Казахский язык Құстар қалай дауыстайды?

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

(ересектер тобы-cр.гр., 2016 ж, қаңтар 4апта, №2 сабақ).

Білім саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Құстар қалай дауыстайды?

Сөздік жұмысы: қаңқылдайды, қытқыттайды, шақырады, шиқылдайды.

Мақсаты: . балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қалай дауытайтыны туралы айту.Тілдерін жаттықтыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Құстарға деген жылы сезімдерін ояту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, ойыншықтар, кластер.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Қалдарың қалай?

  • Күніміз сәтті болсын.

  • Қазір қандай сабақ?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Кыста ауа райы қандай болады?

  • Кыста қандай ойындар ойнаймыз?

Мұғалім топтағы балаларды өткен тақырыпты қайталау үшін «Мынау не? Қалай дауыстайды?» ойынын өткізеді.

- Сәлеметсің бе?

- Жақсы.

- Рақмет.

- Қазақ тілі.

- Қыс.

-Кластер арқылы сұрақтарға жауап береді.



  • Мынау-сиыр, ат, шошқа...

Сиыр мөңірейді, ат кісінейді, ит үреді, мысық мияулайды, шошка қорсылдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Мынау не?» ойын арқылы құстардың аттауларын қайталау.

Фонетикалық жаттығу:

қыт - қыт - қыт - қыт - қыттайды

қаң -қаң - қаң - қаңқылдайды

ши - ши - ши - шиқылдайжы

Жаңа сөздер: : қаңқылдайды, қытқыттайды, шақырады, шиқылдайды.

Балалар жаңа сөздерді көзбен қабылдау арқылы естерінде сақтайды .

Тіл дамыту: Мынау-тауық, қаз, үйрек...

Тауық қытқыттайды

Қаз қаңқылдайды

Балапан шиқылдайды

Сергіту сәтін өткізу.

Тон, пима. Қолғап бар.

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста жылы малақай,

Біз тонбайбыз,Алақай!

«Даусынан таны» ойыны арқылы сөздік қорларын бекіту.

Мынау-тауық, қаз, үйрек...

Балалар хормен, жеке-жеке қайталайды.

Сөйлемдердің мағынасын түсініп, есте сақтауға тырысады.





Мазмұнына байланысты қимылдар жасайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталайды.

  • Сабаққа ынталы қатысқандарыңа рақмет.

  • Балалар, сабақ аяқталды, сау болыңдар.



- Сау болыңыз.

Күтілетін нәтиже: қаңқылдайды, қытқыттайды, шақырады, шиқылдайды.

Білуі тиіс: сөздерін меңгереді.

Игерді: «-Тауық қытқыттайды Қаз қаңқылдайды. Балапан шиқылдайды..» деген сөйлем үлгілерін үйренеді.





© 2010-2022