Утренник по теме Золотая осень

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:









Утренник по теме Золотая осень

(Ертеңгілігі.)






Мақсаты:

Табиғатты аялай, қорғай білуге үйрету.

Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Жыл мезгілі жайындағы түсініктерін қалыптастыру.

Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Зал мерекеге сай безендірілген.

Әсем музыка ырғағымен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші:

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге төлы ел, далам

Дариядай шалқып жүр.

Мейірлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ризамыз.

Балалар біз бүгін мынадай әсем залға қай мерекені қарсы алуға келдік?

Балалар:

«Алтын күз» мерекесін.

Тәрбиеші:

Дұрыс айтасыңдар.

«Алтын күз» мерекесіне келдіңдер.

Олай болса балалар «Алтын күз» мерекесіне арнап «Күз жомарт» әнін орындайық.

«Күз жомарт» әні орындалады.

Ән орындалып біткен кезде, есік жақтан «у-у-у»-деп соққан желдің дыбысы шығады.

Тәрбиеші:

Балалар есік жақтан шыққан дыбысты естідіңдер ме?

Балалар:

Ия естідік.

Тәрбиеші:

Қанеки мен жақынырақ барып көрейінші, мүмкін бізге қонаққа «Алтын күз» суық желін алып келіп қалған шығар.

Осы кезде музыка әуенімен залға «Алтын күз» кіреді. Залды айнала жүріп балалармен амандасады.

Күз:

Сәлем өрен достарым

Өмірге көп қосқаным

Қымбатты сый алыңдар

Қызығына тойыңдар

Молайтыңдар шаттықты

Ән айтыңдар бақытты.

«Жау-жау-жаңбыр» әні орындалады.

Күз:

Рахмет сендерге, көңілді көтерер әсем өлеңдеріңе, ал енді тақпақ айта аласыңдар ма?

Балалар:

Ия күз біздің саған арнаған тақпақтарымыз көп.

Әділхан:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бүл күндері киіпті

Сары көйлек жібегін

Дарина:

Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау

Әлдібек:

Қомба толы астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап қауын алдық біз.

Мадина:

Күздің қазан айында

Алма - алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сылдыр-сылдыр етеді.

Сұлтан:

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан - алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Б. Аружан:

Апорт деген алма бар

Алматы оның атағы

Ондай алма қайда бар

Жерді жарған атағы.

Ескендір:

Өрік, шие, балы бар

Қауын, қарбыз көбейді

Жегің келсе бәрін ал

Неге аласың демейді.

Мерей:

О, алақай тамаша!

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма, еді жатып ап.

Тәрбиеші:

«Күз»- біздің балалардың өнерлері көп, қазір қыздарымыз би билеп береді.

Би:

«Жапырақтар биі»

Күз мезгілі ойын ойнатады.

Ойын:

«Кім шапшаң?»

Қорытынды:

Өлең.

Қызыл,сары,көк шар

Қолымызда көп шар

Әуеде қалқиды

Әніміз шалқиды

Қызыл,сары,көк шар

Қолымызда көп шар

Күн дейміз айдаймыз

Ойнаймыз күлеміз.

«Алтын күз» балаларға әкелген сыйлықтарын беріп балалармен қоштасады.

Балалар өз қол еңбектерін аналарына әжелеріне сыйға береді.


© 2010-2022