Бізде апта күндері қонақта

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№5 «Нұрбөбек» балабақшасы











Тақырыбы: «Бізде апта күндері қонақта»











Өткізген:Шиналиева Д.Д

















Сәтбаев қаласы 2016 жылы

Білім беру саласы:Таным Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті:Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру. Тақырыбы: «Бізде апта күндері қонақта» Мақсаты:1-ден 5-ке дейінгі сандарды екі тілде тура және кері санауға үйрету. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым-қатынас,көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденпаздылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, тақпақтар, жұмбақтар, қимылды ойын «үш тілде санау» Құрал-жабдық ретінде суреттер:слайд, үлестірмелі материалдары пайдаланылады, сандар,пішіндерден ойыншықтар құрастыру, кеңістікті бағдарлау. Билингвальдық компонент: Один, два, три, четыре, пять, one, two, three, four, five, бір, екі, үш, төрт, бес

Іс-әрекет кезеңдері;

Тәрбиешінің іс-әрекеті;

-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті,қане амандасайық!

Жылулық шеңбері

-Қане балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.

-Балалар,мынау ненің суреті?(күннің)

-Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.

-Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?

-Кәне,біз де қайырлы таң тілейік.

-Қайырлы таң көздерім,сендер ояныңдар?!

-Қайырлы таң құлақтарым,сендер ояныңдар?!

-Қайырлы таң саусақтарым,сендер ояныңдар?!

Көздерін,құлақтарын уқалайды,шапалақтайды.

-Жарайсыңдар,балалар,бүгінгі күніміз жақсы болсын,орнымызға отырайық.

Балалар,бізге,бүгін апта күндері қонаққа келеді.Олар өздерімен бізге тапсырмалар алып келеді.Біз олардың тапсырмаларын орындаймыз ба балалар?

-Ия.

Ондай болса балалар мен сендерден бірдеңе сұрайын,сендер білесіңдер ме?

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Төрт мезгіл.Кәне,атап шығайық.

(қыс,көктем,күз,жаз)

-Бір аптада неше күн бар?

-Жеті күн, дұрыс.

-Кәне аттарын атап беріңдерші?

-(дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)

-Біз балабақшаға неше күн келеміз?

-Бес күн,дұрыс.

Неше күн дем аламыз?

-Екі.

-Балалар енді экранға қараңдаршы.

-Неше санды көріп тұрсыңдар?

-Бір сан

Бір сан туралы кім тақпақ біледі?

-Кәне Еңлік айтып берші?

-Біздің үйде бір тауық

Бір жұмыртқа жүр тауып

Бір сиыр бар қорада,

Бәтіш тәтем жүр сауып

-Дүйсенбі күні бізге қандай тапсырма алып келіпті көрейік кәнекей.

1-тапсырма.1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.

Екі тілде санау.

-Сейсенбі күні бізге қандай тапсырма алып келіпті.

2-тапсырма.Екі саны

-Кім тақпақ біледі?

Екі аяқпен жүремін,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің

Екеу құлақ білемін. (Еркежан)

Заттың санын цифрмен сәйкестендіру.

(Үлестірмелі материалдармен жұмыс)

3-тапсырма.3 саны.Сәрсенбі күні қандай тапсырма алып келіпті

Димаш:Үйімде бар үш қалам

Үшеуін де ұштағам

Үш досымды салдым мен

Үш балыққа ұқсаған.

Логикалық есептер

1.Дүкеннен анам 2 допты алып келді,оның біреуін ініме бердім.Менде неше доп қалды?

-Бір

-Қоянда неше құлақ бар?

-Екі.

-Ағашта 5 құс отыр,оның 2-уі ұшып кетті,ағашта қанша құс қалды?

-Үш

-Себетте 2 алма,табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?

-Бес.

Бейсенбі күні бізге қандай тапсырмалар әкелді екен? 4 саны туралы кім тақпақ айтып береді? (Экранға үлестірмелі материал)

Төрт дөңгелек арбада,

Төрт аяқ бар малда да

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада

Балалар біз отырып шаршаған шығармыз серігіп алайық.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Беске-бесті қосамыз

Болады ғой он саусақ

Оң аяқта бес башпай

Сол аяқта бес башпай

Беске-бесті қосамыз

Болады ғой он башпай.

Бес саусақты санайды.(Айару)

Бес саусақтарға арналған тақпақтарды айтады.

Жұма күні .5 сан туралы тақпақ айтады(Ақбота)

Жұма күнінің тапсырмас геометриялық пішіндер туралы екен

Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер соның жауабын маған айтыңдар.

Сенбі күні.Сұрағын көрейік. Екі суреттің айырмашылығын табыңдар.

Жексенбі күні.

«Ойын»:1-ден 5-ке дейін санау «үш тілде»

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Ия.

1-ден 5-ке дейін тура және кері санадық. Жұмбақтар шештік

-Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық.

Сау болыңыздар.



© 2010-2022