(Сиқырлы әлем патшалығы!) ертеңгілігі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Сиқырлы әлем патшалығына саяхат»


Мақсаты: баланың бойындағы танымдық құзіреттілігін арттыру,
өз бойындағы сезіммен, басқаның сезімін түсіне білуге үйрету,
үлкендермен жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету, сөздік қорын молайту, қабылдауын және ұсақ қол моторикасын дамыту, сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету, қарапайым қолда бар заттармен массаж жасауға үйрету.
Көрнекілігі: Электрошам, проектор, айна, «Ғажайып қалта», «Сиқырлы қорапша», тұз, жолақша.
Қолданған технологиялар: ойын технологиясы, денсаулық сақтауға арналған технология.
Әрекет кезеңі Психологтың іс-әрекеті Балалар әрекеті

Мотивациялық қозғаушы Сыңғырлаған қоңырау үні естіледі. Психолог балаларға сиқырлы әлем ханшайымы қонаққа шақырып жатқанын айтып, ол жаққа сиқырлы шамның көмегімен жететінін түсіндіреді. (ортада электрошам ) Балалар шамды айналып жүреді, ол жанады. Орындыққа отырып, жағымды әуенмен көздерін жұмады, көпіршіктер ұшырылады. Балалар көздерін ашады. Балалар таң қалады.
Шамды айнала жүреді.

Көпіршіктерді көріп, қуанып шаттанады.
Іздену ұйымдастырушы -Мінекей, балалар «Сиқырлы әлем патшалығына» келіп жеттік, бұл жерде бізді түрлі сиқырлы заттармен ойындар күтіп тұр.
1. «Сиқырлы айна» Проектордан көңілді қыздың суреті көрсетіледі, балалар айнаға қарап, көңілді бейне көрсетеді. Жылап тұрған баланың суреті көрсетіледі, балалар айнаға қарап, жылап тұрған баланың бейнесін көрсетеді.
2. «Сиқырлы қалта»
Психолог балаларға қалтадан бір-бір заттан алғызып, қолға массаж жасатады. (қарындаш, доп, жаңғақ)

3. «Сиқырлы қорапша»
Дұрыс тыныс алуға арналған құралдармен жаттығулар жасалады.
4. Сергіту (проекторда көрсетіледі)


5. «Балабақшаға қайтатын жол» Психолог балаларға үш саусақпен тұзды шымшып алып, жолақшаға сепкізу арқылы жол салғызады.

Балалар айнаға қарап, көрсетілген бейнелерді салады.

Балалар қалтадан заттарды алып, психологтың көрсетуімен қолдарына массаж жасайды.

Балалар түрлі үрлеуге арналған құралдармен жаттығу жасайды.

Проекторда көрсетілген жаттығуларды қосылып, қызыға жасайды.
Тұзды шымшып ала отырып, жолақшаға жол салады.
Рефлексивті коррекциялаушы Жағымды баяу әуен ойналып, балалар шамды айнала жүріп, балабақшаға қайтады. Психолог балалардан алған әсерлері жайлы, жетелеуші сұрақтар қоя отырып, жауап алады. Балалар шамды айнала жүріп, орындарына отырып, психологтың сұрақтарына жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Балалардың оқып-үйренуі: тұзды үш саусақпен шымшып-себу арқылы жол жасайды.
Түсінігі: үлкендермен жағымды қарым-қатынас жасайды.
Іс-әрекет дағдылары: көңіл-күйді,қимыл-қозғалыстарды келтіреді.

© 2010-2022