Открытый урок по математике Дөңгелек

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по математике ДөңгелекОткрытый урок по математике ДөңгелекОткрытый урок по математике ДөңгелекОткрытый урок по математике ДөңгелекОткрытый урок по математике ДөңгелекКүні: 26.11.2013ж.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Математика

Тақырыбы: «Дөңгелек»

Мақсаты: Балаларды жаңа тақырыппен таныстыру. Дөңгелек туралы балаларға түсінік беру. Геометриялық пішіндерді ажыратуға үйрету. Ұқыптылыққа, бір-бірінді тыңдауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланыстысуреттер, бауырсақтын суреті.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу

  • Психологиялық сәт

  • Шаттық шеңбер: Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты!

Жарқырайды даламыз!

Жарқырайды қаламыз!

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіз бе, тәрбиеші апай!

Жақсы балалар, ал, енді, орындарына отырып, сабақты бастаймыз.

II Өткен сабақты еске түсіру.

Балалар, тақтада нені көріп тұрсыңдар?

(бал. жауаптары - үй)

Дұрыс айтасыңдар, ол үй. Ал үй қандай пішіндерден тұрады?

(бал.жауаптары - үшбұрыш және төртбұрыш)

Өте жақсы, балалар. Ал неге біз осы пішіндерді үшбұрыш пен төртбұрыш деп айтамыз? Біз олардың үшбұрыш пен төртбұрыштар екенің қайдан білеміз?

(бал.жауаптары -өйткені олардың бұрыштары бар)

Дұрыс айтасыңдар балалар.

III Жаңа сабақ.

Ал, балалар, тақтаға қарайықшы, бізге қонаққа кім келді?

(бал.жауаптары - бауырсақ)

Дұрыс, балалар. Ал бауырсақ қандай пішінге ұқсайды?

(бал. жауаптары-дөңгелекке)

Өте жақсы, балалар. Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Дөңгелек». Дөңгелек те геометриялық пішін. Оның үшбұрыштан және төртбұрыштан айырмашылығы неде?

(бал.жауаптары -өйткені олардың бұрыштары бар, ал дөңгелектің бұрыштары жоқ)

Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар. Қазір біз сендермен тапсырмаларды орындаймыз.

1 тапсырма: тақтада күннің көздін және аққаланың суреттері ілулі тұр. Балалар көп заттардың ішінен дөңгелекке ұқсайтын заттарды тауып, әр затты атайды және тақтаға іледі.

Жақсы, балалар, сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Ал, енді, барлықтарымыз орындарынан тұрып, сергіту сәтін өткіземіз.

IV Сергітусәті: Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына.

Оң жағына қарады,

Сол жағына қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

Жақсы, балалар, ал, енді, орындарына отырып, сабақты жалғастырамыз.

2 тапсырма: балаларға карточкалар беріледі. Балалар пунктирмен салынған дөңгелектерді қосады.

Открытый урок по математике Дөңгелек



Жақсы, балалар. Сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Сендерге ұнады ма?

Балалар: иә.

Жақсы. Біздің алдымызда тағы бір тапсырма бар. Оның алдында саусақтарымызды жаттықтырайық. Қане, балалар, біріншіден оң қолымызды аламыз.

Саусақ жаттығу: Біз үйде нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым - біреу

Балан үйрек - екеу

Ортан терек - үшеу

Шылдыр шүмек - төртеу

Кішкене бөбек - бесеу.

Енді, балалар, сол қолымызды да жаттықтырайық:

Этот пальчик хочет спать,

Этот пальчик лег в кровать,

Этот пальчик чуть вздремнул,

Этот пальчик чуть уснул,

Этот пальчик крепко спит,

Никто больше не шумит.

Өте жақсы, балалар. Біздің қолдарымыз дем алды, енді біз соңғы тапсырманы орындау керекпіз.

3 тапсырма: балаларға карточкалар беріледі. Балалар үлгіге қарап, моншақтын суретін бояйды.


Жарайсыңдар, балалар. Сендер барлық тапсырмаларды орындадыңдар.

V Қорытынды:

Балаларға сабақ бойынша сұрақтарды қою.

Балалар, біз сабақта не өттік? Қандай геометриялық пішінмен таныстық? Сендерге сабақ ұнады ма?

Балаларды мақтап, жұлдызшаларды беру.Сабақ қорыту.





Пухальск негізгі мектебі

«Айналайын» шағын орталығы












Дөңгелек












Өткізген «Айналайын» шағын орталығының тәрбиешісі: Сатанова Д.К.














2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022