Ата-аналарға тест (тест сұрақтары)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналарға арналған тест

Бала тәрбиесінің сіздің өміріңізде алатын орны. Балаңызды қалай тәрбиелейсіз және тәрбие ісі жөніндегі түсінігіңізді тексергіңіз келсе психологиялық тестке назар салыңыз.

Тестті бастамас бұрын шартпен танысып өтіңіз.

Берілген тұжырымдардың қайсысына келісесіз, соны белгілеңіз. 3 жауаптың біреуін ғана белгілеуіңізді сұраймыз.

а) қолымнан келеді, әрі әрқашанда осылай жасаймын. (3 ұпай).

б) қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын (2 ұпай).

в) қолымнан келмейді (1 ұпай).

Тест сұрақтары:

1. Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап баламмен айналысамын.

2. Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін.

3. Егер қате жіберген жағдайымда баламнан кешірім сұраймын.

4. Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын.

5. Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де , мен өзімді ұстай алар едім.

6. Баламның орнына өзімді қоя аламын.

7. Мен өзімнің баламды 1 минут болса да, "сұлу перизат" немесе "мейірімді сұлтан" ретінде сезіне аламын.

8. Мен өзімнің балалық шағымдағы қолайсыз болып көрінетін бейнемді немесе басымнан кешкен сабақ болатындай жағдайды айтып бере аламын.

9. Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын.

10. Мен баламның жақсы тәртібі үшін, оның тілегін орындауға сөзіме берік боламын.

11. Балаға не істегісі келсе, соны істеуге, өзін қалай ұстаса, солай ұстауға, яғни еркіне жіберіп, өзім араласпауға, бір күнді соған бөлемін.

12. Егер менің балам біреудің баласын себепсіз жәбірлеп, ренжітіп, қол жұмсап, дөрекі мінездерін көрсетіп жатса, мен үндемеймін.

13. Егер баламның ерке қылығын көрсетіп жылағанына немесе баламның көз жасымен әр нәрсені сұрауына қарсы тұра аламын.

© 2010-2022