Ащық сабақ Мамандықтың бәрі жақсы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Тіл дамыту

Күні: 15.02.2016

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:Балаларды әр түрлі мамандықтар иесімен

таныстыру.
2.Дамытушылық: Сурет бойынша қойылған сұрақтар-

ға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндер-

ін дамыту.
3.Тәрбиелік: Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбие-

леу, мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.

Көрнекіліктері: түрлі мамандық иелері туралы суреттер.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу,оқу - құралдарын түгендеу, дұрыс отыруларын қадағалау, назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық сәт: Қайырлы күн досым!

Қайырлы күн болсын!

Жеті күннің әр кезі

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Тек бестікке толсын!

- Балалар біздің сыныпқа адасып қоян келіпті.Ол балаларына дүкеннен сыйлықтар алып келе жатқанда, көлік қағып кетіпті. Аурухана іздеп жүріп, біздің сыныпқа кез болыпты.

- Балалар, қоянға қалай көмектесеміз?

- Қоянды кім емдеп жазады? (дәрігер)

- Өте жақсы, балалар сендерге тапсырмасы бар екен.Қоянның көңіл - күйі жақсы болу үшін тапсырмасын орындаймыз ба?

1 - тапсырма:

Жұмбақ жасыру:

1.Кірпіштен сарай, үй салады.

Ол адам кім болады? (құрылысшы)

2.Білімнің дәнін тереді.

Балаға тәлім береді (мұғалім)

3.Зымыранды ерттеген.

Ай, жұлдызды зерттеген (ғарышкер)

- Жарайсыңдар, балалар жұмбақтарды өте жақсы шештіңдер.

- Балалар жұмбақтың шешулері қандай болды (құрылысшы, мұғалім,ғарышкер).Бұл сөздер нені білдіреді.

- Әрине мамандықтар туралы.Себебі біздің сабағымыз мамандықтар туралы.

ІІ.Жаңа сабақ:

а) Түсіндіру:

- Мамандық - дегенді қалай түсінесіңдер?

Мамандық дегеніміз - адамның еңбек қызметінің түрі.Сурет бойынша үй салатын адамды - құрылысшы, әр түрлі дәмді тамақтарды пісіретін адамды - аспаз, балаларға білім беретін адамды - мұғалім, киім тігетін адамды - тігінші, ғарышқа ұшатын адамды - ғарышкер,көлік жүргізетін адамды - жүргізуші,ауырғанда емдейтін адамды - дәрігер,тәртіп орнатушы адам - полиция,би билейтін адамды - биші,неше түрлі шаш үлгісін қиятын адамды - шаштаразшы деп мамандық түрлеріне қарай атайды.Жаман мамандық жоқ.Мамандықтың бәрі жақсы.

- Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды,көп ізденуді, қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді.Мамандық иесі болып шығу үшін, арнайы оқу орындарында дайындап оқытады.Сонда ғана өздерің қалаған мамандық иесі бола аласыңдар.

2-тапсырма:

ә)Суретпен жұмыс:

-Сурет бойынша сөйлем құрау.

ІІІ.Сергіту сәті:

- Балалар отыра бермей бойымызды сергітіп алайық;

- Балалар сонымен би билейтін адамдарды кім дейді екен?

- Дұрыс, биші дейді.Ендеше барлығымыз биші болып көрсек қайтеді.

(«Айгөлек» әнін қосып, балаларды билету).

- Рахмет, балалар, біз өзімізді бір сәтке биші болып сезініп көрдік!

- Балалар біздің ортамызға дәрігер келді.Қоянды дәрігер емдесін.

Дәрігер: (Айым)

Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Ауруларды емдейтін

Мен дәрігер боламын.

- Өте жақсы, тағы кім қандай маман иесі болуды армандайды?

Құрылысшы: (Нұрали) Аспазшы: (Есбол)

Қолда темір қалағым Дәмді тамақ пісіріп

Саздан сарай саламын Өнерлі бала боламын

Алматыдан аумайтын Халқым сүйген ардақты

Әсем қала саламын Мен аспазшы боламын.

Мұғалім: (Самал) Жүргізуші: (Дархан)

Жаққан білім шырағын, Елге қызмет істеген,

Мен боламын мұғалім. Көлік айдап үйренем.

Ғарышкер: (Архат) Тігінші: (Асия)

Тоқтар, Талғат - нағыз ер, Тігетін киім-кешекті,

Солардай болам - ғарышкер. Тігінші болам мен епті.

Шаштараз: (Балнұр)

Сән үлгісін қиятын,

Шаштараз болам жолыңа

Түрлі-түрлі шаш қиып

Қызмет етем халқыма.

- Балалар қоянды емдеп жаздық.Енді жол ережесін май қызметкері түсіндіріп көрсетсін.

Май қызметкері: (Гаухар)

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда

Аяғыңды баспа алға!

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда

Өте бергін, жасқанба!

3-тапсырма:

б) Дәптермен жұмыс:

- Кімге не керек? Сызықпен қос.

4- тапсырма:

Ойын: «Кім жылдам?»

Үстел үстіне 3 түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды қойып, 3 қатардан бір оқушыдан шығарамын.

Ойын шарты: 3 бала 3 түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды бөліп жинайды.(тігінші,дәрігер,аспазшы)

ІҮ.Қорытындылау:

Дидактикалық ойын: «Сөйлеп тұрған кім?»

Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұғанын анықтайықшы:

1.Балмұздақ сатамын, балмұздақ! (Сатушы)

2.Жүріңіз қай жерге апарып тастайын? (Жүргізуші)

3.Қай жеріңіз ауырып тұр? Қазір ыстығыңызды өлшейін. (Дәрігер)

4.Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін? (Шаштаразшы)

5.Бүгінгі сабақта біз балалар, қысқы ойындар туралы әңгімелесеміз. (Мұғалім)

6.Мен манты жасап жатырмын, қазір дайын болып қалады. (Аспазшы)

-Өте жақсы, балалар !

Бәрі: Киім тіккіш жаман ба?

Шипагер, емші маманда,

Бәрі керек адамға.


© 2010-2022