Құстар Мектепалды даярлық тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта

0 «Г» тобы

25.02.2016

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Құстар - біздің досымыз.

Мақсаты: 1. Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту.

2. Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

3.Баланың ой - өрісін дамытып, сөздік қорын молайту.

Билингвальды компонент: Құстар (Птицы).

Сөздік жұмыс: Қарлығаш, сауысқан, тоқылдақ.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Құстардың суреті, тақта, кеспе әріптер, үнтаспа.

Іс - әрекет сатылары

Тәрбиешінің басқару әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру сезімді ояту

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз.

Жарқырасын күніміз,

Жайнап тұрсын гүліміз.

Жақсы ниет тілекпен,

Бастайық сабақ бүгін біз.

Балалар жақсы көңіл күймен амандасады

Ұйымдастырушылық, ізденушілік

Ал енді балалар менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. «Тал басында тамаша үй». Ұя

  • Жарайсыңдар, осы ұяны нелер мекендейді?

  • Ұяны құстар мекендейді.

  • Құстар туралы сендер не білесіңдер?

- Құстар адамға дос. Олар ағаштарды құрт - құрмысқалардан қорғайды. Құстардың пайдасы өте көп. Олар өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Қазақ халқы ежелден құстарға әуес болған құстардың атымен перзенттерінің атын атаған. Мысалы: Қарлығаш, Бүркіт, Лашын, Сандуғаш т.б.

Біз енді үш топқа бөлінейік:

  1. Үй құстары

  2. Дала құстары

  3. Орман құстары

1 - тапсырма:

Жұмбақ сайысын бастайық,

Ойланайық, саспайық.

Қандай жұмбақ болса да.

Шешпей оны қоймайық.

Ерте тұрады, жар шақырады

Күн бата қонақтап

Таң ата жерден жем аңдыған

Ақ сарайын талқандап

Шықты біреу талтаңдап

2 - тапсырма:

Тақпақ айту жарысы

3 - тапсырма:

Буындардан құстардың атын табу

Қар лы ғаш, Тор ғай, Қар ға, Ла шын.

4 - тапсырма:

Ауызша есептер

Аулада 5 үйрек

Қорада 3 үйрек

1 үйрек тығылды

1 үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек?

Көлден тұшты 7 қаз,

Қайтып келді екі қаз

Қонбай кетті неше қаз.

Бір алманы 4 - ке бөлдім,

Бір бөлігін жеп те көрдім.

Қалған үш бөлігін,

Қасымдағы үш досыма бердім.

Қолымда не қалды?

5 - тапсырма:

Балалар жапсыру арқылы өз топтарын қорғау

Құстарды бақылап ажыратып үйренеді.









(Әтеш)

(Тауық)

(Балапан)

Балалар тақпақтарын айтады.



6 үйрек

5 қаз



қалмады

Қорытындылау өзін - өзі бағалау

Ең әдемі құс қандай?

Құстар немен қоректенеді?

Қандай құстар адамға жақын жүреді.



Күтілетін нәтиже: Құстар және оның табиғатқа келтіретін пайдасы жөніндегі ұғымның қалыптасуы.

Білу керек: Үй құстары мен дала құстарын ажырата білуі.

Түсінігі: құстардың тіршілігі. Немен қоректенетіні туралы түсінігі.

Көрсете білуі: Құстарға қамқорлық жасап оларды қорғау.

Технологиялық картаны толтыру тәрбиеші: Жиемуратова К.

Технологиялық картаны тексерген әдіскер: Диқанбаева Ж.Д





© 2010-2022