Сценарий. «Айтуға оңай» ток-шоуы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Семей қаласы

« Айналайын» шағын орталығының тәрбиешісі

Айтмұхаметова Жарқын Нұрланқызы


«Айтуға оңай» ток-шоуы!

Мақсаты: Ата-аналар мен педагогтырдың ортақ мақсаты -бала тәрбиесі, бала бойына кішкентай кезінен жақсы, игі қасиеттерді дарыту,осы тұрғыда ата ана мен педагогтардың үлесіне тоқталу. Бала тәрбиесіндегі кедергілерді, қандай да бір қиындықтарды анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру.

Күтілетін нәтиже: Ата-аналары мен ұстаздарының тәрбие берудегі қиындықтарын бірлесе талқылап, өзін өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге ұмтылады.

Дайындаған: Айтмұхаметова Жарқын Нұрланқызы Сәттібековна Алмагүл Сәттібекқызы.

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Сіздердің назарыңызда «Айтуға оңай» ток-шоуы және бағдарламаны жүргізетін, мен -Нұрланқызы Жарқын. Бүгін біз сіздермен ата-аналарға да, ұстаздарға да ортақ мақсат -бала тәрбиесі жөнінде сөз қозғаймыз.Бала тәрбиесінде балабақшадағы тәрбие мен отбасындағы тәрбиенің қайсысы маңызды? Мемлекеттік үлгідегі балабақшамен балабақша тұрпатындағы үй жағдайындағы шағын орталықтың айырмашылығы қаншалықты? бала тәрбиесі баршамызға ортақ алайда осы міндетті қалай атқарылуды? Осы бір көкейдегі сұрақтар төңірегінде ойталқы жасамақпыз.

Тәрбие сөзі- парсы тілінен аударғанда «Тәрбие» яғни негіз дегенді білдіреді. Бүгінгі таңда ата- ана мен ұстаздар арасында ортақ мәселе- бала тәрбиесі екендігі баршамызға мәлім. Данагой халқымыз: «Бір жылдық ғұмырың қалса, дәнді дақыл себіңіз, он жылдық ғұмырың болса, жеміс ағаштарын отырғыз, ал егерде бір ғасырлық өмірің болса, онда оны бала мен жастарды тәрбиелеуге арна» - деген екен. Олай болса, бүгінгі «Бала тәрбиесі баршамызға ортақ» атты ойталқымыздың басты кейіпкерлері мына отырған біздер өзіміз, яғни ата-аналар, балалар және мұғалімдер, тәрбиешілер.

Ең алдымен студия қонақтарын ортаға шақырайық: «Балдырған » тобының ата аналары Копбаев Индира Сериковна мен Ашимова Гаухар Бериковна, «Қарлығаш» тобының ата аналары Хасеновна Айсұлу Нұрымжановна мен Баткалова Ақерке Сериковна, «Айгөлек» тобының ата анасы Абдрахманова Нұрбану, мен «Еркетай» тобының ата-анасы Сапорова Құндыз Қуатқызы. психогык маманымыз Сәуле Мейрамбековна дәрігер маманымыз Шатина Замзагүл Марсковна. Жайғасып отырыңыздар. Алдымен бәріміз назарымызды экранға аударайық.

(Бейнероликтің қысқаша сюжеті: Мінеки кеше ғана іңгәлаған сәбиің есі кіріп, ізіңе ілесіп жүр, жұрт қатарына қосылып, жұмсағаныңа жарап қалды. Уақыт қалай жылдам өтеді десеңізші,бірақ сен үшін ол әлі нәресте сияқты, Міне бар қиындық осында.Кейбір отбасылар бала тәрбиесінде бейқам, бақытсыздыққа бастаған зұлымдықтар сенің үйіңді де айналып өтпейді ме деп қорқам.Сынған бұтақтың қисық бітуіне жол берме, Саған екінші мүкіндік берілмейді,әуелі балаң сен туралы не ойлайды? Екеуің қаншалықты жақынсыңдар? Өмірлік бағытын дұрыс таңдай алды ма? Ол неге қызығады? Нені ұнатпайды, достары қандай? Бос уақытын қалай өткізеді? Ең алдымен баланың теледидар мен ғаламтормен жалғыз қалмауын қадағала. Оларға уәде берсең орында, сертіңе берік бол. Аманатшылдыққа тәрбиелейсің. Ешқашан оларды алдама, бойынан жаман қасиеттер көрсең шара қолдан, Есіңде болсың, балаңа жылы сөзбен қыл айтпасан, күштеп жазалауға хақың жоқ, ешқашан балаңды жаман теңейлермен сокпе, Үнемі олар үшін тіле, Әке-шешенің тілегі қайтарылмайды. Бала жетістікке жетсе, артыншы сыйлық бер, олардың жүрегін жаулай алмасаң, сөзіңді өткізе алмайсың, балалардың көзінше өзара ұрыспандар, Есіңде болсын балаларыңның көзі сенде , сен жақсы деп есептеген нәрсе, олар үшін де маңызды. Сондықтан әуелі өзіңді түзе.).

Орнымызға жайғасып болсақ алғашқы сауалымды Копбаев Индира Сериковна сізге қоямын. Осы бейнематериялдан қандай ой түйдіңіздер?

Бұл бейнематериялдағы айтылған ойлардың барлығы дұрыс. Біз де баланы тәрбиелегенде осы айтылған кеңестерді әрдайым жадымызда ұстауымыз керек деп ой түйдім.

Студия қонақтарына сұрақ

1. Бала тәрбиесі үшін балабақша мен отбасындағы тәрбиенің

қайсысының орны басым? Абдрахманова Нұрбану ханым сіздің ойыңызды білсек. Бұл сұраққа әрине отбасы деп жауап береміз. Себебі отбасында бала ең алғаш өсіп, өніп, ата-анасынан, ата-әжесінене тәрбие алады. Қазақта мынандай мақал барғой: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, он бес жасқа дейін құлыңай жұмса, Он бестен асса, жан досыңдай құрметте» дид.Осы бір ауыз сөзді менің өмірлік ұстанымым.

Отбасында балаңызды қалай тәрбиелеудесіз?

Баткалова Ақерке Сериковна Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деп тегені айтылмаса керек. Қазақтың отбасы көбінесе көп балалы болып келеді. Осыған байланысты «Балалы үй базар» деген нақыл сөз де бар. Отбасы мен балабақшаны байланыстырып тұрған балалар. Бала ең алдымен отбасында ата-анасын танып, жақсы көреді. Кейін айналаны сезініп, көбірек білуге тырысады. Ең алғаш тәрбиені отбасынан алады. Рахмет пікіріңізге.

Ал отбасынан келген бала үшін топ ең алғашқы ұжым екенін ескере отырып, тәрбиеші балаларды жолдастыққа, достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Тәрбиеші топ балаларымен қандай қарым-қатынаста болса, балаларда бір-бірімен сондай қарым-қатынаста. Отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті. Тіптен «балалық шақ» деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған бүлдіршіндер тәрбиесімен шектеседі.

2. Мемлекеттік үлгідегі балабақшамен балабақша тұрпатындағы үй жағдайындағы шағын орталықтың айырмашылығы қаншалықты?

1. Не себепті ата аналар балаларын жеке меншік балабақшаға береді?

Осы бір көкейде жүрген сұрақтарды талқыласақ.

Бұл сауалға мысалы мен өз басымдағы жағдайды айтсам жасыратыны жоқ бағанын арзанындығынан беріп отырмын баламды дейді ата-анамыз Сапорова Құндыз Қуатқызы. Ал Абдрахманова Нұрбану бізге мемлекеттік балабақшаға орындары келмегендіктен, әлі жоқ дегенде 1 жыл тосу керек ал баланы қарайтын ешкім жоқ сол себепті еріксіз беріп отырмыз.

Көпке топырақ шашудан аулақпын бірақ жеке меншік балабақшаларда- білікті кадылар жоқтың қасы. Мұндай педагогтырдың біліктіліктерін жыл сайын көтеріп отырмайды. Баланың қалыптасы мен дамуына ешқандай жағдай жасалмайды,мерекелік әс-шаралар мүлде өткізілмейді. Баланы тек қана бағып-қағады.

Ал мен бұл пікірмен келіспеймін 5 саусақ бірдей емес қой. Мысалы біз баратын балабақша жеке меншік. Ондағы педагогтар білікті де білімді мамандар. Қазіргі кезде жеке меншік балабақшалар көптеп ашылуда. Бұл әрине қуантады балабақшалардың санының көбейуімен қатар сапалы да болады деген сенімдемін деді - Баткалова Ақерке Сериковна.

Сауалнама «Сіздің өміріңізде бала тәрбиесі қандай орынға ие»

1.Кез - келген уақытта жұмысыңызды тастап баланың тәрбиесімен айналыса аласыз ба?

2. Балаңыздың тәрбиесіне ата-енеңіз араласқанын қалайсыз ба?

3.Бос уақытыңызды балаға, оның тәрбиесіне арнайсыз ба?

4.Баланыз ашуыңызға тиіп қоймай қойғандай байқамай ұрып жібердіңіз одан кешірім сұрай аласыз ба?

6. Кез келген жағайда балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?

7. Балаңыздың өтініші мен жылауына, егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба? 8. Тамақ уақытта балаңыздың сүйікті тамағын дайындап бере аласыз ба?

9. Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бересіз ба?

10.Балаңыз ойына келгенді істегісі келсе және өзін қалай болса солай ұстағысы келсе, оның әрекеттеріне еркіндік беріп, тірлігіне ешқандай араласпайтын бір күн бере аласыз ба?

11. Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса, негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?

12. Балаңыздың балабақшаға келгенде жыламауы үшін оны мақтайсыз ба?

А) «Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» -3 ұпай

Б) «Иә, бірақ барлық кезде емес» - 2 ұпай

В) «Жоқ, бұлай істей алмаймын» 1-ұпай

Ата-аналардан алынған сауалнаманың қорытындысына назар салайық.

5 % - ы

0 - 18 Сіздер балаңызды өзіңіз сүріп жатқан өмірге дайындап, соған ыңғайлап тәрбиелеп жатырсыздар. Сіздердің оған барынша мейірімділік танытып, жылулығыңызды сездіргеніңіз абзалы. Балаңыздың заманында ең бастысы - адамдардың өз-өзіне сенімділігі, шығармашалығы, өкінішке орай сіз ол қасиеттерді көрмейсіз де, дамытпайсыз да. Сіздер өмірдің өзгеріп, алға жылжып бара жатқанын көрмейсіз. Сіздерде ескі көзқарас қалыптасқан. 20%- ы

19 - 35 Сіз балаңыздың келешекте қалай өмір сүретіні туралы әлі де аз ойланасыз. Бірақ та сіз заман талабына сай болу үшін жарасып бағасыз. Кездескен қиындықтарды балаңызға өз бетімен шешуге үйретіп жүрсіз. Оған жеткілікті түрде бостандық бергенсіз, өзіңіз бағындыруға тырыспайсыз.Бірақ әлі де өзіндік өмірге дайындық аз. Сіз балаңыздың өз бетімен ойлауын дамытуды қолға алыңыз, сонда балаңызда әр нәрсеге, жағдайға деген өз көзқарасы қалыптасады.

25%- ы

36 - 50 Бала сіздің өміріңіздегі ең құнды адам. Сіз оны тек түсініп қана қоймай, оған құрметпен қарайсыз. Сіз балаңыздың мейірімділік пен әділеттілігі басымдырақ,ақыл, ойды, ашық мінезді, жеке пікірді бағалап, өзімшілдікті сөгетін әлемде өмір сүретініне сенесіз. Сіз бала тәрбиесінде балаға жақсы тәрбие берумен қатар алға жылжуды мақсат етіп қолданасыз. Балабақшамен ынтымақтастықта жұмыс жасайсыз, жақсы нәтижелерге қол жеткізетіңізге кумәнденуға ешқандай себеп жоқ.

3. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ алайда осы міндетті қалай атқарылуды?

Ата анаға Қазақ даналығы: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай сыйла».

Хәкім Абай « адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнері мен білімінде, адамға 3 алуан адамнан мінез жұғады, ата- анадан, ұстазынан, құрбысынан, әсіресе олардың қайсысын жақсы көрес, содан жұғады » деген екен. Сіз бұл пікірге не дейсіз?

Баланы жазалаған дұрыс па?

Бұл сұраққа біздің балабақшамыздың психолог маманы Сә уле Мейрамбековна былайша ой айтты. Бірқатар ата-аналар баласын жөнге салу үшін оларды әлі күнге дейін ұрады, оларға ұрсады, әртүрлі тиымдар салады. Дүниеде адамды ұрып-соғу тәрізді жазалардың жүз жиырма түрі бар. Ал баланы жазалау дегеніміз оны міндетті түрде таяққа жығу емес. Ата-ана тарапынан бір нәрсеге рұқсат бермеу, шектеу қою, өкпелеу, сөйлеспей қою да жаза түрлеріне жатады. Негізінде, жазалаудың тәрбиелік ықпалы болатын да жақтары баршылық. Мысалы, Сіз балаңыздың жеңіл-желпі бұзықтығына мән бермей, кешіре салсаңыз, ол өзінің осындай іс-әрекеттерінің елеусіз, жазалаусыз қалатынына сеніп, оны қайталай беретін болады.... Сонан жеңіл-желпі бұзақылық үлкен тентектікке де ұласады. Алайда есте болатын бір жағдай, баланы үнемі қатал тәрбиелеп, оның әрбір әрекетіне жөнсіз ескерту жасай бермеңіз. Мұндай бала жасқаншақ болып өседі. Және де орынсыз айтылған сын-ескертулер баланың өзін-өзі бағалауын, өзіне деген сенімділігін де төмендетеді. Олар өскенде өз бетімен әрекет жасауға қорқады. Ата-анасы үнемі кемшілігін көріп, ұрсу ести берген баланың көп іске деген ынта-ықыласы мен құштарлығы да жойылады.

Тәрбиешілерге Ал ақын Мағжан Жұмабаев болса «Мен дәрігерден гөрі, тәрбиешілердің көп болғанын қалаймын, себебі дәрігер ауырған жеріңді емдесе, тәрбиеші өн бойыңды емдейді» - деп өзінің құнды пікірін қалдырған екен. Елбасымыз Н.Назарбаевтың : « Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтың, қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді.патриот- азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз »-деген екен. Сіздер осы міндетті қалай атқарудасыздар?

(2 бейнематериял) Баланың тәрбиесі өмірлік жарыңды таңдаудан басталады. Иманды жар- тәрбиелі ұрпағыңнын мәйегі. Асыңның адал болуын қадағала. Есімін дұрыс таңда. Екіжасар баласы бар әйел тәрбиені қай жастан бастайын дегенде -2жыл еш қалдың деген екен. Баланы сүйіп еркелету сауапты іс. Ал бұл бейнебаяннан қандай ой түйдіңіздер?

Бұл бейнаматериялдағы негізгі айтайын деген мазмұны ол баланы тәрбиелеуде осындай қателіктерді жіберіпалмайық деген мақсатта көретілген болатын. Сіздерге, арамызда болашақ аналарға кеңес ретінде ұсынылған деді- Копбаев Индира Сериковна .


Ситуациялық сұрақтар.

1.Сізге тәрбиешілер «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтты. Ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

2. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс -әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

3.Үйге қонақ шақырдыңыз. Қонақ келетін уақыт жақындады, сіз үлгермей жатырсыз. Ал үлкен балаңыз кіші балаңызбен бірге компьютерде ойын ойнап отыр. Сіз көмек сұрадыңыз. Балаңыз тыңдамады. Сіз не істейсіз?

4.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Оның тәртібі қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

5.Баланыз есік алдында ойнап жүріп, көшеде жүрген мысықты үйге алып келді. Ал сіз мысықты жақсы көрмейсіз. Мысықты апар десеңіз балаңыз қоймай жылап тұр, Сіз не дейсіз?

Ата анамен сұхбат....

Сіздің балаңыз келетін балабақшаға көңіліңіз толады ма?

(Алдын ала түсірілген бейнематериялдан үзінді)

Менің балам Семей қаласы «Айналайын» шағын орталығына «Балдырған» естияр тобына келеміз. Тобымыз, ондағы кішкентай бүлдіршіндер бәрі сүп-сүйкімді ақылды, жарқынжүзді тәрбиешілеріміз бізді әр уақытта жылы жүзбен қарсы алады. Менің қызым Айзеренің мінезі ұяң басында топ балаларының ешқайсысымен араласпайтын еді, ал қазір балалармен тез тіл табысып, араласып кетті.. Би билеуге икемінің бар екенін жаңа жыл мерекесінде мұн бұрала билегенінін көрдім. Шыны керек таң қалдым.. ағылшын тілінде амандасып, аты-жөнін айтуды үйреніп алыпты. Санауды 1-10 дейін барлығын орысша, ағылшын тілінде біртіндеп меңгеріп жүр. Әрине бұның барлығы тәрбиешілердің арқасы.

Сонымен 90 сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, 1- 1 ауыз сөзден қорытындыласам.

Қыз тәрбиесі...

Қоймаса егер ұятын күзет қылып,

Қыз бойынан табылса ізеттілік.

Тәртіп деген баласы тәрбиенің,

Қыз қылығын алған жөн түзеттіріп.

Аллах деп айт жатқанда ол бесігінде,

Ілінбесін шайтанның кесіріне,

Жақсы көрсең қызыңды хаққа сүйре,

Қалмау үшін өкініш бесігінде.

Қыз абзалы құдайды ойға алысты,

Қыз нашары ластанып лайға түсті.

Адамдарда ұяттың бар жоқтығы,

Иманына әрине байланысты.

Имансыз жан Аллахқа дос болама,

Әлде оны нәпсісі басқара ма?

Имансыз, ибалысыз ана болса,

қандай үлгі береді жас балаға?

Кім жамандық тілейді баласына,

Жақсылықтың дәнін ек санасына,

Иманы бар, ибалы қыздар ғана,

Ертең ұлттың айналса анасына....әрине мұның бәрі Айтуға ғана оңай.

Әрине, мұның бәрі АЙТУҒА ҒАНА ОҢАЙ...

Сценарий. «Айтуға оңай» ток-шоуыСценарий. «Айтуға оңай» ток-шоуы

Сценарий. «Айтуға оңай» ток-шоуыСценарий. «Айтуға оңай» ток-шоуы


© 2010-2022