Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті дайындық тобы. Тақырыбы: Жаса, Тәуелсіз Қазақстаным

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жаса тәуелсіз Қазақстаным!»

мерекесіне арналған сценарий

Кейіпкерлер: Бай, Алдар көсе,бәйбіше

Балалар әуенмен залға кіреді.

Жүр: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар бүгін біз Қазақстан республикамыздың тәуелсіздік алған мерей тойына қуанышты, жылы лебізбен жиналып отырмыз. Тәуелсіздік алған күніміз құтты болсын. Мерекемізді Ән ұранмен бастайық.

« Ән ұран»

Жүр: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіздік күнің келді кенеле бер

Мерейің шалқып бүгін құтты болсын

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Балалар,біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз,Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын -қыстаукезендерді бастан кешірді,Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады

16-желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті

Бұл күн Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды,сондықтанда Желтоқсан бүкіл халықтық мереке (слайд желтоқсан құрбандар)

олай болса біз де сендермен мерекемізді тойлап ,ән айтайық

Ән «Қазақстан жалауы»

Тақпақтар:

1 Шыңғыс Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағы

Тәуелсіздік- ел бақыты , ертеңі

О, халайық құтты болсын қуаныш

2.Малика 3.Тамерлан

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің, Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын

Таулы орман , жасыл жайлау ,көлім менің Алдымыздан барлық үміт ақталсын

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәту-тәтті бірлік болып қашанда

Тәуелсіз Қазақстан-елім менің. Бейбіт өмір бар халықпен жалғассын

4. Айлун 5. Жансая

Енді міне тәуелсіз ел болдық Азат өлкем күндей күлген шығыстан

Басқалармен терезесі тең болдық Асыл елім жан жүректі ұғысқан

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай Ата-бабам аңсап өькен бақытты

Отан үшін болуғада құрбандық Айналайын Қазақстан гүлстан

Жүр: Ортамызда сарбаздарымыз бар екен олар өнерлерін жұртқа паш етіп, дүблете тойымыздың сәнін келтірсіңші

Би «Сарбаздар»

Көрініс: «Алдар көсе байдың үйінде қонақта»

Әуенмен Бай мен бәйбіше кіреді,бай жан жағына ұнатпай қарайды

-Бай: мыналар неге бәрі жиналып алған- деп жақтырмайды.

Жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме. Қош келдіңіздер.

Осы кезде есік қағылады. Алдар көсе кіреді.

  • Ассалаумалейкум, бай-әке! Балалар.!(Бәрі амандасады)

Бай: - амансыңба, ( жақтырмай сөйлей)

Алдар: - Қонақ келді байеке, мерекең құтты болсын, мені дастарханға шақырмайсыңба?

Бай: -Қандай мереке, мен білмеймін,естігем жоқ. Сен- ақ, уйіңде отырмайды екенсін.

Алдар: - мұныңыз не байеке? елдің бәрі біледі.Сен неге білмейсің?

Бай:- Қандай мереке? (жан-жағына ,балаларға қарайды)

Жүр: (балаларға қарап)- Балалар таныдыңдар ма? Бізге кімдер келген? (Балалар жауабы)

Қандай мерекені тойлап жатырмыз:

( Балалар жауабы :- жеке мемлекет болып шыққанымыз туралы, және мемлекетіміздің рәміздері туралы, ондағы бейнеленген суреттердін мағынасына тоқталып кетеді.

Жур; Олай болса туған жерімізге деген сезімімізді әнмен жеткізейік

Ән «Туған жер»

Тақпақтар:

6. Азнабай Амина 7. Алпан Амина

Білімнен жұпар жинаймын Бақатты болып жүргенім

Еліме бақыт сыйлаймын, Сенің арқаң ұлы отан

Жүрекпен сүйіп отанды Елім менің тірегім

Жүрекпен мәңгі жырлаймын Құшағыңда гүл атам

Отаным гүлге бөленсін Тәуелсіздік, бұл- бақыт

Өзге елмен теңелсін Сарқылмайтын шаттық қой

Амандық болса ағайын Көздің жасын құрғатып

Бәрінде бірге көресің Келген бізге бақыт қой.

8. Диана 9. Арсен

Ылғи өрге өрлеген Ыстық маған өз елім

Бақыты бұл халықтың Құшағымдай анамның

Мейірімі мен тербеген Қымбат маған өз жерім

Тәуелсіздік жарық күн Бейнетіндей бабамның

Жарқын болсын күніміз Отан-биік тауларың

Жарқын шығар күніміз Отан-шексіз кең далам

Елін сүйіп ержеткен Жасыл бағың бауларың

Біз болашақ гүліміз Көк шалғының аунаған

10. Асанәли

Отан- анаң аяулы

Отан- анаң қадірлі

Өмірің ол баянды

Салмақты да сабырлы

Алдар: - Көрдің бе байеке , қазақ халқы қонақжайлы емеспе әрқашан дастархан жайылып, ас т аттыру керек.

Бай:- Ия, ия қуана ,қуана шақырар едім бірақ сендерге беретін дайын асым жоқ, .

Алдар:- уайымдама байеке, мен өзіммен бірге сыйқырлы қасық алып келдім, қазыр ас дайын болады.

Бай: - солай ма( мәз болып) бәйбіше қазан әкел (қазан әкеледі)

Алдар: ( қазанынды алып, қасығын салып айналдарап) - қасығым айнал,айнал. Бауырсағым піс, піс- дейді.

Жүр:- Тамақ піскенше бой сергітейік балалар алдармен бірге ойын ойнайық

Ойын «Тауық күрес»

Алдар бауырсақты қазанға сала қояды. Қазанды ашып - «Міне енді дайын болды, дәмін -ай» деп иіскеп қояды.

(бай жүгіріп келіп бауырсақтан алып таттады. - Қандай дәмді бауырсақ, енді шіркін сіміріп шай ішкенге не жетсін

Алдар: Бай бұның не менің қасығым сыйқырлы ғой , шайнек болса шайыңды да қайнатып береді.

Бай:- бәйбіше шайнек әкел (бәйбіше жүгіріп шайнек әкеледі.)

Алдар қасығын айналдырып - қасығым айнал, айнал тәтті шай қайна ,қайна дейді.

Жүр: Шай қайнағанша мың бұралған қыздарымыз би билеп,өнерлерін көрсетсін

Би «Қазақ биі»

Ән «Қазақстан тәуелсіз ел»

Тақпақтар:

11. Адель

Сарқылмайтын қуаныш Отан-жақсы орман

Тірегімсің сен отан Отан өршіл өзен

Мәңгі соғып тұратын Отан - асыл арманың

Жүркгімсің сен отан Аялаған өз елім

12.Арман

Бақыт тілеп күн талабы Отан дейміз кең байтақ астананы

Тоқталмайды шаттық әні Отан дейміз өсірген елімізді

Мәңгі бақи шырқалады Отандейміз туған жер атамекен

Республика ән ұраны Биік тау орман тоғай көлімізді

.

13Айымжан

Кеңсің дала, туған ана Өзіңдікі еліңде

Көйлегің кең, көк ала Өзіңдікі жерің де

Ән беретін тән беретін Өзіңді сезін бақытты

Мейірімді ана сен ғана Тәуелсіздік төрінде

14 Гауһар

Отанды жас кәріміз де Отанды біз атамекен

Туған жер деп сүйеміз Деп аялап айтамыз

Өйткені онда бәріміз де Өйткені оны мекен еткен

Бейбіт өмір сүреміз Бабамыз бен атамыз

15 Қуаныш

Толқығанда сезім ой Туған елім өзінің

Аппақ арым тірегім Жазирамды кездірдің

Туған елім өзің ғой Жайма шуақ кезімнің

Арқа сүйер тірегім рахатын сездірдің

Бай: ( шайды ішіп қарнын сыйпалап) -шіркін-ай қандай дәмді шай

Алдар: -байеке бүгін мереке мен саған құттықтап келсем сен бәрін тығып отырсың, шығаршайшы енді бәрін, тілегіңді айт мына жас өспірім балаларға.

Бай: - ия бұл дұрыс болмапты, балалар барлықтарың шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер бақытты болыңдар шырақтарым, Отанымыз гүлдене берсін

Жүр: Балалар біздің қаламыз қалай аталады? Олай болса өз қаламыз туралы «Туған қалам Павлодар» әнін айтайық

Ән «Туған қалам Павлодар»

Тақпақтар:

16. Ш. Аружан 17 Махамбет

Қайратты қайсар ұлдардың 16-шы желтоқсан, ел мерейі тасыған

Жайымен келген еркіндік Қазақ деген қалың жұрт, бәрін кешті басынан

Жазира мен лазаттың 16- шы желтоқсан, Тәуелсіздік алған күн

Арымен келген еркіндік Ерекше боп мәңгілік, Ел жанында қалған күн

Қасіретпен қайғының

Бәрімен келген еркіндік

18. Арнұр 19 Нұрсая

16-шы желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Ел таңбасы елімнің

16- шы желтоқсан Атамекен туған күн Неткен айбат әдемі

Тәуелсіздік жолында , талай талай тер тамған Тұнығындай көңілдің

Билігім өз қолымда, айналайын ел таңбам. Ортада аспан әлемі

20 Әли

Жаңа қала қазағымның таңы атты

Ол мақсатты ел деп таны сауатты

Әр отбасы, әр бір қазақ, әр адам

Тәуелсіздік сақталсын деп жауапты

Бақытты ел бұл отан

Бәріне мен иемін

Біздің отан ұлы отан

Ұлы отанды сүйемін

Бай: - бәйбіше шығар бәрі тыққандарыңды ( балаларға сыйлықтар береді.)

Алдар:Менде де саған беретін сыйым бар ,мына қасық сыйқырлы қасық емес жай қасық.Бір ақ осы қасықтың арқасында сен сараңдылығынан арылдын

Жүргізуші мерекеміз әлі аяқталған жоқ, біздің ел өте дамыған, балаларымыз орыс қазақ тілімен бірге ағылшын тілін меңгерген.

Ән «Ағылшынша»

Тақпақтар: 21,Аяулым 22. Ибрагим

Әр қазақтың есінде сақталады Көк аспанда тулардың

Желтоқсандық өрендер ақталады Желбіреген күні бұл

Ел намысын қорғаған сарбаздарым Елім деген ұлдардың

Ерліктерін мәңгілік сақталады Елжіреген күні бұл

23. Қ Амина 24 Дінмұхамед

Әділеттің ұраны Дүбірлесін өңірді

Ақиқаттың шырағы Дүбірлесін дүлділі

Тыныштықтын туы боп Қазақ деген елімнің

Зор салтанат құрады Құтты болсын бұл күні

25. Арыстан 26. Даяна

Мерекеге шығады

Бүкіл халық біліп қой

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік ұлы той

Би «Көңілді би»

Ән «Жаса Қазақстан»


© 2010-2022