Күлқыздың жаңа жыл кеші

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

№29"Ай-Керім"бөбекжай-

балабақшасының менгерушісі

А.И.Хожамуратова.

Күлқыздың

жаңа-жыл кеші

Күлқыздың жаңа жыл кеші

Тәрбиешілер:

С.Е.Ордабаева

Шымкент 2015ж

"Күлқыздың жаңа жыл кеші"

Зал мерекеге сай безендірілген.Мерекелік музыка ойнап тұр.Ортада Күлқыз әртүрлі жұмыстар атқарып жүгіріп жүреді.Бір кезде араласып кеткен дәндерді ажыратып отырып ұйықтап кетеді.Осы кезде залға сыйқыршы перизат келіп Күлқыздың шаршап ұйықтап кеткенін көріп аяп кетеді.Күлқыздың басынан сипап тұрып: Сен қатты шаршапсың ғой. Осы кезде Күлқыз оянып кетеді.

-Сәлеметсіз бе! сіз кім боласыз?

-Сәлеметсін бе! Күлқыз.Мен сыйқыршы перизатпын.Мен сенің әр ісіңді бақылап жүремін.Сенің қалай еңбектенетініңді мен жақсы білемін.Сен бүгін жаңа жыл екенін ұмытып кеткен боларсың.

-Ой бүгін жаңа жыл екен гой ұмытып кетіппін ғой.Бүгін бал маскарат болады гой я.

-Әрине бүгі жаңа-жылдық бал-маскарат болады.Сенің ол жаққа барғың келмей ме?

-Әрине барғымкеледі.Бірақ мынау дәндерді әлі бөліп бітпедім.Оның үстіне ол жаққа баратын киімім де жоқ.

-Сен оған алаң болма,мен дәндерді бөліп сенің бар жұмысыңды дайын қыламын.Ал киіміңе келер болсақ мен қазір ақ оны керемет койлекке айландырып беремін.Мен сыйқыршы емеспін бе?

Осылайша сыйқыршы перизат Күлқызды сыйқырлы шеңбер матаның ішіне кіргізіп сыйқырлап Күлқызды сұлу ханшайым жасап шығады.Озінің қалай озгеріп кеткенін көрген Күлқыз перизатқа рахметін айтады.

Сыйқыршы перизат:Міне енді сен жаңа жылдық кешке дайынсың

Күлқыз:Ой,неткен керемет рахмет сізге

Сыйқыршы перизат:Бара гой енді,көңіліңді көтер.

Күлқыз:Үлкен рахмет сізге!

Осы кезде залға музыка әуенімен балалар кіреді.Олар жаңа-жылдық флешмоб көрсетеді.Балаларға Күлқыз да қосыла билейді.Билеп болған соң балалар өз орындарына жайғасады.

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар,Ата-аналар!Бүгінгі жаңа-жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

Төрле төрле жаңа жыл

Айтамыз тебіренте Жаңа жыр

Төрле,төрле құтты жыл

Әр кез жүрші төгіп нұр

Ақ көрпесін жамылып

ұйықтап жатқан дала нұр

Балаларды сағынып

Келді міне жаңа жыл!

Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы

Дастарханыма елімнің

Береке,ырыс сыилашы

Жаңа жыл,Жаңа жыл

Төгілсін жаңа нұр.

Сыйлығын сүйретіп

Келді міне Мешін жыл.

1-жүргізуші бала:Жаңа жыл-жаңа қадам,жаңа бағыт.

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Мешін жылы кеп қалды ортамызға

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт

2-жүргізуші бала:Құтты болсын жаңа жыл,барша халық

Қуанышқа,шаттыққа тамсанайық

Бәрімізге шынайы тілек тілеп

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Жүргізуші:Балалар бізге қонаққа Күлқыз келіпті гой,қош келдің Күлқыз біздің жаңа-жылға арналған кешімізге.

Күлқыз:Рахмет,мен сондай қуаныштымын сіздердің осындай мерекелеріңізге қатысқалы отырғаныма.

1-жүргізуші бала:Олай болса не тұрыс Күлқыздын бүгінгі күнін керемет қылып откізейік.

2-жүргізуші бала:Ия дұрыс айтасың Дина ән айтып би билеп кешімізді қызықты өткізейік.

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар,олай болса Жаңа-жыл туралы әннен бастайық.

Ән "Жана жыл"

Жүргізуші:Балалар біздің мерекемізге бірнәрсе жетіспей тұрған сияқты емес па?

Балалар: Аяз ата мен Ақша қар жетіспей тұр.

Жүргізуші:Олай болса не тұрыс Аяз ата мен Ақшақарды шақырмаймыз ба?

Балалар:Аяз ата Ақша қар,Аяз ата Ақша қар,Аяз ата Ақша қар.

Осы кезде ортаға Ақша қар келеді

Ақшақар:Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар!.Сәлеметсіндер ме балалар!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Жүргізуші: Сәлеметсіңбе,Ақшақар! Келгенің жақсы болды Аяз ата екеуіңсіз мерекеміздің сәні кірер емес.Ал Аязата қайда?

Ақшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп , ертерек кеткен еді, келмеді ме ?Енді не істедік ?

Жүргізуші:Аяз атамыз келіп қалар,біз құры қарап тұрмай Күлқыздың бүгінгі күнін қызықты өткізуді жалғастырайық

Ақшақар:Күлқыз сіздерге қонаққа келен ба?Олай болса қарап тұрмайық.

Жүргізуші:Ақшақар біздің ұлпақарларымыздың биін тамашалайық.

Би"Ұлпақарлар"

Балалардың тақпақтары (Мехрибан,Аружан,Луиза,Кәусар,Мехрниса,Кәусар,Жанерке,Асылай)

Осы кезде ортаға Аяз ата келеді

Аяз ата:

Сәлеметсіңдер ма, балалар!

Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде.

Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Ақшақар:Міне Аяз атамыз да келді.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Аяз ата.Мерекемізге қош келіпсіз!

Аяз ата:Амансыңдарма?балаларым!

Жүргізуші:Аяз ата ұзақ жолдан шаршаған боларсыз,мынау жерге отырып демалып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән "Аяз ата"

Ақшақар:Жарайсыңдар балалар өлендерің Аяз атамызға өте ұнады.Мен анау жерден бірнеше гномдарды көріп қалдым олар да Күлқыздың көңілін көтеруге келген ау.

Жүргізуші:Ия,ия олар Күлқыздың көңілін би билеп котереміз дейді.

Би"Гномдар"

Жүргізуші: Келіңдер,келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер.

Балалардың тақпақтары(Шери,Давид,Кемран,Қайсар,Шерзад,Бақдаулет,Алинұр,АленӘкежан,Бақжан)

Жүргізуші:Ау Аяз ата,Ақшақар біз шырша шамдарын жағуды ұмытып кетіппіз ғой

Ақшақар:Ия,ия ұмытып кетіппіз,бәсе мыну мерекемізге бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты еді,ол шырша шамдары екен гой.

Аяз ата:Олай болса кәнекей балаларым маған көмектесіп жіберіңдер,менімен бірге "шырша шамы жарқыра"-деп айтыңдар

Балалар Аяз атамен бірге "шырша шамы жарқыра"-деп дауыстап айтады.Шырша шамдары жарқырап жанады.

Жүргізуші:Міне қандай керемет,Аяз ата біздің балалардың осы шыршаға арнаған орыс тілінде бір керемет әні бар соны тыңдасақ қалай қарайсыз.

Аяз ата:Әрине тыңдайық

Ән " В лесу родилась елочка"

Аяз ата:Осы әннен кейін бір керемет би тамашаласақ болар еді

Жүргізуші:Аяз ата қалай біліп қойдыңыз,біздің балдар би билеуге дайын тұр.

Би "Кукарела"

Балалардың тақпақтары(Ерош,Мадина,Роза,Құралай,Дина)

Аязата: Ой жарайсыңдар,билерің керемет екен.Сендер сондай талантты балалар екенсіңдер.

Жүргізуші:Әрине Аяз ата,біздің балалар сондай талантты олар ағылшын тілінде де ән айтады.

Аязата: Аа жарайды, олай болса тыңдайық.

Ән "Жиңгл бенс"

Ақшақар:Керемет ән айттыңдар,жалыққан боларсыңдар енді бір ойын ойнайық.

Ойын "Аққала жасаймыз Жүргізуші:

"

Жүргізуші:Мынау ойыннан кейін біздің қыздардың жаңа жылға арналған биін тамашалайық.

Би "Жаңа жыл"

Ақшақар:Осындай балалардың Ата Аналары да талантты болар

Жүргізуші:Әрине,әрине біздің балалардың Ата Аналары да талантты,оған дәлел ретінде біз қазір Ата Аналарымызды ортага шақырып бір қызықты ойын ойнаймыз.

Ата Аналармен ойын "Әліппе"

Ақшақар:Сондай керемет мереке болды Күлқыз саған да ұнаған болар

Күлқыз:Әрине ұнады,менің кеткім келмей тұр.

Аязата:Мұнда Күлқыз бар ма еді мен байқамаппын да ғой.

Ақшақар: Ия Аяз ата сізге айтуды біз де ұмытып кетіппіз ғой.Күлқыз бүгін балалармен жаңа жыл кешін өткізуге келіпті.Енді қайтқалы отыр.

Аяз ата: Күлқыз міне жаңа жыл Мешін жылы да келіп қалды,ескі жылды шығарып салып жаңа жылды бірге қарсалайық.

Күлқыз:Жарайды Аяз ата.

Осы кезде ортаға қой келеді.

Қой: Сәлеметсіздер ме,қонақтар! сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен бір жыл бойы сіздермен болдым,енді менің кететін кезім жетті,мен өз орнымды мешінге бостып беретін кезім жетті.

Аяз ата: Дұрыс айтасың қой,қанекей олай болса мешін жылын ортаға шақырайық.

Мешін: Сәлеметсіздерме,құрметті қонақтар,балалар!Мен табалдырықты аттағалы тұрған Мешін жылымын.

Қой: Мешін мен саған өз орнымды босатып бергелі күтіп тұрмын,менің жылымда еліміз тыныштық пен бақытқа кенелді.Менің жылымда хандығымыздың 550 жылдығы,халықтар асамблеясының құрылғанына 25 жылдығы тойланды.Сенін келе жатқан жаңа жылыңда да осындай елеулі жақсы жаңалықтармен халқымызды қуанта бер.

Мешін: Әрине қой мен елімізге тек береке,бірлік,тыныштық,бақыт алып келуге уәде беремін.

Қой: Өте жақсы,олай болса мен кетейін.Сау болыңыздр.

Мешін: Жаңа жыл барлығыңызға құтты болсын.

Аяз ата: Мешін жылы барлығыңызға құт,береке,бақыт ала келсін.Ақшақар қызым неге тұрмыз балаларға әкелген базарлығымызды таратып біз де жылжиық.Бізді әлі талай бала күтіп отыр.

Ақшақар менАяз ата балаларға сыйлықтарын таратады.

Аяз ата:Ал балаларым қайта айналып келгенше сау болыңдар.

Осы кезде ортаға сыйқыршы перизат келеді.

Сыйқыршы перизат:Күлқыз бүгінгі өткізген күнің ұнады ма?

Күлқыз: Әрине өте қатты ұнады,сізге үлкен рахмет.

Сыйқыршы перизат: Олай болса біздің қайтатын уақыт жетті,балалармен қоштасып жолға шығайық.

Күлқыз: Балалар сендерге үлкен рахмет,сау болыңдар.

Балалар Күлқызбен қоштасады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар,ата-аналар келе жатқан жаңа жыл құтты болсын.Баршаңызға жаңа жылда жаңа бақыт жаңа табыс әкелсін.Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын,өсіріп отырған ұл қыздарыңыздың тек қуанышын көріңіздер.

Жаңа жыл құтты болсын!!!!!



© 2010-2022