Тех карта Қуыршақ қонаққа келді

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балапан» І сәбилер тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы:Шығармашылық. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Қуыршақ қонаққа келді»

Мақсаты: қонаққа келген қуыршаққа ермексаздан домалату, есу арқылы тағамдар жасап беру; домалату, есу әдістерін қайталау; ұқыптылыққа тәрбиелеу; қол икемділігін дамыту.

Билингвалды компонент: Қуыршақ-кукла, ермексаз- пластиллин, тағам-пища.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы




Топқа қуыршақ келеді, балалармен амандасады.тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

-Қонақты қалай қарсы алу керек?

-Қонаққа қандай тағамдар беруге болады?

Келіңдер қонаққа арнап тағамдар әзірлейік.

Қуыршақты қарсы алады, амандасады.

Сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру




«Тәтті тағамдар» дидактикалық ойыны.

Тақтаға тағам суреттерін іліп, ішінен қуыршаққа арнап жасайтын тағам түрлерін таңдатады.

Үлгі суретпен жұмыс.

Суреттерін немесе мүсіндерін көрсетіп, бауырсақ пен тоқашқа сипаттама беруді сұрайды. Жауаптарын тыңдап болған соң, өзі толықтырады.

-Бауырсақ домалақ, түсі сары. Ойық тоқаштың ортасы ойылған, көлемі дөңгелек.

Тағамдарды мүсіндеу жолдарын көрсетіп, бірге жасатады:

  • сары түсті ермексазды жұмсарту;

  • жұмсарған ермексазды кішкене бөлшектерге бөлгізу;

Сергіту сәті

Әй қуыршақ, қуыршақ,

Неге тұрсың жуынбай?

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы!

  • Кішкене бөлшектерді домалатып, үлкен, кіші бауырсақтарды жасату;

  • Есу әдісі арқылы ермексазды ұзыншалап, бастарын біріктіріп, ойық тоқаш жасату.

Тәтті тағамдарды топтастырады.


Қуыршаққа арнап бауырсақ пен ойық тоқаш жасауға келіседі.


Сары түсті ермексазды жұмсартады.

Бөлшектерге бөледі.

Өлең мазмұнына сәйкес қимыл қозғалыстар жасайды.

Кішкене бөлшектерді домалатып, бауырсақтарды жасайды.

Есу әдісі арқылы ермексазды ұзыншалап, бастарын біріктіреді.


Рефлексивті

коррекциялаушы


Жасаған тамақтарын дастарханға қойғызып, қуыршақты сыйлауды ұсынады.

Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады:

-Бізге қонаққа кім келді?

-Қандай тәтті тағамдар жасадық?

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Тағамдарын дастарханға қойып, қуыршаққа ұсынады.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілген нәтиже:

Нені білу керек: тағам түрлерін.

Нені игерді:тағам түрлерін ермексаздан мүсіндеуді.

Нені біледі:тағамның еңбекпенен келетінін.


© 2010-2022