Күлімде, Наурыз, Күлімде! ертеңгілігі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Джанасова С.Ж.

Күлімде, Наурыз, күлімде!

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, мерекеге қош келіпсіздер! «Күлімде, Наурыз, күлімде!» атты мерекелік концертімізді назарларыңызға ұсынамыз!

(Балалар мерекелік әуенмен залға кіреді де жарты шеңбер болып тұрады.)

Жүргізуші: Бар әлем сүйіп ұнатқан,

Шапағат нұрын шұбатқан,

Қаймықпай шыққан жайраңдап,

Қыстайғы суық-сынақтан,

Көктем таңы бұл атқан.

Балалар (барлығы бірге): Наурыз!

Ислам: Наурыз тойы, қой жылы.
Құтты болсын ағайын!
Ұлыстың ұлы - күні.
Шырқап әнге салайық.

(«Наурыз» әні орындалады. Балалар орындықтарға отырады.)

Жүргізуші: Қазақ халқында наурыз айының 22-сінде Жаңа жыл мерекесі тойланады. Бұл күні жұрт жаңа, таза киімдерін киіп, үй-үйге қыдырып, бір-біріне деген таза көңілдерін, ақ тілектерін білдіреді. Әр үйде дастарқан жайылып, жеті түрлі тағам түрлері қосылған наурыз көже пісіріледі. Бұл күнді ата-бабамыз - Ұлыстың ұлы күні деп атаған.

(Әрбір бала төрт шумақ өлең оқиды.)

Расул : Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

Нодари: Тыныш болсын даламыз,
Таза болсын ауамыз!

Нурай: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызыққа еш тоймаған,
Дархан дала, қарлы шың.

Арсен: Наурыз тойы, наурыз тойы,
Құтты болсын ағамыз!

Бакир: Көктем тойы - әніміз.

Көркемөнер сәніміз.

Өлең, әнмен той сәнін

Өрнектейміз бәріміз.

Адия: Наурыз мейрамы келді,
Келді жерге құлпырып.
Көктем келді, көктем келді,
Сәлем, сәлем, Наурыз!

Ансар: Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде!

Нодари: Армысың Наурыз!

Айдана: Кел, балалар, ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық!

Аруана: Отаныма көктем келді,

Күннің көзін ертіп келді.

Құстар әндерін шырқайды,

Балалар қуанады!

Жәния: Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жараса,

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

(Баяу ән ойнатылады. Наурыз кіреді)

Наурыз: Мен, әз-Наурыз, боламын,

Жыл сайын мені бәрі күтеді!

Мен - көп күттірген аймын,

Қарды мен шаршамастан жаншимын.

Себебі, Көктемді алып келуім керек!

Жүргізуші: Енді ол қайда!

Наурыз: Оны жауыз хан ұрлап алып кетті де, сиқырлап тастады. Ал Көктемсіз, әрине менің Көктемімсіз, мен өмір сүре алмаймын.

Жүргізуші: Балалар, не істесек екен? Наурызға Көмектесу керек және Көктемді құтқару керек.

Наурыз: Бірақ оны сендер қалай істемексіңдер?

Жүргізуші: Біз қатты әндетіп, көңілді ойнап, би билейміз, сонда ханның мейірімділігі оянып, сиқырдың күші жойылады! Ал сен, Наурыз, бізге көмектесесің.

Наурыз: Әрине! Ой, естисіңдер ме, хан келе жатқан сияқты!

(Әннің сүйемелдеуімен Хан кіреді.)

Хан: Міне, мен де келдім!

Жүргізуші: Көктемді ұрлап, сиқырлаған сен екенсің ғой?

Хан: Әрине! Мен ол үшін құн талап етемін. Маған төлеңіздер.

Жүргізуші: Бірақ біздің ақшамыз жоқ, бұл балабақша емес пе.

Хан: Ал, ендеше менің тапсырмаларымды орындаңдар, ал олар өте қиын. Келісесіңдер ме?

Жүргізуші: Әрине! Тапсырмаларыңды орындауға дайынбыз.

Хан: Өздері орындай алатындай сенімді ғой?

Жүргізуші: Біздің балалар сенің тапсырмаларыңның барлығын орындайды.

Хан: Ал, ендеше тыңдаңдар! Бірінші тапсырма: мен әдемі би көргім келіп тұр, ал бастаңдар!

Жүргізуші: Ал, қара!

(Қыздар би билейді.)

Хан: Жарайсыңдар, жақсы ән салып бердіңдер! Ал енді менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Ол не?

Бір үйдің бұрышы жоқ,

Ол дөп-дөңгелек.

Және де осындай баспананы

Сен кең даладан таба аласың. (Киіз үй)

Жүргізуші: Біздің балалар оның не екенін біледі. Шешімін тыңда.

(Әрбір бала өлең оқиды.)

Ваня: Еден орнына кілем жатыр -

Өрнектері әрқилы.

Тау самалы ақырын,

Көтереді шымылдықты.

Жүргізуші: Мерекелік киіз үйлер қонақтарды жылылықпен және жайлылықпен қарсы алады. Біздің де «Киіз үй» ойынын ойнайтын кезіміз жетті.

(«Киіз үй» ойыны жүргізіледі.)

Балалар ойын атрибутының жанында 3 шеңбер жасап тұрады (қазақ халқы ою-өрнектерімен безендірілген матадан шеңбер жасап тұру). Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңберді айналады, өз «киіз үйінің» жанында әрбір шеңбер. Музыканың 2-ші бөлігіне - яғни жылдам бөлігінде - балалар залда қозғалады: қыздар қолдарымен әдемі қимылдар жасаса (білектерін айналдырса), ұл балалар атта шауып жүрген жігіттің кейпіне енеді (жігіттер «жайлауда» шауып жүр). Музыка тоқтай салысымен балалар өз шеңберлеріне жүгіреді және «киіз үйлерін» төбелеріне көтереді. Кімнің «киіз үйі» тезірек жиналса, сол балалар жеңіске жетеді.

Хан: Жарайсыңдар, балалар! Мен тағы бір жұмбақ білемін. Ал, енді, шешіп көріңдер! Мынау не?

(Домбыраның суреті салынған картинаны көрсетеді)

Хан: Жарайсыңдар! Мұны да біледі екенсіңдер!

Жүргізуші: Біз оның не екенін ғана білмейміз. Біздің жігіттеріміз бен қыздарымыз қазір сізге домбырамен әдемі би билеп береді.

(«Домбыра» биі орындалады)

Хан: Бидің шебері-ақ екенсіңдер, ал сендер Наурыз мерекесіне дайындалатын дәстүрлі тағамды білесіңдер ме, оны неден дайындайды?

Балалар: Наурыз көже.

Жүргізуші: Біздің балалар оны неден дайындайтыны туралы ән арқылы саған айтып береді.

(«Наурыз көже» әні орындалады)

Хан: Жарайсыңдар, балалар!

Көңілді музыканың әуенімен Алдар көсе кіреді.

Алдар көсе: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме, достар!

Қош келдің, Наурызым төрлет бері,

Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.

Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,

Жадырады адамдардың келбеттері.

Қош келдіңіздер, батыр жігіттер мен кербез сұлулар! Сен де қош келдің Хан, міне, тағы кездестік! Ал сіз мені таныдыңыз ба?

Балалар: Иә.

Алдар көсе: Ал сендер мені қайдан танисыңдар?

Балалар: Қазақ халық ертегілерінен.

Алдар көсе: Хан, көктем сиқырлап тастаған сіз емессіз бе және оны неге мерекеге жібермей жатырсыз?

Хан: Иә, мен! Мен құдыретті де ең күшті Ханмын!

Алдар көсе: Ал, енді балалар, кімнің күшті екенін тексерейік?

(«Арқан тартыс» ойыны өткізіледі)

Хан: Менің ең соңғы тапсырмам қалды. Сендер менің көңілімді көтеретін және де билеуге деген ынтамды оятатын би билеп бере аласыңдар ма?

Жүргізуші: Әрине, әрине! Бізбен бірге үлкен де тату шеңберге тұр.

(«Қамшымен» би орындалады.)

Хан: Ал, жарайсыңдар! Өз Көктемдеріңді алыңдар!

Көктем (Шынар): Сен ортақ дастарқансың бәрімізге,

Татырған сары уыздың нәрін бізге.

Наурыз, сен көктемдегі үмітіміз,

Жарылқар берекеміз сары күзде.

Наурыз - ол ұсақтықтан арылуың,

Халықтың бірлігінің мығымдығы.

Күдіктің безбеніне тартылмайтын,

Қазақи Ата дәстүр Ұлылығы!

Жүргізуші: Балалар, Көктемді бірге көңілді әнмен қарсы алайық.

(«Көктем» әні орындалады.)

Жүргізуші: Ертеде қазақ халқы Наурызға арықтарын тазартып, тал егіп, алдын ала дайындалған. Үлкенді-кішілі той ғұрыптарын Наурызда атап өтуге тырысқан. Осының бірі - бесікке салу. Біздің тойымызға әжелеріміз келіпті ғой! Кәне, амандасып алайық.

Әжелер, төрлетіңіздер, жоғары шығыңыздар! Әжелер біз өз балаларымызбен осы қазақ халқының салт-дәстүрі «Бесікке салу» салтын білгіміз келіп еді соны бізге көрсетіп айтып бересіздер ме?

Рақмет, әжелер. Балалар, сендер түсіндіңдер ме? Кішкене баланы бесікке салу керек екен, сонда ол бала таза әрі ұйқысы қанып оянады екен. Әжелер, сіздер орындарыңызға барып біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Баланың өсуіне байланысты түрлі салт-дәстүрлер өткізіледі. Соның бірі - тұсау кесу.

(Үлкендеу балалар ортаға аяғын тәй-тәй басқан 1-1,5 жастағы баланы

әкеліп, беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып тұрып)

Ұлдана: Беліңе қалта байладым,

Дәулетіңді асырсын,

Ішіне тәтті сайладым,

Қиындықты қашырсын!


(осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп, баланың аяғына мыналарды байлайды)

Ала жіппен байлағаным - адал болсын, ақ болсын дегенім.

/тұсауын кеседі, тұсау кескен баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып, еркін жібереді/

Наталья: Тәй, тәй, тәй, тәй!

Қаз, қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам!

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін!

(беліндегі қалтаны шешіп, тәттілерді елге шашумен таратады)

Жүргізуші: Наурызда дүйім жұрт алаңға жиналып, ат жарыстырып,

ақындарын айтыстырып, балуандарын күрестіріп, той тойлатып, ойын ойнатып, алтыбақан тебісіп, наурыз көже ішіп, таңды көзбен атырған.

Нұрсая мен Эмирдің айтысы.

Хан: Балалар, сендерге керемет мереке үшін рақмет. Сендер өздеріңнің қандай көңілді және тату екендіктеріңізді көрсеттіңіздер.

Наурыз: Маған сіздерде қонақта болған қатты ұнады, маған көктемді құтқаруға көмектескендеріңіз үшін үлкен рақмет.

Бекасық: Ұлы күнде халайық
Қалай қарап қалайық.
Ортамызға шақырып,
Қыдыр атамыздан
Ақ батасын алайық! (Қыдыр ата бата береді.)

Көктем (Шынар): Ал мерекені біз қазақтың керемет дәстүрі «Шашумен» аяқтаймыз.

Тойға шашу шашылсын!

Халқымның нұры тасысын!

**********************шашу**************

Жүргізуші: Жаңа жылда сіздерге мейірімділік пен қуаныш, бақыт пен денсаулық тілейміз.

(Барлық балалар мен қонақтарға конфеттер беріледі. Қонақтар залдан шығады, содан кейін музыканыңәуенімен балалар шығады.)



© 2010-2022