.

2 - бала: Күнді құшқан қос қыран,

Аясында қалқыған.

Аспан түсті туым бар,

Көк теңіздей шалқыған.

3 - бала: Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам әлемге танылды анық.

Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,

Арманым ата заңым қабылданып.

4 - бала: Өзіңдікі туыңда,

От пен ауа, суың да.

Жаса Қазақстаным,

Белді бекем буында.

5 - бала: Жаса жаңа Астанам

Өркен жая бастаған

Болашақтың есігін

өз қолыңмен аш маған.

6 - бала: Бұлт баспасын күнімді

Тартылмасын өрісің

Биік ұстау туымды

Қасиетті борышым.

7 - бала: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,

Екпіндеген қыран құсты үні бар.

Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай,

Қазағымның желбіреген туы бар

8 - бала: Отан деген атамекен

Отан деген туған жер.

Отан ана, Отан үлкен

Қазақстан туған ел.

- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?

1 - бала: Отан от басынан басталады.

2 - бала: Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

3 - бала: Отансыз - адам, ормансыз - бұлбұл.

4 - бала: Отан оттан да ыстық.

5 - бала: Отан үшін отқа түс күймейсің,

Арың үшін алыссаң өлмейсің.

Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.

Тілек.

(Балаларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)

- Балалар! Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.

Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)

Қорытынды.

Байтақ дала жерім менің

Арта берсін даңқың сенің

Көк байрағың желбіресін

Егеменді елім менің

- дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Туған елім, туған жерім» атты тәрбие сағаты шарамыз аяқталды.

© 2010-2022