Ашық сабақ: Өзіңе және басқаға көмектес

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ: Өзіңе және басқаға көмектес 6 « Айгөлек» ересек тобында ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы

Күні,айы,жылы: 23.01.2015 жыл

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Өзіне және басқаға көмектес

Мақсаты:

1.Білімділік: Денсаулықты нығайту, бала ағзаны мен табиғи-әлеуметтік орта арасыңдағы тепе -теңдігін сақтауға тиімді жағдай жасау балаларды салауатты өмір салтының құндылықтарына бейімдеу.

2.Дамытушылық: балалардың сөйлеу тілдерін дамыту.

3.Тәрбиелік: табиғатты, өздерінің денсаулықтарын, және өзгелердің денсаулығын көмектесуге тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: наукастанып, жарақатанып.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, мадақтау, қортындылау.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Педагог жыл мезгілі туралы әңгімелесу.

Балалар бір-біріне өздерінің жақсы тілектерін айтады.

Балалар өздеріне ұнаған тілектерін айтады.

Іздену-ұйымдастырушы

Балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміз Валеология балалар өткен оқу іс әрекетімізде біз пайдалы және зиянды әдетер туралы әңгімеледіқ ал бүгінгі тақырыбымыз Өзіне және басқаға көмектес деген тақырыпта оқу іс әрекетін бастаймыз.

Балалар өзіне және басқаға көмектес дегеніміз, өзіңнің құрдастарының түріне, қөзіне,қолына, денесіне қарап оның жағдайын анықтап алу. Наукастанып отырганын кезде дереу ересектерге хабарлау . наукас адамға мүмкіндігінше көмектесу. Азық-аулақ жаратқаттанғанда алғашқы көмек көрсету ережелерін білу.

Дененің ауырғанын жеңілдететін тәсілдер. Дененің ауырғанын жеңілдете білу, ауыртып алған жерін сипалау(укалау) , салқын затты басу (су орамал), зейінін басқа жаққа аудару, қорқынышын сейілту.

Өзінен кішілерге, әлсіздерге қамқорлық көрсету. Басқа біріудің көмектесуін күтпей -ақ, көмек керек сәтте басқаларға көмектесу.

Сергіту сәті:

Мынау-мынау жүрегім,

Бәрі осыдан басталған

Мынау -басым ақылды

Бәрін осы басқарған

Мынау-менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым

Барлық істі атқарған

Балаларға өздерінің ойларын айтуды сұрау.


Балалар оқу іс әрекетіне куанып мұқият тыңдауга тырысады.

Балалар кішкентайларға құрбыларына көмектесу керек екнін білуге тырысады.



Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.



Балалар өздерінің ойларын айтады.

Рефлексті коррекциялаушы

Балалар бүгін бізде қандай оқу іс әрекеті болды ?

Біздер не туралы әңгімеледіқ?

Өзімізге және өзгелергі біз қалай көмектесуміз?

Оқу іс әрекетіне жақсы катыскан балаларды мадақтау.

Балалар берілген сұрақтарға жауап беруге асығады.

Өздерін мадақтағанға куанады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: бір-біріне жақсы тилектер айта білуі.

Нені игереді: сұрақа жауап беруді игереді.

Нені біледі: кішкентайларға көмек көрсетуді.

Тексерілді:

Балабақша әдіскері:

Аймаганбетова С.К.

16.01. 2015 жыл.


© 2010-2022