«Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің»-мерекелік ертеңгілік

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің»-мерекелік ертеңгілік

Жүргізуші: Бүгін бізде мереке,қуанышта балалар, хош келдіңдер,хош келдіңдер ата-ана,қонақтар!
Құрметті «Достық» балабақшамыздың көркі де,сәні болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын,аспандарың ашық,елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпін.

Бүгінгі 1-маусым Балалар күніне арналған «Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісіне береміз

Жүргізуші: .Кезекті біздің балаларға берейік.
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Әншілерді шақырсақ

«Әжем айтқан ертегі» әнімен Сембай Бекұлан,Айдос Асылым.

Ханша
Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды)
Біз қандай елге келдік,ақылшы періштем?
Періште: Бұл «Достық» балдырғандар елі.
Бұл елде өте әдемі,ақылды,білімпаз,өнерпаз балалар тұрады.
(осы сәтте бір топ бала шығады)
Жүрг;
«Еркетай» тобының бүлдіршіндері:

Бекжан:

Бейбітшілік әніміз,

Өнерліміз бәріміз.

Қазақстан баласында,

Жарасады сәніміз.

Наби:

Бізбен бірге бар әлем,

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша.

Қарина:

Гүлмен келсін келер күн,

Бала бағы бар елдің,

Балалардың күлкісі,

Көркі, сәні әлемі.


Аяна:

Алақай-ау, алақай,

Той тойлайық балақай.

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық балақай.

Қайнар:

Біз бақытты баламыз,

Ақылдымыз данамыз.

Ертеңгі күн еліміздің,

Батырлары боламыз.

Жүрг: «Балдырған» тобының балалары «Достық» биімен ортаға шығады
Ханша:Ой,қандай керемет балалар,қандай өнерлі балалар,қандай әдемі балалар.


Періште: Көрдің бе сүйікті ханша менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа айналғандай.Мен сізге уәде беріп едім ғой,егер сіз тек әділдік пен адалдық жолында жүрсеңіз мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп.
Міне мен өз уәдемде тұрдым.
(Осы кезде Мыстан кемпір келеді)
Мыстан кемпір: О-О мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой. Неге маған айтпай кетіп қалдыңдар а? Неге айтшы Ханша, мен де сенің досың едім ғой.
Періште: Сен Ханшаны азғырма.Ол тек әділдік пен адалдықты сүйеді.Сенімен дос болғысы келмейді,сен тек жаманшылыққа бастайсың.
Мыстан кемпір: Иә, саған, мен де,Ханшаның досымын.
Ханша: Сендерге не болған,қойыңдар енді.Маған сөз беретін түрлерің жоқ ғой.Маған Періштенің ақылы ұнады.Өйткені мен осы жасқа келгенше мынадай ғажайып елде болған емеспін.Сондықтан Мыстан кемпір сен бұл ғажайыпты бізбен бірге тамашала! Ойыңды сосын айтарсың.
Мыстан кемпір: Құп!Мәртебелі Ханшам Құзырыңа құлдық.
Ханша: Келесі кезекте «Еркетай » тобының орындауында «Барбарики» бишілерді шақырамыз

Жүрг: Әке менен Анаға құт

Бала күлкісі сәбидің.

Бала ғұмыр, бала-бақыт

Қуанышы әр үйдің.

Жүрг:

Жаратқаннан жалбарынып

Біреу бала сұраған.

Бала-мұрат, бала үміт

Артық байлық мұрадан - десек, өмірдегі бар байлығымыз бен мұрамыз, бар қуанышымыз бен тілегіміз-балаларымызды өздеріңіздің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық!

«Грузин» биі «Балдырған» тобының орындауында.

Жүрг: Қандай ғажап қараңыз жан-жағына

Күміс күлкі сыймай тұр қара мұнда

Бүлдіршіннен бақытты жан бар ма екен

Қол жеткізген аңсаған арманына

Ортада тұр бақшамыздың бөбектері

Лүпіл қағып кішкентай жүректері.

Тақпақтар. «Балапан» тобының балалары

Айназ : Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша

Қуанышқа бөленген

Өмір қандай тамаша.

Нұрасыл: Балабақша аясында

Жадырайды жанымыз

Балалар бақшасында бүгін той!

Балалар қорғау күні біліп қой.

Адия: Гүлмен келсін келер күн

Бала-бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Көркі,сәні әлемнің.

З.Нұрхан Бала,бала баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.

Алишер: Бейбітшілік әніміз

Өнерліміз бәріміз

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз

Дарын: Той тойлайық балақай

Қызарғанша алақан

Кел соғайық балақай.

Алдияр: Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзді тыңдаймын

Апайларды сыйлаймын.

«Балапан» тобының орындауында : «Кішкентай жұлдыздар» биі.

«Балапан» тобының бүлдіршіні: Таженова Нұрасылдың орындауында «Апам үшін» әні.

«Айгөлек» тобының балаларының орындауында тақпақтар:

Фарида; Нұрға толы жас жаны,

Тыйылмасын күлкісі.

Бұлтсыз болып аспаны,

Бұзылмасын ұйқысы.

Әйгерім; Жол ашыңдар сәбиге

Болашағын қорғаңдар

Өсе берсін әр үйде

Бүлдіршіндер ормандар.


Жаннұр; Біз сүйеміз бейбіт күнді,

Бейбіт күнде туғанбыз.

Біздің өмір күндей нұрлы

Бақыт ұшқан ұланбыз.

Нұрберген; Емін еркін балалар

Ержетіңдер асыр сап ,

Сол үшінде берілген

Сендерге бұл асыл шақ.

Мырзаят; Бала адамның бауыр еті,

Бауыр еті журегі.

Бүгін сәби бөбектер,

Ертең елдің тірегі.

Інкәр; Мәпелейсің мені анам.

Қолыңдағы құсыңдай,

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Әділер; Достықты біз сүйеміз,

Бірге күліп ойнаймыз,

Сіздердіде құттықтап

Мерекені тойлаймыз.

С.Ақниет. Біз тілейміз бар бөбекке

Бақытты өмір сүреміз

Туған елге еркелеп

Қуанамыз күлеміз

Қанат; Шынығамыз ,ойнаймыз

Жас ұрпақпыз талапты

Мерекені тойлаймыз

Ән айтамыз, би билеп.

С.Кәусар.Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам

Ұқыпты осындай ,

Болайықшы досымай!

Барысхан; Кіп-кішкентай болсамда

Мен тәртіпті баламын

Үлкенді мен сыйлаймын,
Бәрін жақсы көремін.

Аруна; Болайықшы осындай

Жақсы бала еңбекші,

Қиындықты жеңіп кіл.

Ардақ; Жақсылыққа бақытқа,

Талпынған әр уақытта,

Бала біткен дос бауыр

Болмасын еш тосқауыл.

Д.Ақниет.Таңмен күліп оянған,

Алтын нұрға боялған.

Балабақшамды сүйемін,

Алтын ұям ақ орман.

(клоундар жүгіріп кіреді ойын ойнатат)

Клоун : балалар , жаз мезгілі болды, кішкене ойнасақ қайтеді?

Жүрг: Көңілді өскен баламыз

Шырқатып әнге саламыз

Тойымызға сән берер

Би де билей аламыз

«Айгөлек» тобының орындауында «Саңырауқұлақтар» биі.

Жүрг: Балалар, сіздер ертегі жақсы көресіңдер ме?

Ендеше, «Күншіл үйрек» ертегісін тамашалайық

(«Балдырған» тобының орындауында «Күншіл үйрек» ертегі қойылымы)

Жүрг: Жырла бөбек, жан бөбек

Жырың шырын бал бөбек

Алтын өмір бесікте

Сені сәулем тербеткен

Баулыған Отан ананың

Ұланысың ер жеткен.

«Айгөлек» тобының орындауында хор: «Біздің Қазақстан».

«Балдырған» тобының орындауында «Ковбой» биі.
Жүргізуші:
Айдында жүзген аққудай

ұйғыр қыздарының биін-ай
әуеніне қол соғып,
«Айгөлек» тобының орындауында «Ұйғыр» биін кабыл алыңыздар
Жүргізуші:

Ханша: Біздің елге қайтатын уақытымыз болды. Бізге рұқсат бересіңдер ме балалар? Менің достарым қайда?
Жүргізуші:жарайды, келіп бізбен бірге мерекені тойлағандарың үшін рахмет! Жолдарыңыз болсын!
Ханша: Сіздің балаларыңыздан көп өнеге алдық.Мен енді тек бойыма жақсы қасиеттерді жинауға уәде беремін,осындай ғажайып әлеммен таныстырған Періште досыма көп рахмет.
Періште:Достар хош болыңдар кездескенше күн арайлы болсын!

Мыстан кемпір: Менде енді жақсы дос болуға уәде етемін,кешіріңдер мені
(Қоштасып үшеуі шығып кетеді)
Жүргізуші:Қане балалар жақсы әнімізбен достарымызды шығарып салайық-«Қазақстаным» әні

Жүрг: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,

Қалады бүгінгі күн ойымызда.

Баланы бақытым деп ұлықтадық,

Мереке құтты болсын баршаңызға!

Жүрг:

Осындай ойын сауық бола берсін

Балабақшамыз той думанға тола берсін.

Өмірдің гүл жайнаған жаннатындай

Бақшаға бақыт құсы қона берсін! Құрметті қонақтар, ата-аналар, келесі кездескенше сау саламат болайық!









© 2010-2022