Доклад Қазақстан халықтарының ассамблеясының 20 жылдығын тойлау қарсаңында мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан халықтарының ассамблеясының 20 жылдығын тойлау қарсаңында мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік- патриоттық тәрбие беру

Мектеп жасына дейінгі мекемелерде тәрбие беру мен үйрету жағдайын түбегейлі жаңарту қоғамдағы білім беру жүйесінің рухани, мәдени жасампаздық рөлін жаңартуға бағытталған, 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген егеменді Қазақстан Республикасының жаңа білім беру саясатымен белгіленген.

Біздің «Астана» бөбекжайы 2014 жылдың 06 шілдесінен бастап жұмыс істейді, еліміздің атаулы күні-Астана күні, оның салтанатты ашылуы болды. Сондықтан «Астана» бөбекжайы деп аталды. Балалардың Отанымызға деген махабатын оятуды да біз бала бақшаның аталуынан бастадық. Біз мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік-патриоттық тәрбие беруге зор көңіл бөлуімізге осы себеп болды. Бір жыл ғана жұмыс істесек те біз еліміздің атаулы күндеріне аса көңіл бөлеміз. Біздің мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру -білім беру жұмысының негізінде Қазақстан Республикасы президентінің «балаларға тәрбие беру мен оқытуда, олар өздерін бір жағынан өзінің ата -аналарының балалары және ата бабаларының немерелері мен шөберелері екенін мойындаса, екінші жағынан өз елінің балалары екенін мойындайтындай етіп тәрбиелеу және үйрету қажет екендігі» туралы айтылған тезисі жатыр.

Мектеп жасына дейінгі балаларда патриоттық сезімді тәрбиелеу -қиын да ұзақ процесс,сондықтан біз оны жеңіл де, қызықты, танымды және есте қаларлықтай етуге тырысамыз.«Астана» бөбекжайымыздағы жұмысымызды жақындарына,балабақшаға, туған қаласына және туған жеріне деген махаббатын дамытуға мүмкіндік беретін, әр топта пәндік- дамыту ортасын құрудан бастадық. Сонымен бірге музыкалық залдың басты атрибуты болып табылатын, түрлі- түсті ленталармен залда шаңырақ әшекейленді.

2015 жыл атаулы күндерімен бай, осы даталарға біз іс шаралар өткізумен ғана тоқталмай,сонымен қатар сабақтарда және серуендеу, экскурссия, конкурстар кезінде аса көңіл аударамыз.Атап айтқанда, Қазақстан халықтарының ассамблеясының 20 жылдығына ерекше көңіл бөлінді.

Сабақтарда балалар альбомдар,көркем суреттер,журнал және туған жер туралы көріністерді қарау кезінде балалар біздің республикамыздың қалаларымен, олардың көз тартарлық жерлерімен, ұлттық кухня, біздің республикамызда тұратын әр түрлі халықтардың ұлттық киімдерімен танысты. Балалар біздің Отанымыздың әдемі жерлері мен байлығымен таныса отырып,Қазақстан Республикасы туралы бейне-роликті қызықтай қарады. «Бір шаңырақ астында » ашық сабағында балалар бір мезгілде әр-түрлі елдерде борлғандай сезінді, олар Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық киімдерімен танысты,әр-түрлі ұлттық ойындар ойнады, тәрбиеші туған ауылдың өз тарихы, салт-дәстүрі, көрнекті жерлері, ескерткіштер мен жақсы адамдарымен белгілі екенін көрсетті. «Астана» мини паркіне, «Юра

мерзімі»паркіне экскурсия өткізді.

«Күл де бір біріңмен достас» сабағында балалар ұжымдық жұмыстарының суретін салып,оны «Достық» деп атады.

Музыка сабығында балалар әр халықтың аспаптарымен танысты, әр-түрлі тілдерде әндер тыңдады, әр-түрлі ұлттардың би қозғалысының элементтерімен танысты.

Біз өзімізде балалар барып тұратын өлке тану мұражайын құрдық.

Балалар экспозиция, макеттер, ыдыс аяқ, туған өлке халықтарының костюмдерін аса зейін қойып қызықтай қарайды. Мұражайда біз экскурссиялар мен әңгімелесулер өткіземіз.

Адамгершілік-патриоттық тәрбие беру бойынша жұмыстар тек мектеп жасына дейінгі баллалар арсында ғана емес, педагогтар арасында да жүргізіледі. Педагогтар үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясының тарихы-біздің тұрақтылығымыздың тарихы » тақырыбына баяндама оқығанда ассамблеяның құрылу тарихы туралы,оның біз және біздің балаларымыз үшін маңыздылығы туралы айтылды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-халықтың рухани көзі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізуге педагогтар белсенді қатысты.

Біздің «Астана» бөбекжайы қызметкерлері Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған іс шараларға белсенді қатысты, парадта «Дударай»қазақ биін көрсетті.«Әскери-патриоттық әндер» конкурсына қатысып, «Сапқа тұр» хор әнін айтып,бірінші жүлделі орынға ие болды.

Отбасыларының достастығы арқылы жаңа адам-болашақ адамын тәрбилеу жүзеге асырылады. Ата-аналар бізге адамгершілік-патриоттық тәрбие беру мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызатын пәндік-дамыту ортасын құруға,суреттер көрмесін мен шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесті.

Аналары «Мисс Астана -2015» конкурсына белсене қатысты. Өз қыздарына би билеуге, визит карточкасын дайындауға, қолдағы бар материалдардан костюмдер тігуге көмектесті.

Ата-аналар патриоттық тәрбие беруде бірінші негіз болып табылады.Сондықтан олар балалармен бірге экскурсияларға,туған ауыл көшелеріне,есіл өзенінің жағасына серендеуге шығады, сол арқылы табиғатқа деген махаббатын дамытады,өсімдіктер туралы білімдерін бекітеді,туған өлкенің табиғатын қорғауға жауапкершілік сезімдерін қалыптастырады.

Тәрбиешілер мен ата-аналарды баланың алғашқы ұстазы деп атауға болады,олар балалардың тәрбиесіне жауап береді,атап айтқанда,бала бақша мен отбасының бірлескен жұмысы өз елінің нағыз азаматын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Біз өткізілген жұмыстар балаларға туған жерге деген махабатын,құштарлығын өз Отанына,халқына,оның жетістіктеріне деген құрмет сезімі мен мақтанышын арттырады,табиғатты сүюге оны қорғауға үйретеді деген үміттеміз.

Өз сөзімді төрт жол өлеңмен аяқтағым келеді:

Қазақстан-туған елім,туған жерім;

Қазақстан-елтаңбам, туым менің

Қазақстан-биік асқар тауым менің;

Қазақстан-ұлтым менің,жұртым менің.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!




© 2010-2022