Конспект занятия Сиқырлы сандық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақыбы: Сиқырлы сандық

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ойын арқылы балалардың білімге ынтасын арттыру.

Геометриялық пішіндер, көлемдер туралы білімдерін

тереңдету, аттарын айтып , түстерін ажырата білуін

жаттықтыру.

Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: ойын арқылы балаларды ұйымшылдыққа, өзін ұстай білуге, өзара сыйластыққа баулу.

Құралдар. Көрнекіліктер үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек картоннан қиылған, құрылыс ойыншықтар, әдемі әшекейленгкн сандық, қалта, асық.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс. Сиқырлы сандық, қалта, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі: балалар бүгін ерекше күн, қане балалар бәріміз бүгінгі күніміз сәтті өту үшін мына өлең жолдарымен амандасып қояйық

Қуан, шаттан, алапқай,

Қуанатын кез келді.

Күіп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн балалар!

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар : Сәлеметсіз бе!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Осы бір сәтті күнімізді қуанышпен, жақсылықпен өткізейік.

Ал, енді балалар, барлығың тақтадағы суретке назар аударайық.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс.

- Ауа райы суық.

- Далада жерде не жатыр?

- Қар.

- Қардың түсі қандай?

- Ақ

- Қарды қолмызбен ұстап көрсек, қар қандай?

- Салқын.

Дұрыс айтасыңдар балалар. Қазір балалар біз қандай пішіндерді білеміз сол жайында айтып өтейік.

  • Мынау не?

  • Дөңгелек.

  • Түсі қандай?

  • Сары.

  • Ал, манау қандай дөңгелек?

  • Кіші дөңгелек

  • Түсі қандай?

  • Қызыл.

  • Мынау қандай пішін?

  • Төрбұрыш.

  • Түсі қандай?

  • Көк

  • Мынау қандай төртбұрыш?

  • Кіші төртбұрыш, түсі жасыл

  • Мынау қай пішін?

  • Үшбұрыш, түсі қара.

  • Ал, мына үшбұрыш қандай?

  • Кіші үшбұрыш, түсі ақ

Өте жақсы балалар сендер барлық пішіндерді, түстерді жақсы айыра білесіңдер.

(Музыка ойналып топқа, қоян креді)

Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар?!

Балалар: Сәлеметсіз бе ?!

  • Балалар, бізге қонаққа кім келді?

Балалар: - қоян.

Қоян: - Балалар мен орманда келе жатып, сандық тауып алдым. Бұл сандық жәй сандық емес, сиқырлы сандық екен. Сосын сендерге сыйлық болсын деп ала келдім.

-Рахмет саған, қоян.

Тәрбиеші: Балалар, қоянда шаршап келген болар, бәріміз қосылып орнымызден тұрып, «Сұр қоян» әнін айтып, бойымызды сергітіп алайық.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы - қырлы жерлермен,

Ытқып, ытқып секірді.

Тәрбиеші: қоян шаршап келген боларсың төрлет төрге отыр. Балалар, мына сиқырлы сандықтың ішінде не бар екен, ашып көрейік пе? Олай болса қане сендер үшке дейін санаңдар. 1-2-3 сандығым ашыл.

  • Қандай керемет, мына сандықтың ішінде қаншама ойыншықтар, сыйлықтар бар.

  • Мынау не, балалар?

  • Доп

  • Доптың түсі қандай?

  • Сары

  • Доп қандай пішінге ұқсайды?

  • Дөңгелекке

  • Ал, мынау қандай ойыншық?

  • Кубик

  • Кубиктік түсі қандай?

  • Көк

  • Қадай пішінге ұқсайды

  • Төртбұрышқа

  • Тағы не бар екен...

  • Мынау не балалар?

  • Қалта.

  • Қалтаның пішіні қандай пішінге ұқсайды?

  • Төртбұрышқа.

Мына қалтаның ішінде қаншама әдемі асықтар бар. Қане осы асықтармен «Асық тасу» ойынын ойнайық.

Қоян: Балалар, бәріңде жылдам, ширақ қимылдадыңдар сендерге рахмет. Мен енді орманға үйіме кетейін. Сендер ақылды, бәрін біледі екенсіңдер. Сауболыңдар!

Балалар: Саубол, қоян.

Тәрбиеші:

  • Балалар бүгін бізге кім қонаққа келді?

  • Ол бізге не әкелді?

  • Оның ішінен не шықты?

  • Қандай ойын ойнадық?

  • Ойынды немен ойнадық?

  • Балалар сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар сендерге рахмет деп, сабағымызды аяқтаймыз.

© 2010-2022