Ересек тобына арналған Қыс қызығы атты ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қыс қызығы

Мақсаты: Балаларды өз өмірінен өткен жағдаяттар туралы әңгіме құрастыруға үйрету, өз ойын жинақтап, айта алу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін арттыру, түбірлес сөздер туралы түсініктерін ( қар, қаршық, қарға) дамыту.

Көрнекі құралдар: әр түрлі жыл мезгілдерінің бейнесі бар суреттер, жапсырылған шырша суреттері, тұтқыш, сүлгі, қылқалам, желім, әр түрлі аңдардың ізі, аңдардың суреттері, қардың дыбысы, көңілді әуен, мақта таяқшалары.

Билингвалдық компонент: Қыс-зима, қоян-заяц, ойын-игра.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


-Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не?

- қардың түсі қандай ?

- қар қатты ма, әлде жұмсақ па?

-балалар бүгінгі көңіл - күйлерің осы қардай аппақ болсын.(балалар бір - бірлеріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады) Көрдіңдер ме балалар жылы сөздер айтып едік қолымыздың жылуынан қарда еріп кетті. Енді бізге қонаққа апайлар келіп жатыр, барлығымыз амандасайық.

-Балалар жылдың неше мезгілі бар?

-Жыл мезгілдерін атайық?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

- қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?

-Онда мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?

-Ендеше балалар біз сендермен орманға саяхатқа шығайық!

-Алдымен шұлығымызды киеміз, сосын шалбарымызды, күртешемізді, аяқ киімімізді, т.б киеміз.

-қар

- аппақ

-қар жұмсақ

-Денсаулығымыз мықты болсын

- заманымыз тыныш болсын

- білімді болайық

- аспанымыз ашық болсын!

-Жылдың төрт мезгілі бар.

-қыс, көктем, жаз, күз

-қыс мезгілі

- қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

-қыс, қар, барлық жер аппақ, ағаштың үсті аппақ қар.

-Алақай!

Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша бірінен соң бірін киімдерді кие бастайды, саяхатқа дайындалады.


Ұйымдастырушы-ізденушілік




Саяхатқа шаңғымен шығады, көңілді әуен ойнай бастайды.

Бір кезде ағаштың артынан қардың сықырлаған дыбысын естиді. Құлақтарын түріп қараса қоян екен. Қоян амандасады, балалардың қайдан келе жатқанын сұрайды.

Қоян балалармен балабақшаға қонаққа келеді.


Қоян өзінің конвертке салып әкелген сыйлығын алып шығады да, әкелген ойындарын балаларға көрсетеді.

Біз ойнаймыз!

  1. «Бұл ненің ізі?»

Мальбертке қар үстіндегі аңдардың ізі бар суреттерді іліп қою, ортаға бір-бір баладан шығарып, қайсысы қай аңдыкі екенін табу.

-Балалар, қыста барлық аңдар ұйықтамайды, ұйықтайтын аңдарды атап беріңдерші?

- Балалар сендер қыс туралы жаңылтпаш білесіңдер ме?

Сергіту сәті:

«Ұзын құлақ, сұр қоян»


-Балалар енді біз қоянға келе жатқан жаңа жылға сыйлық жасайық, оған шыршаны безендіріп берейік, жақсы ма?

Жапсырылған шырша үстіне мақта таяқшаларымен түрлі-түсті ойыншықтар жасайды.

Қоян алғысын білдіреді.

Барлық балаларға риза болып қоян қайтып орманға кетеді.

Балалар сап бойынша шаңғы тебеді.

Дыбысты естиді, қоянды көреді.

-балалар да амандасады, балабақшадан деп жауап береді.

Балалар қоянды балабақшаға қонаққа шақырады.

Балабақшаға келгесін балалар қайтадан шешіне бастайды.

Мұқият тыңдап, қарап отырады. Қызығушылықтарын білдіреді.

Суреттерге қарап, қай аңдыкі екенін табады, атап береді.

Қателескен балаға келесі бала шығып көмектеседі.

  • Аю, кірпі.

-Ия.

Қыс туралы білетін жаңылтпаштарын айтып береді.

Тәрбиешімен бірге сергіту сәтін жасайды.

Барлығы да белсене жасайды.

Келісімдерін береді.

Қуана-қуана келіседі.

Белсене атсалысады, бір-біріне көмектеседі. Мақта таяқшаларын бояуға батырып, әр түрлі түспен шыршаға ойыншықтар жасай бастайды.

Рефлексивті-түзетушілік


Балаларды мадақтайды, Қонаққа қандай аң келгенін сұрайды, қандай ыйлық жасағандарын сұрайды.

Балалар мадақтағанға қуанады, жасағандағы әсерлерімен бір-бірімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қысқы ойын түрлерін;

Түсінеді: аңдардың ізін бір-бірінен айыра алу;

Қолданады: орнығып отырып, бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізу.

© 2010-2022