Баяндама Оқушының үй жұмысына ата-ананың көмегі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушының үй жұмысына ата - ана көмегі

(Баяндама)

Баланың бас ұстазы - ата - анасы. Қазіргі кездегі мектептің қойып отырған талабы - жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерді күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік - шеберліктермен қолдана білу. Мұндай күрделі мәселені мектеп тек қана, ата -ананың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеше алады.

Мектепке барған бала еңбектің жаңа түрі -оқумен шұғылдана бастайды. Даярлық сынып оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болды. Бұл- бірақ алғашқы мектепке оқуға деген сыртқы еліктеу. Сондықтан оқушының өзі басты сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырмаса оқу жылының соңында даярлық - сынып оқушысының оқуға, тіптен мектепке бару талабы жойылады. Сол себепті ата- ана баласының оқып жүргені немқұрайлы қарамауы тиіс. Амал жоқтықтаноқып жүрген оқушы өзіне де, жан - ұяға да, мектепке де көптеген реніш әкелді. Ата- ана осыған байланысты мектепке барған күннен бастап, оның оқушыға, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап, көмектесуі керек. Даярлық сынып балаларында оқуға және алғашқы мұғаліміне деген сүйіспеншілік пайда болады. Ата- ана мұны әрқашан қолдауы тиісті. Мұғалім туралы айтқан дөрекі сөздер ол мұғалімінің абыройын төмендетіп, баласының мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызығушылығын жойып жібереді.

Егер бала ата- анасының сабаққа дайындау барысында өиын мәселелерді шешуге көмектесетінін білсе, оларды сыйлаушылығы артады. Төмен баға алса, олардан ұялып, қысылады. Тек жақсы баға үшін оқыған балада танымдылық қызмет пен қызығушылықтың жақсы дамуы екіталай. Сонымен қатар бала өтірік айтуға, тек өзіне пайдалы жаққа ғана әдістенуге, жағымсыз қылықтарға үйретеді. Ата - ана баланың бойынан лайықты үстем, кітап қоятын сөре, оқу құралы, қалам, қара және түсті қарындаш, сызғыш, өшіргіш тағы басқа құрал - жабдықтары бар оқушы бұрышын жасауы керек.

Оқуға барған күннен бастап бала бір уақытта сабақ дайындауы үшін күн тәртібі болуы керек. Бала сабақ дайындағанда бөлмеде тыныштық болғаны жөн. Осыдан- ақ бала әке- шешесінің, оның оқуына үлкен мән беретінін байқайды. Ата-- ана баланың оқуын қадағалауға уақыт бөліп дұрыс бағалап отырса баланың өзіне деген сенімшілігі күшейе түседі.

Баланың өмірі күрделі дүние. Оны тәрбиелеудің де қиындығы мен қызығы мол. Соның бірі - баланы үнемдеуде үйреті, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Мұның өзі қазір бүкіл еліміз болып қолға ала бастаған міндет десек, артық айтқандық емес.



© 2010-2022