Сабақ тақырыбы: Жануарлардың қысқы тіршілігі

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Жануарлардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты:

  • Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру.

  • Балаларды аңдарды сипаттауға, салыстыра білуге жаттықтыру.

  • Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс: қуыс, апан, ін, үйір.

Іс - әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңбері

Мен саған тиынның ақкөңілдігін тілеймін.

Мен саған түлкінің әдемілігін тілеймін.

Мен саған қоянның жүйріктігін тілеймін.

Мен саған қасқырдың батырлығын тілеймін.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын айтады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру.

Жарайсыңдар балалар. Мына жұмбақты ойлап тапсаңдар, не жайында әңгімелейтінімізді білесіңдер?

Ең айлакер аң...

Ең қорқақ аң...

Балды жақсы көретін аң...

Үсті тікенегі бар...

Аң патшасы...

бұлардың барлығын бір сөзбен, қалай айтамыз?

Осы аңдар қыста қалай тіршілік етеді? Әрі қарай сабағымызды жалғастырайық.

1 Ойын: «Жануарларды топтастырайық».

Шарты: Суреттер арқылы жануарларды үй және жабайы жануарлар деп екі топқа бөлу.

Балалар сендер қандай тақпақтар білесіңдер жануарлар туралы? Кәне, айтып шығайық:

ҚОЯН Нұржан:

Ақ қоянмын, қоянмын,

Үркек қоян, қорқақпын

Дыбыс шықса қашамын

Белден бірақ асамын.

-Міне бізге қу түлкі де келді

Фатима Түлкі:

Өзім айлакер,

Өзім бір қу.

Жүрген жерім

Айғай да шу.

Альмира Тиін:

Мен тиінмін, тиінмін,

Қыста жылы киіндім

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.

Даниал Қасқыр:

Мен - жыртқыш қасқырмын

Тұрағым - ну орман.

Түн демей, күн демей,

Жортамын жолда алыс.

Нұрболат Аю:

Тауға шықсан - қалын қар,

Сайға түссең - қалың қар,

Шырша үсті қалың қар.

Байқаңдар, қар астында

Ұйықтап жатқан аю бар.

Нұрсұлтан Кірпі:

Өзін қорғай алады

Домалана қалады

Содан кейін тиіп көр

Тура уколын салады.

Ойын: «Иә-жоқ».

Шарты: сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.

Аю - балмұздақ жейді...

Қасқыр - бал жейді...

Түлкі - конфет жеп, шай ішеді...

Қоян ет жейді...

Аю қорқақ аң...

Қоянның құйрығы ұзын...

1 слайд

1.Педагог жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсндіреді.

  • Қыс мезгілінде жануарлардың тіршілігінде біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан кейбір жануарлар қысқа азық жинайды. Мысалы: тиін ағаштың қуысын мекен етеді. Тинге ағаштар мен тез өрмелеуге аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойы саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш қуыстарына жинайды. Қыста соларды қорек етеді.

  • Аю қысқы ұйқға кетеді. Ол жаз бойы табанына жинаған майын жалап жатады.

  • Қасқыр, түлкі - жыртқыш аңдар. Олар өздерінен әлсіз жануарларды ұстап қоректенеді.

  • Сұр қоян қыста түсін өзгертеді.Аппақ қоян болып ағаш бұтақтарын кеміріп күнелтеді.

.Сергіту сәті:

Музыка әуенімен жануарлардың қимылын келтіріп билейді. Қоян сияқты секіреді, түлкі сияқты денелерін қимыл-қозғалысқа келтіреді.

2.«Дауысынан таны» дидактикалық ойыны. Шарты: аудиотасападан әртүрлі жануарлардың дауыстарын тыңдатып, олардың атын атату.

3 Ойын: Қандай жануар екенін тап.

Шарты: берілген жануардың бөлігі бойынша қандай жануар екенін айту.

Балалар сұраққа жауап береді.

Түлкі

қоян

Аю

Кірпі

Арыстан

Жабайы жануарлар.

Балалар тақтада екі топқа бөледі.














Жоқ ол бал жейді.

Жоқ ол ет жейді.

Жоқ ол ет жейді.

Жоқ ол сәбіз, саңырауқұлақ жейді.

Жоқ ол қорқақ аң емес.

Қоянның құйрығы қысқа болады.


Балалар жануарлардың қысқы тіршілігі туралы мұқият тыңдайды.


Түсінбегендерін сұрайды.


Би қимылдармен орындайды.

Балалар аудиотаспаны тыңдап қандай жануар екенін табады.

Балалар мұқият қарап жануарды тауып айтады.

Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.

  • Жабайы аңдарды ата.

  • Қоян қыста түсін қандай түске өзгертеді?

4 Ойын: «Жануардың құрастырып шық.»

Шарты: берілген қағаздардағы сандарды ретімен қойып шығу арқылы бір жануардың суретін құрастырып, сол жануар туралы айтып шығу.

Балалар жабайы аңдар мен жануарларын салыстырып айтады.

Күтілетін нәтиже: ормандағы аңдардың қысқы тіршілігін ұғыну.

Білуі тиіс: табиғатқа деген қызығушылығын блдіру.

Түсінігі: туған өлкенің жануарларын қамқорлыққа алу сезімін ояту.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгімелеу.

© 2010-2022