Ата-аналар мен балалар арасындағы іс-шара. Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тәуелсіздік тұғырым»

Ақсу қаласының №2 балабақшасында Тәуелсізідік мерекесінің қарсаңына орай ортаңғы «А» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік өтті. Балаларымыз өз өнерлерін ортаға салып, әнмен шашу шашып «Отан ортақ үйіміз», «Әрқашан күн сөнбесін» әндерін шырқай отыра «Жұптар биін» билеп берді. Отансүйгіш ұландарымыз тақпақтарын мәнерлеп айта білді. Келген ата-анлар риза болып қол соғып, қошеметтеп отырды. Ертеңгілікті жүргізген тәрбиешілеріміз Садуакасова Жанар Есеновна және Ажархан Серікгүл. Осы дәрежеге жеткізген тәрбиешілерге рахмет айтамыз. Бүлдіршіндерімізді шығармашылыққа баули отырып, сауатын ашып тәрбиелеуде. Жұмыстарына жеміс, шығармашылық табыс тілейміз. Еліміз егеменді, көкбайрағымыз биікке желбіреп әрқашан Тәуелсіз елде тынышымыз бұзылмай ботақандарымыздың сыңғыр күлкісі естіле берсін.

Ата-аналар комитеті және мүшелері.

Ата-аналар мен балалар арасындағы іс-шара.Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым

© 2010-2022