Сюжеттік-рөлдік ойындар Технологиялық карта

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ССюжеттік-рөлдік ойындар Технологиялық картаюжеттік-рөлдік ойын: Аурухана

Ойынның мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншіліктерін арттыру.Дәрігердің сезімталдығы, кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты қасиеттерін жете түсіндіру.Ойынға тәрбиешінің қалай басшылық жасайтынын нақты мысалдармен көрсете білу.

Ойын ережесі: Балаларды рөлдерге дұрыс бөлу, ойынды өз мәнінде өрбіте білу.Ойын басталмас бұрын рөлдер тағайындалады: мысалы, «Дәрігер» - Тамирлан, «Медбике»-Аймен, «ауру бала»-қуыршақ, «ауру баланың шешесі»-Камила, «Әжесі»-Қорлан т.б.

Ойын барысы: Шешесі ауру баласын дәрігерге әкеледі.Тамирлан үндемей, градусникті қойды да, балаңыз «баспамен» ауырып қалыпты деп, дәрінің аты жазылған рецепт қағазын ұсынады.«Шешесі» баласын ертіп кетуге ыңғайланады.Міне, осы сәтте тәрбиеші ойынға араласады да, балалардың ойын кезіндегі жіберген кемшіліктерін түзетуге бағытталған сұраулар береді.

Тәрбиеші: Балаңыздың қай жері ауырады, денесі ыстық па?

Камила: Денесі ыстық, жөтеледі.

Тәрбиеші: Қашан ауырды?

Камила: Кеше түннен бері.

Тәрбиеші: Тамағы ауыра ма?

Камила: Білмеймін.

Тәрбиеші: Қане, аузыңды ашып көрсете ғой деп, шпадельмен тамағын қарайды.Тамағы қызармаған, жақсы екен.

Тәрбиеші дәрігер рөліндегі Тамирланға қалай ойнау керектігін көрсетеді.


ССюжеттік-рөлдік ойындар Технологиялық картаюжеттік-рөлдік ойын: Дүкен

Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекке, еңбекті құрметтей білуге, сыпайылыққа, ізгілікке, адалдыққа баулу.

Ойын ережесі: Бұл ойында әуелі жеке-жеке ойнатып, әбден жаттыққаннан кейін үш дүкенді қатар ашып ойынды күрделендіру.Балаларды рөлдерге бөлу: 2-бала сатушы, 1-бала кассир, қалғандары тұтынушылар.

Ереже бойынша сатушылар да, тұтынушылар да бір-бірімен сыпайы сөйлеседі.бір затты сатып алған соң, рахмет айтуды ұмытпау керек.Сатушыда өз кезегінде «Тағы келіп тұрыңыз», - деп ілтипат білдіреді.

Ойын барысы: Бірінші ойыншық дүкенін ұйымдастыру.Ойыншық сөресінің жанына үстел қойылып сөреде «Дүкен» деген жазу ілулі тұрады.Кассирдің алдында есепшот, ақша салатын қорап, ақ қағаз, қарындаш болады.Ойыншық алғысы келген балалар ең әуелі кассирге ақшасын (тақтайшаны) төлейді, не алғысы келгенін айтады.Кассир чек жазып береді.Чекті алып сатушыға береді.Маған «жасыл машинаны» немесе «қызыл көйлекті қуыршақты беріңіз» - дейді.Сатушы «алыңыз», - деп әпереді.Сатып алушы «рахмет»,- деп жауап береді.Міне, осылайша ойынды әр жолы түрлендіріп, өрбітіп ойната беруге болады.Тәрбиеші ойынға жалпы басшылық жасайды.Егер ойынды өз мәнінде ойнай алмай жатса, көмектеседі.




Сюжеттік-рөлдік ойындар Технологиялық карта

Сюжеттік-рөлдік ойын: Шаштараз

Ойынның мақсаты: Балалардың достық қарым-қатынастарын, ұжымдық сезімдерін дамыту.Еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Ойын барысы: Балаларды рөлдерге дұрыстап бөлу, ойынды өз мәнінде өрбіту.Тәрбиеші әрі басқарушы, әрі кассир рөлін өзі алады.Екі-үш баланы «шаштараз», бір баланы үй сыпырушы етіп тағайындайды.Қалған балалар шаш алдырушылар.Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіре отырып, балаларға шашты қию дағдыларын көрсетеді.Әуелі шашты тарап, сосын қиған тәрізді қимылдар жасап, иіс су сепкен тәрізді (пш-пш-пш) деп сеуіп сосын шашты оңға, солға жатқызып тарайды.

Балалар кезекпен «Шаштаразға» кіріп, тәрбиеші жазып берген чегін (ақ қағазға 1ден-3ке дейінгі санның біреуін жазады), ұсынып, шаштарын алғызып, рахметін айтып ризашылық сезімдерін білдіреді.Әсіресе қыз балалардың шашын тарқатып, қайта өріп әсемдеуге болады.

Осылайша арнайы ұйымдастырылып ойнағаннан кейін, балалар ойынды өздігінен әрі қарай өрбітіп ойнай береді.




© 2010-2022