Урок для мини центра

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

«Ақтас негізгі мектебі» КММ

«Балдәурен» шағын орталығы

Тәрбиеші: Тоқпанова Шолпан Қабиқызы

Урок для мини центра

Мақсаты: 8 наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру. Балаларды ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қаситеттерге тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдары: Бөлме гүлдермен, шарлармен безендірілген.

«Менің анам осындай...» атты балалардың аналарын бейнелеген сурет көрмесі, аналарына арнап жасаған открыткалар, бас орамалдар, ленталар.

Тәрбиеші: Құрметті аналар, ұстаздар, қонақтар! Сіздерді көктемнің ең шуақты әсем мерекесі Аналар күнімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, мол бақыт тілеп, балаларыңыздың қуанышына бөлене беріңіздер деймін. Кезекті сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өміржанова Жансұлу Сапарқызына беремін.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Омарова Айгерім Марданқызына беремін. Енді келген қонақтарымызға беремін:

Балалар, жыл сайын, осы күні біз аналарымызды, әжелерімізді, қыздарды мерекелерімен құттықтаймыз.


  • Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан таңға!

Тәрбиеші:

  • Қазір қай жыл мезгілі келді?

  • Көктем

Көктем-Гүлжан Жұмағұлқызы:

Сәлем, сәлем, балақайлар Құстар әнін ала келдім

Әзиз әже, назды апайлар Жан бітірткен табиғатқа

Қуаныңдар алақайлап, Гүлдерімді ала келдім

- Балалардың әсем дауыстарын естіп, мені сағынған шығарсыңдар деп келіп қалдым

  • Көктем айларын атаңдаршы.

  • Наурыз, сәуір, мамыр

  • Көктемде қандай мерекелер болады?

  • 8-Наурыз- Аналар мерекесі, Наурыз тойы

  • Бүгін біз қандай мерекені атап өтеміз? Кімдерді құттықтаймыз?

  • 8-Наурыз мерекесі. Аналарды, әжелерді, тәтелерді, қыздарды құттықтаймыз.

Гүлжан тәте : Менің сендерге арнап әкелген сыйлығым бар, әдемі шарлар әкелдім. Шарларды таратып беру

Тәрбиеші: Көктем, енді балалардың өнерін отырып бізбен бірге тамашалаңыз.

Ән: Шар

Балалар аналарына шарларын береді

Тәрбиеші: «Күнім, жаным» дегенді

«Құлыншағым» дегенді

«Қошақаным» дегенді

«Айналайын» дегенді

Ойлап тапқан кім екен?

Балалар бірге: А-НА-ЛАР

Тәрбиеші: Ендеше біз қазір аналарымызға арнап жаттаған тақпақтарымызды айтып береміз

Есболат: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Аяулы менің анашым

Ырысхан: Аялаған, саялаған

Бар бақытым, берекем

Апатайым, құттықтаймын

Бүгін сенің мерекең

Ақерке:Өлең айтып беремін

Нан да алып келемін

Өйткені мен анамды

Өте жақсы көремін.

Ән: Құттықтаймын, мама, туған күніңмен

Тәрбиеші: Балалар, біз қандай сезім мүшелерін білеміз?

  • Көз, құлақ, мұрын, қол, тіл.

  • Қай мүшемен нені сеземіз?

  • Көзбен көреміз, құлақпен естиміз, мұрынмен иісті сеземіз, тілмен дәмді сеземіз, қолмен ұстап пішінін, көлемін, жұмсақтығын сеземіз.

  • Дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз қазір аналарымыздың дауысын есту арқылы танитын боламыз.

Балалар, мамаларың сендерді қалай еркелететіндерін білесіңдер, ендеше, аналарымыздың дауысын да тануымыз керек. Қазір біз кімнің анасы еркелетіп шақырғанын дауысынан танимыз

(Телефонға алдын ала жазылған аналардың дауысын кезектетіп тыңдату)

Ендігі кезекті аналарымызға берейік. Аналарың қолдарыңды ұстау арқылы өз баласын тауып алсын. (Аналардың көздерін кезек жауып, балалардың қолдарын сипау арқылы өз баласын тауып алулары керек. Балалардың орындарын ауыстырып отыру)



Ән: Айналайын ақ мамам

Есболат: Айтатын көп әңгімем

Тыңдасаңыз бар енді

Бұл күні мен алдымен

Құттықтаймын әжемді

Ақерке:Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірлеп

Аналарға сыйлаймыз

Ырысхан: Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын

Көрініс: Бүгін 8-Наурыз «Сен анаңа не сыйлайсың?»

Есболат -ит-

Ақерке -көжек-

Ақат -қонжық

Ілияс -тышқан

Айсезім - сиыр

Ырысхан -қыз

Есболат: Мейіріміне қанбаймын

Тіршілігін жалғаймын

Ақ мамамның жанында

Ең бақытты жандаймын

Айсезім: Әлпештеген, аялаған

Ақ сүт берген, апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

Ілияс: Ана -біздің күніміз

Ана-біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Ақат: Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Ән: Бала, бала, балақан

Тәрбиеші: Балалар,бүгін сендер аналарыңды әдемілейсіңдер. Ол қалай дейсіңдер ғой? Қазір сендер аналарыңның бастарына орамал тағып әдемілеп содан кейін «Менің анам ең сұлу» деп айтасыңдар

Ырысхан: Ақ сүтінен жаралған

Ақ сүтінен нәр алған

Анаға бас иеміз

Есболат: Туған елдің тілі деп

Туған жердің үні деп

Анаға бас иеміз

Ақерке: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Әжелер немере қыздарының бастарына әдемі лента тағады

Ән: Біз балдырған баламыз

Тәрбиеші:

Өмірге бізді келтіріп

Жарық дүние сыйлаған

Жамандыққа баласын

Ешқашан да қимаған

Көрмесін қайғы балалар

Аман болсын аналар!,-деген сөздермен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз

Ән: Әрқашан күн сөнбесін





© 2010-2022