Дене шынықтыру ұйымдастыру оқу іс-әрекетінен Қимылды ойындар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қимылды ойындар жинағы

Жарияланды 27-08-2014, 23:14 Категориясы: Бала-бақша

Денсаулық білім саласы бойынша дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде қолданылатын қимылды ойындар жинағы.

«Паравоз» №1
Мақсаты: Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету.
Мазмұны: Қатар - қатар тұрайық,
Кәне, кәне, сұрайық.
Кімнің болса бойы ұзын
Паравозы пойыздың
Кімнің, апай, бойы ұзын
Паравозы ол пойыздың?!
Тәрбиеші бойы ұзын баланы көрсетеді. Сол бала
паравоз болып алда тұрады. Ал қалғандары соның
артынан ұстап тұра бастайды.
Ал, паравоз баста алға,
Бәрімізді басқар да!
Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік
Жүрісті біз гулетіп
Жүрісті біз гулетіп
Гу - гу, гу - гу, гуілдеп
Қалып қойма біріңде
Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік жүрісті біз үдеттік.

«Ұшты - ұшты» №2
Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.
Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. Бастаушы
Ойынды былай жүргізеді.
Ұшты - ұшты сұңқар ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты қарға ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты арба ұшты
(қол көтермейді)
Ұшты - ұшты дауыл ұшты
(қол көтермейді)
Ұшты - ұшты ұшақ ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты торғай ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты жылан ұшты
(қол көтермейді)
Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы жеңеді.

«Ақ қоян» №3
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.
Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.

Ақ қоян - ау, ақ
Орныңнан тұрсаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бетіңді жусаңшы
Әй - әй көйлек кисеңші.
Біреудің қолын үзсеңші -
Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.

«Қасқырлар мен лақтар» №4
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Аралары 10 - 15 адым қашықтықта «қора» мен «өріс» сызылады.

Ойнаушылар үйлерінде тұрып:
Бөрте, бөрте, бөрте лақ,
Бөрте лақ тым ерке лақ
Кетесің кейде секеңдеп,
Байламаса көкем кеп - деген сөздерден
Кейін дүрсілдей жүгіріп « өріске» беттейді. Оларды алаңның ортасында тұрған 2 - 3 қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған балалардан сайланады. Осылайша ойын жалғасады.

«Қаздар» №6
Мақсаты: Балалардың музыкалық есту қабілетін дамыту және қаздардың тіршілігімен таныстыру.
Керекті құралдар: (сырнай немесе сылдырмақ).
Ойын мазмұны: Қысқаша әңгіме, қаз өте сақ құс, ол балапан шығарған кезде, ата қаз балапандардың соңында жүреді. Егер қауіп төнсе, ана қаз екеуі екеулеп балапандарын қорғайды. Қаздар көк шалғында шөп жейді. Барлық балаларға сырнай үлестіріліп, ішінен ата қаз белгіленеді. Балалар шалғында жайылып жүрген қаздарды бейнелеп, баяу сырнай тартады. Тәрбиеші белгісімен қауіп төнгенде, ата қаз
сырнайды қатты 2 - 3 рет тартып белгі береді. Осы кезде балалар қанат қағып жүгіріп барып, ана қаздың жанына жиналады. Ойын қайталанып, ата қаз сайланады.

«Төбеде доп қуу» №7
Мақсаты: Балаларды шапшаң дербес қимыл әрекетке үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Ойынға қатысушылардың барлығы екі топқа бөлінеді. Әр топтың ойыншылары бірінің артына екеуден сапқа тұрады. Ал капитан өз командасының алдында болады. Команда бірінен бірі 3 - 4 метр жерде тұрады. Капитандар бір - бір волейбол добын алады да, оны екі қолымен төбелеріне көтереді. Жетекшінің «Бастаңдар» деген командасы бойынша олар допты басынан асыра артындағы ойыншыға, осы әдіспен келесі ойыншыға береді. Ойын одан әрі қарай жүгіреді, сөйтіп өз тобының алдына келіп тұрады. Доп тағы да колонаның соңына кетеді. Ол топ капитандарының қолына екінші рет қайта тигенше ойын осылай айнала береді. Капитан өз орнына келіп, бірінші
болып, допты жоғары көтергенде команда ұтып шығады.

«Күн мен түн» №8
Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.
Ойын мазмұны: Балалар бірі «Күн», екіншісі «Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір - бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші «Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма - кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.

ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

А.Н.Стрельникова. «Қуғындар» - тік тұрып, аяқты қосу, қолды жіберу; қолдарын жанына көтеріп одан кейін денесінің алдына қарай былғалау; демдерін тез шығару.

«Итбалық» - отырып бір қолын ішіне, екінші қолын кеудесіне қою; ішін тартып демін ішке алу, кеудесін төмен түсіріп, ішін жіберіп томпайтып ауаны сыртқа шығару.

«Басын бұру» - түзу тұрып, аяғын иық деңгейінен сәл кішілеу ұстау; басын бір жағына бұрып дыбыспен демін ішке тарту, басын екінші жағына бұрып дыбыспен демін сыртқа шығару.

«Үлкен маятник» - түзу тұрып, аяқтарын иығынан сәл кішілеулетіп қою; ілгері еңкейіп, еденге қарай созу, демін ішке алу; тоқтамастан артқа шалқаю, қолымен иықтарын құшақтау; жаттығулардың арасында демін сыртқа шығару.

«Кеудені бұру» - түзу тұру, аяқ арасы иықтан сәл кеңдеу; қолдары дененің бойымен; денені бұрған сайын дыбыспен; қысқа, демді ішке жұту; жаттығу арасында демді сытрқы шығарады.

«Көкжиек» - түзу тұрып, қолдарын шынтақтан көтеріп, алақанды көрсету; дыбысты қысқа дем алу, демді мұрыннан шығару және саусақтарын жұдырыққа қысу.

ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР

Жүгіріп ойнау.«Жаяу көкпар». Бақылаушы таңдалады, ол ойын ережесінің дұрыс жүрілуін бақылайды және ойын барысында тәртіп бұзбауын қадағалайды; ол ойыншыларды бір сапқа тұрғызады, сыйлықтан 30 қадам жерде финиш анықталады. Саптағы әр ойыншының міндеті қалған ойыншыларды жығып, сыйлыққа дейін жүгіріп жетіп, оны ұстап алып, онымен бірге финишке жету керек.

«Қарлығаш». Бұлойынды өткізу үшін міндетті түрде дөңгелек қажет. Одан кейін «қарлығашты» және «күзетшіні» таңдайды, қарлығаш дөңгелек ортасында отырады, ал күзетші басқа ойыншылардың шабуылынан қорғап жүреді. «Күзетші» шабуылдың біреуін ұстап алуға тырысады. Егер ол тырысып, ойыншының біреуін ұстап алса, ол «күзетші» атанады.

«Бүркіт».Балалар «Бүркітті» таңдайды. Қалған ойыншылар - «қосаяқтар», «тышқандар», «құстар» болады. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша «бүркіт» ұясында отырады, ал қалғандары секіріп, жүгіріп, ұшып жүреді. Дабыл бойынша - бәрі тұрған жерінде қатып қалады, ал «бүркіт» ұшып шығып, қозғалып қалған ойыншыны тауып алады да, ол ойыншы «бүркіт» атанады.

«Ат шабыс». Ойыншыларда сандық реті тағылған, олар салт атты бейнесін бейнелейді. Салт аттылар белгілі ара қашықтықта жарысады. Олардың шабысын тәрбиеші бақылап отырады. Кім де кім қалып қойса не итерсе, ол ойыннан шығады. Алда болып, жақсы жарысқан ойыншы жеңімпаз атанады.

«Автомобильдер».Қатысушылардың қолдарында әр түрлі түсті рөлдер бар. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша әр түрлі түсті таяқшалармен балалар өзін жүргізуші ретінде санап, өз дабылы бойынша қимылдайды.

«Торғайлар мен мысық». Бірінші «мысықты» таңдайды, қалған қатысушылар «құстар» болып зал ішінде жүгіріп жүреді. Дабыл бойынша «мысық» жүгірі шығады да, оларды ұстай бастайды. Ұсталған «құс» енді «мысық» болады.

«Киіз үй».Төрт орындықты қояды. Әрбір орындықтың үстінде орамал жатады. Балалар орындықты айнала жүгіріп, тәрбиешінің дабылы бойынша «киіз үй» құрады: орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтереді.

«Қыз қуу». Ойынға қыз бен жігіт қатысады. Екеуі де атпен шауып келеді. Жігіт атпен қыздың артынан қуады. Егер қызға жете алмаса, онда қыз жігітті айыптап, қамшымен қуады.

«Сақина». Дөңгелек ортасында тұрған жүргізуші, алақанының арасына сақинаны салып, қалған ойыншылардың алақандарына салған болып шығады. Ойыншылардың біреуінің алақанына сақинаны салып:«Менің сақинам қайда?» - деп дауыстап сұрайды. Сұрақты естіген соң, сақинаны алған бала ортадан жүгіріп шығуы қажет. Ойын шарты бойынша көршісінің мсіндеті сақинасы бар баланы ұстап жібермеуі керек.

«Көкпар». Бұл ойын «ат шабыс» ойыны тәрізді тек аттың үстінде отырған болып есестету арқылы ойналады.

«Көрінбейтін тақия». Ойыншылар айнала шеңбер болып тұрады. Жүргізуші барлық ойыншыларды айналып өтіп, білдіртпей бір ойыншының артына тақияны тастап кетеді. Егер ойыншы бірден оны байқамаса, онда ол жүргізуші болады. Тақияны тапқан ойыншы жүргізушіні қуып жетіп, оған тақияны кигізу керек.

Еңбектеуге, өрмелеуге арналған ойындар.«Балапандар». Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топта - отырған тауық және оның балапандары бар. Таңдап алынған үш лашын құстар балапандарға алақандармен тигізуі қажет, содан кейін ойыннан қуып шығылады. Отырған тауық өз балапандарын қорғайды. Шабуыл кезінде балапандарын қорғаған тауықтың қолы лашынға тисе, ой ойыннан шығып қалады.

«Киік». Балалар қолдарынан ұстап, шеңберге тұрады. Жүргізуші балалардың арасымен келіп, былай дейді:

Желаяқ киік шабады,

Жолменен киік шабады.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Оны қалай ұстаймыз?

Оны қалай ұстаймыз?

Дөңгелекті жауып, қолдарын жібереді. Егер «киік» ұсталса, ойыншылар ауысады.

«Мысық пен тышқан». Барлық балалар айнала шеңберге тұрып, «тышқан» мен «мысық» таңдайды. «Тышқандар» «мысықтан» қашады, дөңгелек ішінде жүругеде болады. «Мысықты» балалар дөңгелек ішіне жібермейді.

«Тасбақа». Ойыншылар залда еден үстінде тасбақа болып жорғалайды. Тәрбиешінің дабылы бойынша қолдарын, аяқтарын ішінің астына жасырады.

«Кесіртке». Ойыншылар кесірткенің қалпын жасайды. Екі жіптің ортасымен, қолдарымен тіреп жорғалайды.

«Жыландар». Балалар сәл ілгері еңкейіп, бір - бірінен ұстап тұрады. Берілген дабыл бойынша кедергілердің үстімен өрмелейді. Барынша «тізбекті» үзбеуге тырысады.

«Айгөлек». Ойыншылар екі командаға бөлінеді, бір - біріне қарама - қарсы 20 - 30 қадам жерде қолдарынан ұстап тұрады. Бірінші команда ойынды бастайды:

Айгөлек, Айгөлек

Айдың беті аппақ қардай дөңгелек.

Таудан биік, көлден жүйрік,

Бастаймыз біз, жүгірмек.

Кәне, бізге кім керек?

Келесі команда бұл сұраққа қажетті адамның атын атайды. Жүгірген ойыншы екінші команданың тізбегін ашуы қажет. Егер ашқан жағдайда, онда өзіне қажет адамды таңдайды, егер аша алмаса онда сол қалыпта қалады.

«Темірбай».Ойыншылар ортаға Темірбайды алып шеңбер жасайды да, былай дейді:

Бес күн Темірбайда

Қызықты, тату ойнаймыз,

Өзенге барып шомылып,

Тентек болып шылпылдап,

Әдемі болып сәндендік.

Тамақ және су ішпей

Кешке орманда жүгірдік.

Бір - бірімізге қарадықта,

Осылай жасадық.

Соңғы сөздерінен кейін жүргізуші қимылдар жасайды. Барлығы соны қайталайды. Одан әрі басқа жүргізуші тағайындайды.

«Құрылысшылар».Залда текшелер шашылып жатыр. Тәрбиешінің дабылы бойынша ойыншылар жылдамдыққа үй тұрғызады.

Секіру ойындары. «Қоян мен қасқыр». «Қасқырды» таңдалады. Қалған қатысушылар - «қояндар» болады. Тәрбиешінің дабылы бойынша «қояндар» секіреді, екінші дабыл кезінде қозғалмай, қатып қалады да, ағаш қалпын бейнелейді. Осы кезде «қасқыр» айналып жүріп, қозғалып тұрған адамды іздейді. Ұсталынған адам «қасқыр» болады.

«Байланған орамал».Орамалды допқа ұқсатып орап байлайды. Бір ойыншы ортада тұрады, ал қалғандары оны қоршап айналып тұрады. Дабыл бергеннен кейін қатысушылар жан - жаққа жүгіріп, ортадағы ойыншыға ұстатпай, бір - біріне орамалды лақтырады. Ортадағы ойыншы «допты» қағып алуы керек. Орамалдан айырылып қалған ойыншы ортадағымен орын ауыстырады.

«Қораздар шайқасы». Бұл ойын үшін алдын - ала мүмкіндігінше үлкен етіп, дөңгелек сызу керек. Қарсыластар бір аяқтап жүріп, дөңгелек ішінен бір - бірін итеріп шығаруы керек. Екінші аяғы жерге тисе, ол ойыншы ұтылған болады.

«Тиынды көтер».Алаңның қарама - қарсы жағына бастау сәті және финишті белгілейді. Тиындарды жайып қояды. Дабыл бойыншга жігіттер финишке қарай шабады. Шабыс кезінде тоқтамай, еңкейіп тиынды алады. Тиынды ең көп жинаған ойыншы ұтады.

«Қалпақты атып түсір».Ойынға қағаздан бүктелген бөрік те жарайды. Бас киімді 20 қадамдай жерге биіктігі 1 метрдей қазыққа іліп қояды. Ойыншы қолына белбеу алып, секірумен қазыққа дейін барып, белбеумен бас киімді қағып түсіреді.

«Ұя».Балалар өз - өздерін «құспын» деп елестетіп зал ішінде «ұшып», «секіріп» жүреді. Тәрбиешінің дабылы бойынша барлық ойыншылар залда жатқан сақинаға келіп «ұяларына» ұшып келіп қонады.

«Қоян мен ит».Ойыншылар «итті» таңдайды, қалған ойыншылар «қоян» болады. Бір - бірінен ара қашықтығы 3 метр екі шеңбер орналастырылады. «Иттің» міндеті - бір шеңберден екінші шеңберге секіріп жүрген «қоянды» ұстап алуы қажет. Ұстап алынған «қоян» ит болады.

«Қақпан».Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда - «орман аңдары» болады, екінші команданың ойыншылары шеңберге айнала тұрып, бір - бірінің қолдарынан ұстап жоғары көтереді. «Аңдар» шуы балалар арасымен өтіп шығады. Шу басылған уақытта балалар қолдарын түсіріп, отыра қалады. Ұсталынған «аңдар» шеңбер болып тұрады.

«Шабыс».Балалар жүргізушіні таңдайды, айналып дөңгелене тұрады. Алақандарын шапалақтап, жай шоқырақпен дөңгелене, салт атты бейнесін сала отырып шабады. Жеңімпаз атануы үшін жүргізушінің шеңбердің ортасына тастаған орамалын жүгіріп келе жатып қағып алуы керек.

«Балықшылар».Үш «балықшыны» таңдайды, қолдарына сақина беріледі. Қалған балалар - «балықтар» болады, олар жүзіп жүреді. «Балықшылар» былай дейді:

Суда балықтар жүзіп жүр,

Балықтар асыр салып ойнап жүр,

Балақтар, балықтар - тентектер

Біз сендерді ұстап аламыз балықтар.

Сақинаға бірнеше «балықтар» ұстап алуға тырысады, өздері сосын «балықшылар» атанады.

«Түйе мен ботақан» Балалар айнала шеңбер бойына тұрады. «Түйе мен ботақан» - батыры таңдалады. «Түйе» дөңгелекті айналып жүріп, «ботасын» үйге шақырады, бота одан қашып, секіріп жүреді. Балалар түйені дөңгелек ішіне кіргізбеуге тырысады, ботаны қорғайды. Түйе ботасын ұстағаннан кейін, балалар олардың үстінен бір - бірлеп секіреді, ұсталынған балалар батыр атанады.

Тастау, лақтыру және қағып алу ойындары.«Адасқан доп». Балалар дөңгелене шеңберге тұрады, бір - біріне допты бере бастайды. Жүргізуші дөңгелек сыртында допқа қолын тигізуге тырысады. Егер ол қолын допқа тигізсе, ол допты ұстаған баланың орнына тұрады. .

«Алшы» .Ең үлкен асықты қызыл түске бояйды, ол асық «Хан» деп аталады. Жүргізуші асықтарды уысына алып, қалған ойыншылардың алдына шашып тастайды. Одан кейін «хан» қай жағымен түскенін қараймыз. Сұқ саусақпен бас бармақтың көмегімен жақын жатқан асықтарды атамыз.

«Допқа тигіз». Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші команда сызық бойына сапқа тұрады, бір - біріне арқасымен екі қадам ара қашықтықта тұрады. Екінші команда да осылай, біріншіге параллель орналасады. Ойынға ойыншылар санына қарай доп қажет. Бір команда ойыншыларының міндеті - допты кезектесіп жоғары, кішкене ілгері қарай лақтыру. Екінші командада кезектесіп өз доптарымен белгіленген «мақсатқа» тигізу керек. Сосын керісінше жасалады.

«Орамал». Залдың ортасына орамал ілінеді. Қатарласып ойыншылар тұрады. Қолдарында шағын доп ұстайды. Ойыншылардың міндеті - орамалды доппен қағу.

«Шұңқыр және доп».Ойыншылар кең түрде дөңгеленіп тұрады. Әр ойыншы өз алдынан шағын шұңқыр қазады, қолдарында таяқшалары бар. Ортадан үлкен шұңқыр қазылады. Жүргізуші допты ойыншылардың арасымен өткізуге тырысады, үлкен шұңқырға түсіруі қажет. Басқа ойыншылар жүргізушіге жол бермей, өз шұңқырларын қорғайды. Шұңқырсыз қалған ойыншы жүргізушіні алмастырады.

«Аңшылар».Ойынға 4 - 6 бірдей доптар қажет. Балалар екі топқа бөлінеді. Біреуі «аңшылар», ал екіншісі «қасқырлар» болады. Біреуі диаметрі 4 метрдей дөңгелектің сыртында, екіншісі ішінде болады. Аңшылар доппен атқылап, дөңгелек ішіндегі қасқырға тигізуі қажет, олар орнында тұрып, бұғады, иіледі, айналады немесе допты қағып алады. Әрбір тиген доп үшін аңшылар 1 ұпай алады, ал егер қасқырлар допты қағып алса, ұпай жойылады.

«Арқа».Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың мүшелері теріс қарап тұрып, аяқтарының арасымен допты екінші командаға бағыттайды. Одан кейін екінші команда қайталайды.

«Ұшты-ұшты».Жүргізуші түрлі құстардың атын атап, «ұшты-ұшты» деп қолдарын сермейді, барлық ойыншылар қайталап, қимылдар жасайды. Бір сәт жүргізуші: мысалы «сиыр» дейді; егер ойыншылардың біреуі қолын былғап қалса, ол қандай да болсын бір тапсырманы орындайды.

«Доп соғу».Барлық ойыншыларда бір - бір доп. Екі қолмен тұрған жерінде допты кезектестіріп ұрғылайды. Ең көп допты ұрғылаған ойыншы ұтады.

Кеңістікті бағдарлау ойындары.«Есімін тап». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Біріншісі бөлмеде қалып, екіншісі шығады. Одан кейін ойыншы шыққан ойыншылардың есімдерінің ішінен бір есімді таңдайды. Шыққан команданың ойыншыларын бір - бірден ішке шақырады. Келген ойыншы өзін таңдаған ойыншыны сезіп, табуы керек.

«Инені тап».Ойыншының біреуі сыртқа шығады. Қалған ойыншылар инені тығады. Шыққан ойыншы ішке кіріп, ойыншыларды аралап, инені табуы керек.

«Кім күшті?». Екі ойыншы бір - біріне арқасымен тұрады, тұйық жіппен байланған жіптің түйіншегі екі ойыншының ортасында орналасады. Екеуі бір уақытта өз жағына қарай бір - бірін тартады.

«Өз орныңды тап».Бұл ойынның тағы бір аты - «Үшіншісі артық» деп те аталады. Ойыншылар жұптасып, екеуден бір - біріне арқасымен дөңгелек құрып тұрады. Ойынды бастаушы және жұбы жоқ ойыншы бастайды. «Артық» ойыншы қашып, бастаушы оны қуады. Міндеті - қашушы кез - келген жұптың алдына барып тұра қалады. Осы жұптағы үшінші ойыншы «артық» болады.

«Кім кетті?».Жүргізушіні таңдап қалғандары дөңгелене тұрады. Жүргізуші мына командаларды орындайды: жүру, секіру, жүгіру сияқты, ал басқалары қайталайды. Одан кейін екі ойыншыға барып, оларға дөңгелекті айналып шығып, жүргізушінің орнына баруды тапсырады.

«Жұбыңды тап»Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ әр түрлі атрибудтарды бастарына киеді, екінші топ олардың балаларының атрибудтарын киеді. Бір - біріне арқаларымен тұрып, шынтақтарымен айқасып тұрады. Бұйрық бойынша бір - бірін жоғары, еденнен аяқтарын көтереді. Өз қарсыластарын көтерген топ жеңеді.

Эстафеталық ойындар.«Айқасу». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Орталық алаңға бірінші жұп шығады: әрбір командадан бір - бір адам шығады. Бір - біріне арқасымен тұрып, шынтақтарын айқастырады. Команда бойынша бір - бірін көтереді, аяқтары еденнен көтерілуі керек. Қарсыласын көбірек көтерген команда жеңімпаз атанады.

«Арқан тарту».Ойыншылар екі командаға 5 - 6 адамнан бөлінеді. Ортасында орамал байланған арқан алынады. Ойын міндеті - арқанды өз жағына тартып жеңу.

«Жасақ».Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Әрбір команда келесі тапсырманы орындайды: «миналы алаңнан» қойылған кедергілерден өту, «батпақтан» төсеніш іздерден өту, «гранаталар» лақтыру - кішкентай дорбаларды лақтыру.

«Жігіттер».Тәрбиеші: Құрметті жігіттер,

Біз сіздерді қызықты,

Әдемі ойынға шақырамыз.

Отырғандардың ішінен бір жігіт таңдап алынады. Ал қалған балалар аттың жүрісін салады. Сөйтіп, екінші ойыншы мен жігітті ауыстырады.

Мен атқа отырғызыңдар!

Киізде үй маған тар енді,

Жарқыраған жол үстінде,

Әшекейлері кілемше тәрізді әдемі,

Ат үстінде отырып алға қарай шабамын.

Қалған балалар ат үйірін бейнелейді. Ойын жігітті алмастырумен жалғаса береді.

«Тапқыр».Тегіс жерге дөңгелек сызып, радиусына тең жіп алынады. Жүргізуші дөңгелек ортасында тұрып, тізе тұсында жіпті жай, біресе тез айналдырып, ойыншыларды ілуге тырысады. Қалған ойыншылар жіпке ұрынбай аттап не секіріп кетуі керек.

Жолдағы кедергілер.«Көңілді жарыстар». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Біріншісі бас жақта қатарласып тұрады. Дабыл бойынша жолдағы кедергілерден өтіп, финишке жетуі керек: тізелей отырып кедергілер арасынан өту, аяқ арасына допты қысып өту, гимнастикалық орындықтан өрмелеп өту. Екінші команда да осыларды орындайды.

«Поезд».Балалар бір - бірінен ұстап әр түрлі төсеніштермен, текшелердің арасынан өтеді.

«Татулы жарыстар». Тапсырманы жұптасып орындайды: бір бала қолымен еденге тіреледі, екінші бала оның аяғыннан ұстап белгілі ара қашықтыққа жүреді; араларына кеуде тұсына шар қысып жүру; екі ойыншы дөңгелек ішінде финалға дейін жүгіреді.

«Алғырлар». Залда кедергілер қойылған:секірмелі-доптар, қанаттар, шағын доптар, секіргіштер, аттар. Тәрбиешінің дабылы бойынша балалар түрлі жаттығулар жасап, дабыл бойынша орын ауыстырады.

РЕЛАКСАЦИЯ

«Босаңсу және қатаю».Тік тұрып, қолдарын ілгері көтеру, саусақтарын жұдырыққа жұму, иық алдының бұлшықеттерін қатайту (3 - 4 сек). Күшті болам деп ойлап тұру. Бұлшықеттерді қатайту. Енді тұла бойынды босаңсытып: қолдарынды еркін төмен түсіріп, маятник тәрізді қимыл жасайды.

«Жаяу ат айдаушы қалпында» Міндетті түрде орындыққа отырып, денені алға қарай арқаны жай ғана еңкейту,басты төске қарай жібереміз, аяқты тік бұрыш жасап, қатар қою керек. Білек сүйектері жамбаста еркін жатады, қолымызды бос ұстаймыз, еркіндікке жібереміз. Көзді жұмып, бұлшықеттерді барынша босаңсыту. Қалып ат айдаушыны елестетеді.

«Теңіз өмірі».Теңіздегі тіршілікті: теңіз балықтары, шабақтар,теңіз жұлдыздары, теңіз жұлдыздары, шаяндар, дельфиндер атауларын күн нұрына бөленіп, теңізде жүзген кездегі бейнелеріне ену, сезіну.

«Күн».Балалар дөңгелене тұрып күнге қарай қолдарын созады. Күн өз шуағын адамдардың жүрегіне, балаларға сыйлайды.Әр баланы күн нұрына бөлейді. Ал балалар өз кеудесінен күннің сәулесін айналасындағы тіршілікке жолдайды.

«Гүлдер».Әрбір гүл өзінше, ерекше иіс таратады, оған жәндіктер жиналады, өзінің әдемілігімен тіршілікке қуаныш сыйлайды. Айналаға тараған хош иіске балалар рахаттанады.

«Көбелек».Табандарын қатарластырып отырып, тізесін бүгіп, аяғын барынша жайып, білектерін айқастырып, табанын құшақтайды. Тізеден бүгілген аяқпен, ырғақты серіппелі тербеліс жасайды. Бала өзін гүлде отырған тәрізді сезініп, тізесін көтеріп, қолын түсіреді. Балмен нәрленген көбелек қолдарымен қанат қағып алысқа ұшып кетеді.

«Қысқы орман». Өзін қысқы орманда жүргендей, аязды күні қар жауып тұрғанын көз алдына елестету. Қар ұлпасы, жайлап ауада қалқып, жерге түсіп жатыр. Орман іші тыныш. Талдар көлеңкеде тұр, жел жоқ, тып - тыныш. Бір кезде жел көтеріліп, әуелі жайменен қар ұлпалары аспанға көтеріледі. Жаттығулар алыстан көрмеушілікті алдын - алуға жасалады.

«Күз».Жылы, талдарда сары жапырақтар, олар желмен тербеліп тұр. Жел күшейіп кетіп еді, бір жапырақ талдан үзіліп, көңілді шайқалып, жайлап аударылып, ұша жөнелді.

«Теңіз».Балалар өздеріне ыңғайлы қалыпты қабылдап, көздерін жұмады да, жағалауда тұрмын деп елестетіп, теңіздің шуын тыңдайды.

«Арамен ойнау».Аю алтын араны қонжықтармен бірге ойнауға шақырады. Балалар үйшік жасай отырып, тізелерін көтереді. Ара тізе астынан ұшып жүреді. Аю анасы былай дейді: «Ұшты» және қонжықтар болып ұйымшыл аяқтарын тіке қояды, бірақ әккі ара ұстатқызбайды.

«Факирлер».Балалар аяқтарын айқастырып еденге отырады, қолдарын тізелеріне қойып, бел және мойын денелерін еркін ұстайды, көзін жұмып, басын жібереді. Әуен шырқалады, факирлер демалады.

«Шаңсорғыш».Күн сәулесінде шаңдар көңілді болып билейді. Шаңсорғыш жұмыс жасайды. Ақырын - ақырындап шаңдар айналып кетеді де, еденге барып шөгіледі. Шаңсорғыш шаң жинайды; кімге тисе, сол орнынан тұрып кетеді.

«Салқын - ыссы».Аю ана кетіп қалады. Қатты жел соқты да, саңылаулар арқылы ішке кіреді. Қонжықтар тонып қалады. Олар кішкентай будақдарша бүктетіліп жылынады. Өте ыссы болып кетеді. Қонжықтар жазылады. Тағы да өте қатты жел соғады.

«Ұйықтап жатқан мысық».Балалар төсеніш үстінде ұйықтап жатқан мысықтың ролін ойнайды. Мысық демалғанда оның іші жай қампиып, кері орнына түседі.

«Шар». Шарды үрлеп жатырмын деп елестет, қолдарыңды іштеріне қойып, ішімізді де шар сияқты қампитамыз. Қарын бұлшықеттері қатаяды. Иығымызды көтермейміз. Дем аламыз, демді шығарамыз. Қарын бұлшықеттері босаңсынып, жұмсақтанады.

«Штанга».Залға жүргізушінің кіріп көргендегісі...

Аулада қарсы алады ол

Топ адамдары, әрқайсысы ұйықтап жатыр..

Жүргізуші әр түрлі қалыпта тұрған балаларға жақындайды. Ол оларды оятқысы келеді, екі қолдарын көтереді, бірақ олар кері төмен түсіреді..

«Түс періштесі».Балалар орындыққа шеңбер болып отырады. Оларға қолында кішкентай таяқшасы бар қыз келеді, ол-түс періштесі. Ол әр ойыншының иығына тиеді, сол адам ұйықтап қалады...

Періште барлық балаларға қарайды. Бәрі ұйықтап жатады, сосын ол жәймененкетіп қалады.

«Насос және доп».Балалар жұптасып бөлінеді. Біреуі үлкен доп, екіншісі допты үрлейтін насос болады. Тізені жартылай бүгіп, кеудені тұрған допқа жақындатады. Насос допты «С» дыбысын шығарып, үрлей бастайды. Үрлеген сайын доп үлкейе түседі. Тігінен тұрып, аяғы, тізесі түзеліп, аузы, ұрты, томпайа бастайды. Досы, доптан насостың шлангасын жұлып алады. Доптан қатты «Ш» деген дыбыс шығады.

«Қызыққыш Варвара». Айналасы жақсы көрінетіндей бастарын солға бұрады. Қазір мойын еттері қатайып тұр.Сол жақ мойынға тигізген кезде бұлшықеттер тас сияқты қатайған.

«Ғажайып түс».Тәрбиеші өлең оқиды, ал балалар көздерін жұмып, тыңдап жатады. Жәй дауыс, ұзақ үзіліс үлкен тыныштық береді. «Кірпіктері жіберіліп, көздері жұмылады, біз тыныш демаламыз, ғажайып түспен ұйықтаймыз. Біз арқылы түс көріп, тыныш дем алдың. Демалған жақсы, бірақ тұратын уақыт та болды...»

«Менің орманым».Сен өзіңді алаңда келе жатырмын деп елестет. Алыстан орман көрінеді. Орманға жол апарады. Алаң алтындай, жәй жел соғады да, жұмсақ шөптерді қимылдатады. Орман өмірге толы. Олардың барлық ағаштары сені қарсы алғандай шулап жатыр. Енді бірнеше адым... Қазір сен орманға кіресің. Кәне тоқтайық. Тоқта.Осы үзілісті есіңе сақта.

«Шипалы күштер».1 Жаттығу. Мен қолайлы орналастым. Менің денемнің жағдайы еркін, босаңдау, қолайлы. Менің зейінім физикалық денеге және өзімнің көңіл - күйіме аударылды. Мен толықтай өз денемді сезінемін.

2 Жаттығу. Маған өте ыңғайлы және тыныш. Менің ойым, балалық шағым уайымсыз. Мен өзімді бақылаймын. Менің «мен» дегенім менің денемнің әр түйіршіктерінен кіріп өтеді.Әрбір түйіршік менімен кездесуге қуанышты.

3 Жаттығу. Мен өз зейінімді бетіме қойдым.Мен маңдай, ерін, бет, мойын бұлшықеттерін сезінемін және босаңсытамын. Менің қабағыма салмақ түседі және жабылады. Менің ернім босаңсынып, тілім еркінсінеді. Менің түр - әлпетім босаңсынып, мен терең - терең жайлылықты сезінемін және қорқынышсыз боламын.

4 Жаттығу. Мойын бұлшықеттері жұмсақ. Арқа, қарын бұлшықеттері толықтай босаңсыды. Менің аяғым және қолдарыма салмақ түседі. Мен жағымды ауыртпалықты сезінемін. Менің денем толықтай еркіндікті сезінеді.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ

Ортаңғы тобы (4-5жас)

Балалар ағзасының жұмысқа қабілеттілігін және адаптациялық мүмкіндіктерін күшейту, денсаулығын шынықтыру міндеттерін шешеді. Әртүрлі жаттығулар кезінде денесінің қимыл-қозғалыстарына байыппен саналы түрде мән беруге үйрету, дене сымбаттылығын сақтай білуді қалыптастыру.

Балаларда төзімділікті, ептілікті және басқа да физикалық қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, олардың алғашқы кезең тәрбиесін бастау.

Қимыл-қозғалыстың үйлестілігін, тепе-теңдікті дамыту. Жеңіл және ырғақты жүгіруге үйрету; жүру және жүгірудің әр түрлі түрлерін меңгеру; қалыпты жағдайда бір орнында тұрып секіру. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеуге, алақанымен допты қағып алуға, әр түрлі тәсілдермен лақтыруға, сапқа тұру кезінде ара қашықтықты сақтауға, кеңістікті бағдарлауды үйрету. Өз қатарластарымен жолдастық қарым-қатынастарын қолдап, ұйымшыл бола білулерін дамыту. Спорттық жаттығуларды өз бетімен үйренуге ынта-ықыласты, өзбеттілікті тәрбиелеу. Неміс, польша, дат мектептерінің тәжірибелерін пайдалана отырып, буын иілгіштігін, дене сымбаттылығын дұрыс қалыптастыру үшін жаттығуларды орындау.

1 ТОҚСАН

Негізгі қимыл - қозғалыс жаттығулары

Ж ү р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Балерина», «Балапан», «Пингвин», «Жылан», «Түлкі», «Ізкескіштер», «Трактор», «Пони», «Шаңғышы», «Зырылдауық».

Ж ү г і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Құс», «Құлыншақ», «Қасқыр», «Жылан», «Ит», «Бала қораз», «Бау», «Қол ұстасу», «Ақжелкен», «Буратино».

С е к і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Қоян», «Бақа», «Маймылдар», «Аққұтан», «Қайшы», «Масаны ұстап ал», «Бұршақтар», «Зырылдауық», «Үйшік», «Тізбе».

Т а с т а у , л а қ т ы р у ж ә н е қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р . «Секіргіш», «Серіппе», «Достар», «Допты сырғыту», «Себет», «Сайқымазақ», «Сақина», «Қабырға», «Көңілді доп», «Тиін».

Е ң б е к т е у г е, ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р . «Мысықай», «Крокодил», «Туннель», «Маймыл», «Жылан», «Қырықбуын», «Ирек», «Ұлу», «Машина», «Өрмекші».

Т е п е - т е ң д і к ж а т т ы ғ у л а р ы. «Леген», «Көпір», «Бала қораз», «Тау», «Арқан бойлап жүруші», «Кедергі», «Жұлымыр», «Ұшақ», «Із», «Төмпешіктер».

Х а т к а - й о г а ж а т т ы ғ у л а р ы. «Арыстан қалпында», «Құрсақ құлпы қалпында», «Жартылай тасбақа қалпында».

Жалпы дамыту жаттығулары

Қ о л м е н и ы қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Маятник», «Құс», «Қанат», «Дөңгелек», «Шаршыны жалғастыр», «Қолды айналдыру».

А я қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Түлкі», «Би», «Ванька-встанька», «Әткеншектер», «Тарсылдақ», «Аттап созылу», «Аяқпен шеңбе жасау».

К е у д е г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Әлпеншек», «Тағзым», «Қайық», «Бауырсақ», «Қоңыз».

Т ы н ы с а л у ғ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р . Бақылау үзілісі, «Кернейші», «Серуенге дайындық», «Көкек», «Үйшік», «Жаңбырдан кейін», «Диірмен», «Ояну», «Демалыс», Алақан», «Қуғыншылар», «Насос», «Мысық».

С а п қ а т ұ р у ж ә н е с а п қ а қ а й т а д а н т ұ р ғ ы з у. Өз бетімен шеңберге жұптасып, колоннаға сапқа тұру, белгі бойынша жан - жаққа жүгіру, белгі бойынша қайта орындарына тұру. Саптан шығып, қайтадан 2 колоннаға сапқа тұру. Сызық бойымен сапқа түзу тұру.

Қимылды ойындар

Ж ү г і р у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Жаяу көкпар», «Қарлығаш».

Е ң б е к т е у г е , ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Балапан», «Киік».

С е к і р у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Қоян мен қасқыр», «Байланған орамал».

Л а қ т ы р у ж ә н е қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р : «Адасқан доп», «Аңшылар».

К е ң і с т і к т і б а ғ д а р л а у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Есімін тап», «Инені тап».

Нүктелі - сауықтыру массажы

1 нүкте - кеуденің жоғары және орта тұсы.

2 нүкте - кеуденің негізгі тұсы.

3 нүкте - төменгі жақ бұрышының төменгі бөлігі

4 нүкте - мойынның үстіңгі бөлігінің екі жағы

5 нүкте - кеуденің бірінші омыртқасы мен мойынның жетінші омыртқа аралығы

6 нүкте - құлақ қуысы бұлшықетінің 1-1,5 см алдыңғы жағы

7 нүкте - мұрынның екі жағы

8 нүкте - қастың үстіңгі жақ аумағы

9 нүкте - қолдың бас бармағы және сұқ саусағының арасы.

Тратака Көзді түйістіру. Саусақ қозғалыстарын бақылау. Саусақты мұрын ұшына тигізу.

Релаксация «Босаңсу және қатаю», «Аяқ ұшымен атқосшы қалпында», «Теңіз».

Спорттық жаттығуларВ е л о с и п е д п е н с ы р ғ а н а қ т е б у. 2 және 3 аяқты велосипедпен тіке, шеңбер бойлап сырғанақ тебу, оңға және солға бұрылыстар жасау.

Ж ү г і р у а л а ң ы. Әртүрлі жылдамдықпен жүгіру және жүру.

В е л о с и п е д т р е н а ж е р і. Арқа, қол, аяқ бұлшықеттерінің жұмысы.

Қ ұ р ғ а қ х а у ы з. Бір орында тұрып секіру

Спорттық шаралар мен ойын-сауықтар

Балалардың өз бетімен қалыптасуын, төзімділігін, ынта-ықыласын, қимыл-қозғалыстағы жылдамдық реакцияларын, күшін, жүгіру мен секірудегі жетістіктерін дамыту. Балалардың ойындарда, жарыстарда ынта-ықыласын, тез шешім қабылдауларын, батылдыгын мақтай білу. Өз араларында жолдастық қарым-қатынасты, ұйымдастыруды қалыптастыру. Гимнастикалық орындықта жүру кезінде тепе-теңдікті, кедергілерден өрмелеп өту дағдыларын дамыту.

«Көңілді жарыстар», «Денсаулық күні», «Өз еркімен ойналатын ойындар», «Спартакиада».

2 ТОҚСАН

Негізгі қимыл - қозғалыс жаттығулары

Ж ү р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Жылан», «Бала қораз», «Тышқан», «Тыңда-орында», «Күркетауық», «Түбір», «Арыстан мен тасбақа», «Тауыс», «Ләйлек», «Балу».

Ж ү г і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Балапан», «Твикс», «Ақ тоқаш», «Бастау сәті», «Моншақтар», «Құлыншақ», «Шахматтар», «Маймыл», «Текірек», «Дабылдар».

С е к і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Қосаяқ», «Кедергі», «Киік», «Арыстан», «Доптар», «Дорба», «Серіппе», «Бөлтірік», «Шегіртке», «Сарбаз».

Т а с т а у, л а қ т ы р у ж ә н е қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р ы: «Лақтыру», «Допты ұста», «Нысана», «Қол арба», «Боулинг», «Қырықбуын», «Достар», «Назар», «Басқасына жалғастыр».

Е ң б е к т е у г е, ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Мысықай», «Қырықбуын», «Маймыл», «Бөлтірік», «Жөндеуші» «Барлаушы», «Қонжық», «Қырықбуын», «Пілдің баласы», «Трактор».

Т е п е - т е ң д і к к е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Тышқан», «Ләйлек», «Арқан бойлап жүруші», «Бала күтуші», «Би», «Аққұтан», «Ер жет», «Жіп».

Х а т х а - й о г а ж а т т ы ғ у л а р ы: «Ағаш қалпында», «Жылан қалпында», «Ақыл-ой қабілетіне арналған қалып».

Жалпы дамыту жаттығулары

Қ о л ж ә н е и ы қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Қолды айналдыру», «Шынтақты бүгіп жіберу», «Қолды арқада біріктіру», «Қолды бұру», «Сегіздік жасау».

А я қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Отырып тұру», «Аяқты қозғау», «Аяқты бұру», «Аяқты бүгу және жазу», «Аяқты былғалау».

К е у д е г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р: «Иілу», «Тағзым», «Шеңберлер», «Маятник», «Болмашы».

Т ы н ы с а л у ж а т т ы ғ у л а р ы: Бақылау үзілісі, «Сағаттар», «Қаздар ұшып барады», «Шаңғышы», «Реттеуші», «Паровоз», «Насос», «Күннің батуы», «Диірмен».

С а п қ а т ұ р у ж ә н е с а п қ а қ а й т а д а н т ұ р у. Өзбетімен жүріп келе жатып және бір орында көршісімен жұптасып тұру. Колоннадан бір-бірден бөлімге бөлініп сапқа тұру: белгі берілген кезде бастаушылар белгіленген орындарға тұрады, қалғандары олардың артына тұрады.

Қимылды ойындар

Ж ү г і р у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Бүркіт», «Атшабыс».

С е к і р у ге а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Қораздар шайқасы», «Тиынды көтер».

Е ң б е к т е у, ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Мысық пен тышқан», «Тасбақа».

Л а қ т ы р у, қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р : «Қақпа», «Ұшты-ұшты».

К е ң і с т і к т і б а ғ д а р л а у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Кім күшті?», «Өз орныңды тап!»

Нүктелі - сауықтыру массажы

1 нүкте - кеуденің жоғары және орта тұсы

2 нүкте - кеуденің негізгі тұсы

3 нүкте - төменгі жақ бұрышының төменгі бөлігі

4 нүкте - мойынның үстіңгі бөлігінің екі жағы

5нүкте - кеуденің бірінші омыртқасы мен мойынның жетінші омыртқа аралығы

6 нүкте - құлақ қуысы бұлшықетінің 1-1,5 см алдыңғы жағы

7 нүкте - мұрынның екі жағы

8 нүкте - қастың үстіңгі жақ аумағы

9 нүкте - қолдың бас бармағы мен сұқ саусағының арасы

ТратакаКөз алмастан шеңберге қарау. Қозғалып тұрған затқа көзді түйістіру. Заттың қозғалыстарына қарау.

Релаксация «Күн», «Гүлдер», «Көбелек»

Спорттық жаттығулар

В е л о с и п е д п е н с ы р ғ а н а қ т е б у. 2 және 3 аяқты велосипедпен орташа жылдамдықта тіке және жылдамдықты өзгерте отырып шеңберді айналып сырғанақ тебу.

Ж ү г і р у а л а ң ы . Жүру, жүгіру, кезекпен секіру.

В е л о с и п е д т р е н а ж е р і. Жылдамдықты өзгерте отырып жаттығуларды орындау.

Қ ұ р ғ а қ х а у ы з. Бір орында тұрып екпінмен секіру.

Спорттық шаралар мен ойын-сауықтар

Салауатты өмір салты қажеттіліктерін қалыптастыру. Допты лақтыруға жаттықтыру. Әртүрлі жаттығуларда, доппен ойнайтын ойындарда және басқада құрал-жабдықтармен балаларды өз мүмкіндіктерін көрсетуге баулиды.

«Сәлем, қыстың қонақтары!», «Қыс қызықтары», «Бәрімен бірдей жаса, бәріненде күшті жаса», «Денсаулық күні».

3 ТОҚСАН

Негізгі қимыл - қозғалыс жаттығулары

Ж ү р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Жылан», «Тышқан», «Балапан», «Назар», «Күшік», «Бау», «Құйрық», «Қабылан», «Аққала», «Ішек».

Ж ү г і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Күшік», «Қасқыр», «Сызғыш», «Жылға», «Белгі», «Моншақтар», «Бастау сәті», «Қырықбуын», «Сілеусін», «Құмырсқа».

С е к і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Тиін», «Қосаяқ», «Секіру», «Доп», «Бол», «Маймыл», «Қоян», «Секіргіш», «Пони», «Шегіртке».

Т а с т а у, л а қ т ы р у ж ә н е қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Садақшы», «Баскетболшы», «Салют», «Мерген», «Төбе», «Епті», «Волейболшы», «Мақсат», «Достар», «Бауырсақ».

Е ң б е к т е у г е , ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Аю», «Қаз», «Еңбектеу», «Жігіт», «Маймылдар», «Сарбаз», «Ұлу», «Қырықбуын», «Пілдің баласы», «Өрмекші».

Т е п е - т е ң д і к к е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Тасбақа», «Жаяу жүргіншілер», «Биші әйел», «Аққұтан», «Би», «Паровоз», «Тырна», «Бау».

Х а т х а - й о г а ж а т т ы ғ у л а р ы. «Жартылай май шам қалпында», «Аяқ және қол қалпына арналған», «Бел қалпына арналған».

Жалпы дамыту жаттығулары

Қ о л ж ә н е и ы қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р.

«Басты айналдыру», «Басты бұру», «Қолды алға жіберу», «Саусақтарды бүгу», «Қолды уқалау».

А я қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Табанды бүгу және жазу», «Табанды айналдыру», «Аттап созылу», «Қаз», «Аяқты қозғау».

К е у д е г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Піл», «Керік», «Маймыл», «Ләйлек», «Диірмен».

Т ы н ы с а л у ж а т т ы ғ у л а р ы. Бақылау үзілісі, «Египтянші», «Отын», «Жүргінші», «Балдырған», «Түтікше», «Шар», «Ояну», «Демалыс».

С а п қ а т ұ р у ж ә н е с а п қ а қ а й т а д а н т ұ р у. Сапқа тұрып, бір-бірінің артынан және шашыраңқы күйде жүріп, алаңды айналып қатарға қайта сапқа тұру. Орнында тұрып оңға, солға бұрылу.

Қимылды ойындарЖ ү г і р у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Автомобильдер», «Торғайлар мен мысық».

С е к і р у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Қалпақты атып түсір», «Ұя».

Е ң б е к т е у, ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Кесіртке», «Жыландар».

Л а қ т ы р у, қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Алшы», «Доп соғу»

К е ң і с т і к т і б а ғ д а р л а у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Кім кетті?», «Өз жұбыңды тап»

Нүктелі - сауықтыру массажы

1 нүкте - кеуденің жоғары және орта тұсы

2 нүкте - кеуденің негізгі тұсы

3 нүкте - төменгі жақ бұрышының төменгі бөлігі

4 нүкте - мойынның үстіңгі бөлігінің екі жағы

5 нүкте - кеуденің бірінші омыртқасы мен мойынның жетінші омыртқа аралығы

6 нүкте - құлақ қуысы бұлшықетінің 1-1,5 см алдыңғы жағы

7 нүкте - мұрынның екі жағы

8 нүкте - қастың үстіңгі жақ аумағы

9 нүкте - қолдың бас бармағы мен сұқ саусағының арасы

Тратака Көзбен шеңбер жүргізу. Көзді сығырайту. Көзді бір нүктеге түйістіру.

Релаксация «Қысқы орман», «Күз», «Теңіз өмірі».

Спорттық жаттығуларВ е л о с и п е д п е н с ы р ғ а н а қ т е б у. Екі және үш аяқты велосипедпен темпті өзгерте отырып, жылдамдықты арттырып сырғанау.

Ж ү г і р у а л а ң ы. Жүру, қолды кезекпен сермей отырып, үзіліс жылдамдықпенен жүгіру.

В е л о с и п е д т р е н а ж е р і. Кезекпен қолды сермей отырып жаттығуды орындау.

Қ ұ р ғ а қ х а у ы з. Бір орында тұрып екпінмен секіру. Дене бөлігі ішпен төрт аяқтап еңбектеу.

Спорттық шаралар мен ойын - сауықтар

Балаларды ойындарға және ойын-сауықтарға белсенді қатыстыру, қуанышты әсерге баулу, қимыл - қозғалыстарда өз мүмкіндіктерін көрсете білуге және көтеріңкі көңіл-күйде болуға үйрету.

«Еркем-ай», «Денсаулық күні», «Көңілді жарыстар», «Джунглия шақырады».

4 ТОҚСАН

Негізгі қимыл - қозғалыс жаттығулары

Ж ү р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Пингвин», «Жылан», «Балапан», «Арыстан мен тасбақа», «Күркетауық», «Түбір», «Балу», «Ләйлек», «Түлкі», «Қыл».

Ж ү г і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Құс», «Қасқыр», «Бау», «Ақ тоқаш», «Шахматтар», «Маймыл», «Белгі», «Моншақтар», «Ақжелкен», «Құмырсқа».

С е к і р у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Қоян», «Бақа», «Үйшік», «Бол», «Зырылдауық», «Киік», «Арыстан», «Секіру», «Пони», «Секіргіш»,

Т а с т а у, л а қ т ы р у ж ә н е қ а ғ ы п а л у ғ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Секіргіш», «Достар», «Допты сырғанат», «Допты домалат», «Нысана», «Жеңіл көлік», «Қырықбуын» «Салют», «Төбешік», «Волейбол»,.

Е ң б е к т е у г е, ө р м е л е у г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Ирек», «Маймыл», «Ұлу», «Көлік», «Апан», «Хауыз», «Өрмекші», «Туннель», «Қонжық», «Жөндеуші».

Т е п е - т е ң д і к к е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Іздер», «Кедергі», «Жұлымыр», «Арқан бойымен жүруші», «Тау», «Тышқан», «Бала күтуші», «Аққұтан».

Х а т к а - й о г а ж а т т ы ғ у л а р ы: «Арыстан қалпында», «Жылан қалпында», «Жартылай май шам қалпында».

Жалпы дамыту жаттығулары

Қ о л ж ә н е и ы қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Қолды айналдыру», «Шынтақты бүгіп жіберу», «Қолды бұру», «Басты айналдыру», «Қолды уқалау».

А я қ қ а а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Отырып тұру», «Табанды бұру», «Сайқымазақ», «Қаз», «Аттап созылу».

К е у д е г е а р н а л ғ а н ж а т т ы ғ у л а р. «Піл», «Шеңберлер», «Болмашы», «Бауырсақ», «Диірмен».

Т ы н ы с а л у ж а т т ы ғ у л а р ы. Бақылау үзілісі, «Египтянші», «Отын», «Қайық», «Балдырған», «Түтікше», «Шар», «Насос», «Демалыс».

С а п қ а т ұ р у ж ә н е с а п қ а қ а й т а д а н т ұ р у. Өзбетімен көршісімен бірге колоннаға жұптасып сапқа тұру. Белгі бойынша бірнеше бөлімшеге сапқа тұру. Орнында тұрып оңға, солға бұрылу. Шеңберге тұру, шеңберден шығып жұптасып, колоннаға қайта сапқа тұру.

Қимылды ойындар Ж ү г і р у о й ы н д а р ы: «Бүркіт», «Торғайлар мен мысық».

С е к і р у о й ы н д а р ы: «Қалпақты атып түсір», «Қораздар шайқасы».

Е ң б е к т е у ж ә н е ө р м е л е у о й ы н д а р ы: «Тасбақа», «Жыландар».

Л а қ т ы р у, қ а ғ ы п а л у о й ы н д а р ы: «Алшы», «Қақпа».

К е ң і с т і к т і б а ғ д а р л а у ғ а а р н а л ғ а н о й ы н д а р: «Кім кетті?»,«Кім күшті?»

Нүктелі - сауықтыру массажы

1 нүкте - кеуденің жоғары және орта тұсы

2 нүкте - кеуденің негізгі тұсы

3 нүкте - төменгі жақ бұрышының төменгі бөлігі

4 нүкте - мойынның үстіңгі бөлігінің екі жағы

5 нүкте - кеуденің бірінші омыртқасы мен мойынның жетінші омыртқа аралығы

6 нүкте - құлақ қуысы бұлшықетінің 1-1,5 см алдыңғы жағы

7 нүкте - мұрынның екі жағы

8 нүкте - қастың үстіңгі жақ аумағы

9 нүкте - қолдың бас бармағы мен сұқ саусағының арасы

Тратака Көзбен шеңбер жүргізу. Көзді сығырайту. Жылтылдаған зат құбылысының қозғалысын қарау. Саусақтан көз алмау.

Релаксация «Жұдырық түю», «Бұғылар», «Топырақпен ойнау».

Спорттық жаттығулар В е л о с и п е д п е н с ы р ғ а н а қ т е б у. Екі және үш аяқты велосипедпен жылдамдықты өзгерте отырып, жылдамдықты арттырып сырғанау.

Ж ү г і р у а л а ң ы. Қолды кезекпен сермеп жүру.

В е л о с и п е д т р е н а ж е р і. Кезекпен қолды сермей отырып жаттығуды орындау.

Қ ұ р ғ а қ х а у ы з. Арқасымен алға қарай қимылдау, дене бөлігі ішпен еңбектеу.

Спорттық шаралар мен ойын-сауықтар

Балаға өзін - өзі көрсете білуге көмектесу, өзін сол команданың мүшесімін деген сезімін сезіндіру, жеңістіктегі жауапкершілікті достарымен бірге бөлісу, өзінің жақсы қасиеттерін көрсету.

«Сәлем, жаз!», «Денсаулық күні», «Көңілді жарыстар», «Әке, ана, мен - біз спортты жанұямыз».

4-5 жас аралығындағы балалардың физикалық тұрғыдан дайындық көрсеткіштері (Ұ,Қ + -1 балл)

Оқу жылының аяғында балалар төмендегідей көрсеткіштерді көрсетулері тиіс:

1. жүріп келе жатып жүгіру жылдамдығын секундына 10 метрге дейін дамыту

Ұл балалар 3,0-2,1

Қыз балалар 3,2-2,2

2. бастау сәтінен бастап жүгіру жылдамдығын секундына 30 метрге дейін дамыту

Ұл балалар 9,8-7,1

Қыз балалар 10,2-7,0

3. орнында тұрып ұзындыққа секіру (см)

ұл балалар 64,0-107,0

қыз балалар 60,0-103,0

4. салмағы 1 кг допты бастан асыра ұзындыққа лақтыру (см)

ұл балалар 125,0-260,0

қыз балалар 110,0-230,0

5. 90 метрге дейін жүгіру жылдамдығын дамыту (сек)

ұл балалар 37,3-27,3

қыз балалар 37,0-26,2

1-ші сәбилер тобы

Қуыршақтарға қонаққа.

Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.

Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.

Қоңырау қайдан естіледі?

Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.

Жолмен (жалғыз аяқ жолмен).

Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады.

Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады.

Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.

Кішкене өзен арқылы.

Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау - «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.

Поезд.

Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады.

Жел көбік.

Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады.

Көпіре гөр көбік-шар,

Көпіре гөр кеңіп шар.

Осы күйі қал тұрып,

Кете көрме жарылып.

Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен. «Тарс етті», - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады.

Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту).

Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады.

Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.

Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (тәрбиеші ритммен қолын соғады немесе бір-екі, бір-екі деп дауыстап тұрады.)

Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі.

Күн мен жаңбыр.

Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.

Допты қуып жет.

Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады.

Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.

Ойын варианты.

Ойын үшін түрлі түсті шарлар (ағаштан немесе пластмассадан жасалған) таңдап алынады. Оларды кәрзеңкеге салып, тәрбиеші балаларды шақырады, шарлардың қандай әдемі, олардың түсі қандай екендігін де айтып береді. Одан кейін: «Қараңдар, шарлар қалай домалап кетті... қуып жетіңдер де қайтадан кәрзеңкеге салыңдар» - дейді. Балалар кішкене шарларды қуып жетеді де кәрзеңкеге апарып салады.

Ойын қайталанған кезде педагог кімнің қандай шар әкелгенін жариялайды: қызыл, сары, т.б.

Пластмассадан жасалған шармен ойынды учаскеде де, тоғай ішіндегі алаңда да өткізуге болады; ағаштан жасалып, сырты жылтыратылған шармен оның бүлінбесі үшін, үй ішінде, кілем үстінде ойнаған дұрыс.

Тәрбиеші балалардың бір жерге шоғырланбай, бүкіл алаңның бойымен жүгіруін (әр бала өз шапшаңдығымен жүгіреді) қадағалайды.

Алғашқыда ойын азғана балалармен жүргізіледі, одан соң бірте-бірте ойнаушылардың саны көбейе түседі.

Күн шұғыласы (сәулесі).

Тәрбиеші өзінің жанына бір топ балаларды жинап, айнаның көмегімен күн шұғыласын қабырғаға түсіреді де:

Қабырғаға елбеңдеп,

Ойнайды сәуле құбылып.

Ымдасаң болды «кел» деп,

Жетеді демде жүгіріп.

Сәл үзіліс жасайды да: «Сәулені ұстаңдар» деген сигнал береді. Балалар қабырғаға жүгіріп, қолға тұрмай жалтаңдап тұрған күн сәулесін ұстауға тырысады.

Мені қуып жетіңдер.

Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарды немесе алаңда отырады. Тәрбиеші: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де алыңның қарсы жағына жүгіреді. Балалар тәрбиешінің соңынан жүгіріп, оны ұстауға тырысады. Одан кейін тәрбиеші тағы да: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де қарсы жаққа қарай жүгіреді, балалар оны қайтадан қуалайды. Екі рет жүгіргеннен кейін балалар орындықтарға отырып дем алады. Одан кейін ойын қайта басталады.

Ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс: балалардың бір тобы ойнап жатқан кезде екінші тобы қарап тұрады, одан кейін балалар рөлдермен ауысады.

Маған қарай жүгіріңдер.

Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарда немесе алаңды жағалай отырады. Тәрбиеші бөлменің қарсы бұрышына немесе алаңның ең алыс бұрышына барып: «Маған қарай жүгіріңдер», - дейді. Балалар оған қарсы жүгіреді. Тәрбиеші оларды қолын жайып, ишаратпен қарсы алады. Балалардың бәрі келіп, тәрбиешінің қасына жиналып болғаннан кейін, ол серуендеуді ұсынады. Балалар өздері жүргісі келген жерде емін-еркін тәрбиешімен бірге бөлме ішінде жүреді. Тәрбиеші бұдан кейін: «Үйге қарай жүгіріңдер» - дейді. Балалар жүгіріп барып орындықтарына отырады.

Ойын осылай 4-5 рет қайталанады. Алғашқы кезде ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс, кейін ойнаушылардың саны арта түседі (үйлеріне қайтқан кезде балалардың кез-келген орындыққа отыруына болады).

Мысық пен тышқандар.

Ойын азғана балалар тобымен бөлмеде (кілем үстінде) немесе далада, жұмсақ шөпті алаңда, өткізіледі.

Қырынан қойылған гимнастикалық сатының, рейканың немесе кендір жіптің көмегімен тышқандарға арналған орын қоршалады. Мысық таңдап алынады. Ол үлкен орындыққа немесе кесілген ағаштың түбіріне отырады. Тышқандар індерінде отырады.

Тәрбиеші былай дейді:

Тышқанға сақшы санап өзін мысық,

Жатады ұйықтағансып көзін қысып.

Тышқандар індерінен жүгіріп шығып (сатының баспалдақтары арасынан өтеді немесе жіптен секіреді), жүгіре бастайды.

Біраз уақыттан кейін тәрбиеші:

Тынышталыңдар, тышқандар, бекерге шулап күлмеңдер.

Ұйқыға жатқан мысықты оятып алып жүрмеңдер, - дейді.

Бұл - мысыққа берілген сигнал; ол орындықтан түседі, төрт аяқтап тұрады, керіледі, қатты даусын шығарып «мияу» дейді де індеріне қашып бара жатқан тышқандарды ұстай бастайды.

Ойындарды басқа тышқандармен 3-4 рет қайталауға болады.

Алғашқыда мысықтың рөліне мықтылау, тез қимылдайтын балалады, ал кейін істеген ісін мақтап қойып, ұялшақтау балаларды да қоюға болады.

Үрпек төбет.

Балалардың біреуі төбетті бейнелейді; ол кілем үстінде жатады, басын алға созылған қолымен аяғына қояды.

Қалған балалар жай ғана оған жақындай түседі, ал тәрбиеші осы кезде былай дейді:

Алдыңғы екі аяққа басын сұғып,

Әнеки жалбыр төбет жатыр сұлық.

Белгісіз жатқаны ұйықтап, яки қалғып,

Момақан, сырты пішіні жуас салғырт.

Ояталық жақындап барайық та,

Қайтер екен содан соң - қарайық та.

Төбет орнынан ұшып тұрып үре бастайды. Балалар қаша жөнеледі. Төбет оларды қуа жөнеледі. Балалардың бәрі жан-жаққа қашып тығылады. Төбет қайтадан кілемге жатады. Ойын жаңа бастаушымен қайта басталады.

Ойын азғана балалар тобымен жүргізіледі.

Айдарлы-мекиен тауық.

Тәрбиеші мекиен тауықты, балалар балапандарды бейнелейді. Бір бала (сәл үлкендеу) - мысық. Мысық шеттеу тұрған орындыққа отырады. Тауық пен балапандар бөлмеде жүреді.

Тәрбиеші:

Ертіп сары балапандарын,

Айдарлы әсем шықты тауық.

«Кетпеңдер ұзап, балақандарым,

Қыт-қыт», - дейді ауық ауық.

Мысыққа жақындап келіп тәрбиеші былай дейді:

Тұрған жолдың бойында

Орындыққа бүк түсіп.

Не бар, қайдам, ойында

Жатыр ұйықтап бір мысық.

Мысық көзі ашады,

Балапандар қашады.

Мысық көзін ашады, мияулайды да бөлменің белгілі бұрышына, - «үйіне», тауық-мамаға қашқан балапандарды қуа жөнеледі.

Тәрбиеші (тауық) қолын жан-жаққа бұлғап, балапандарын қорғайды да: «Кет, мысық, балапандарымды саған бермеймін!», - дейді.

Ойын қайталанғанда, мысықтың рөлі басқа балаға тапсырылады.

Негізгі қимыл - секіру.

Доп.

Тәрбиеші ойынды бір баламен ойнаудан бастайды. Қолын оның басына қойып, доп сияқты секіруді ұсынады. Бала қос аяқтап секіреді, ал тәрбиеші мынадай өлең айтады:

Секең, секең секеңдеп,

Қайда зырлап кетпес доп.

Төмен, төмен, төмендеп,

Жерге жетер-жетпес боп.

Доп болып осылай секіргісі келетіндер міндетті түрде табылады. Тәрбиеші әрқайсысымен кезекпен ойнайды.

Менің зымыраған көңілді добым.

Ойнаушы балалар тобы (5-6 адам) жартылай дөңгелек құрып, тәрбиешінің жанында тұрады. Допты бейнелейтін бір бала орнында тұрып секіреді, ал тәрбиеші алақанын оның басына қойып, мынадай өлең айтады.

Көңілді добым, о , менің,

Домалап қайда жөнелдің?

Қызыл, сары, көгілдір,

Жел аяқсың-ау өзің бір!

Бұдан кейін доп қашып кетеді, тәрбиеші балалармен бірге оны ұстайды. Ойын жаңа доппен қайта басталады. Балалар ойынды әбден үйреніп игергенде, бәріне де доп сияқты секіруді ұсынуға болады.

Отырған мынау ақ қоян...

Алаңның бір жағында қояндардың орны белгіленді. Әр бала өз орнына тұрады. Тәрбиешінің: «Қоршауға жүгіріңдер» деген сигналы бойынша барлық балалар дөңгеленіп тұрады, ал қоянның біреуі ортаға шығады.

Балалар тәрбиешімен бірге тақпақ оқиды да текстің мазмұнына қарай қимыл жасайды.

1. Отыр аппақ, бір қоян.

Неткен сап-сақ бұл қоян.

Құлақтары делеңдеп,

Әр дыбысқа елеңдеп.

Балалар дөңгеленіп тұрады. «Құлақтары делеңдеп» деген сөз тіркесінен бастап ойын аяғына дейін балалар қолдарын жоғары көтеріп білезіктерінен бастап қимылдатады.

2. Қоян, жаурап суықта

Отырсың не күзетіп?

Аяқтарын сіресіп,

Табаныңнан сыз өтіп.

Оданда ырғып, ырғып ал,

Аяқтарын жылынар. Балалар «ырғып» деген сөзден бастап, аяғына дейін бір орында екі аяқтап секіреді.

3. Тұра, тұра суықта,

Қоян жаурап, торықты.

Алайын деп жылынып,

Әрлі-берлі жорытты. Балалар «әрлі-берлі жорытты» деген сөз тіркесінен бастап ойынның аяғына дейін бір орында тұрып, екі аяқтап секіреді.

4. Секең-секең, секең-секең,

Секіріп жылынады қоян-екең.

Үркітті де бір ноян,

Зытып берді сұр қоян. Тәрбиеші алақанын шапалақтайды, балалар өз үйіне тарайды.

Бұдан кейін ойын жаңа қоянмен қайта басталады.

Ойын басталғанға дейін тәрбиеші балалармен бірге қояндарға орын әзірлейді. Қыста алаңдағы қардың үстіне бояумен жақсылап қоршау сызуға болады: бөлмеде қояндар үшін орын (орындықтар) болады.

Сұр қоян жуынып жатыр...

Ойнаушылар біреуі қоян болады. Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады. Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады. Балалар тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады:

Бармақ боп тойға сұр көжек,

Жуынып жатыр бүгжеңдеп:

Тұмсығын жуды,

Құйрығын жуды,

Құлағын жуды - түртінді,

Құп-құрғақ боп сүртінді.

Қоян текстке байланысты қимылдардың бәрін жасайды - тұмсығын, құйрығын, құлағын жуады, бәрін сүртеді. Бұдан кейін ол қос аяқтап секіреді, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді (қонаққа келе жатыр). Ол баланың орнын басады, ойын қайталанады.

5-6 қоян ауысқаннан кейін ойын аяқталады.

Негізгі қимыл - лақтыру (лақтыру, ұстау).

Шарларды домалату.

Тәрбиеші балаларға бір топ түрлі түсті шаралар көрсетеді, балаларға тек көруге ғана емес, тіпті ұстауға да мүмкіндік беріледі, олардың түр-түсін айтуды сұрайды. Бұдан кейін тәрбиеші шарды қалай домалатуды көрсетеді, одан соң балаларды біртіндеп шақырып, бір-екі шарды домалатуды ұсынады. Шарды домалатып бара жатқан бала өзі соның артынан жүгіреді және шарды кәрзеңкеге немесе жәшікке салады.

Ойын қайталанған кезде тәрбиеші балалардың шардың түсіне қалай назар аударатынын байқап алады. Мысалы, өзі қызыл шарды домалатады да балаға да сондай шар ұсынады. Немесе бірінен кейін бірін 2-3 шарды домалатуда тапсырма береді де (қызыл, жасыл), әр жолы түсін айтады. Тапсырманы әр жағдайға қарай өзгертіп тұруға болады.

Допты ұста.

Тәрбиеші ашық түсті үлкен допты алады да 2-3 балаға онымен ойнауды ұсынады. Балалар тәрбиешіге қарама-қарсы 80-100см жерде тұрады. Тәрбиеші әрқайсысына кезек-кезек доп лақтырып: «Ұста» - дейді. Балалар допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады.

Доп шеңберде.

балалар жерге дөңгеленіп отырады да допты бір-біріне домалатады. Тәрбиеші балаларға екі қолымен қалай және қай бағытқа қарай итеруді үйретеді.

8-10 баладан құрылған топта ойын қызықты да ширақ өтеді.

Допты қақпаға түсіру.

Тәрбиеші балаларды доп (немесе әртүрлі шарлармен) ойнауға шақырады да ойнағысы келген немесе ойынға тартылған балалар жиналған жерде сызық жүргізеді. Сызықтан 1-1,5м жерде кішкентай қақпа тұрғызылады. Балаларға бір-бір доп таратып бергеннен кейін, тәрбиеші оларға допты қақпадан өткізуді ұсынады. бала допты домалатып, қуып келеді де сызыққа жеткеннен кейін кері оралады.

Ойынға 5-6 бала қатысады. Ойнаушы топтардың ауысуына болады; 2-3 рет ойнаған балаға тәрбиеші енді дем алуды, басқалардың қалай өткізетінін көруді ұсынады.

Қақпаны ірі құрылыс материалынан жасауға немесе оның орнына балалардың орындығын пайдалануға болады. Олардың аяғының арасынан балалар доп өткізеді.

Допты кәрзеңкеге түсір (дәл көзде).

Балалар дөңгеленіп тұрады. Әр баланың қолында бір-бір кішкентай доп. Шеңбердің ортасында жәшік немесе үлкен кәрзеңке. (Балалар мен меженің арасы бір жарым-екі метрден аспайды.) Тәрбиешінің сигналы бойынша балалар допты жәшікке лақтырады, одан кейін ол доптарды қайтадан алады да өз орындарына барып отырады.Егер бала межені дәл көздемесе, допты жерден(еденнен) көтереді де басқалар сияқты шеңберге тұрады.

Ойын қайтадан басталады.

Ойында бір мезгілде 8 -10 бала қатысады.

Негізгі қимыл - өрмелеу, еңбектеу.

Бақшадағы тауықтар

Рейканы немесе жіптің көмегімен аздаған жер қоршалады

Ол - бау-бақша. Одан қашық емес жерге орындық қойылады, бұл күзетшінің күркесі.Күзетшінің ролін алғашқыда тәрбиеші орындайды, ал кейін тәрбиешінің белгілеуімен белсенді балалар атқарады. Қалған балалар тауықтар.Күзетші орындыққа отырған бойда тауықтар бақшаға түседі, қорғанның астынан өтіп, бақшада жүреді, жерді шұқиды, қытқылайды.Күзетші тауықтарды байқап оларды бақшадан қуа бастайды - алақанын шапалақтайды, «Қыш -қыш» деп дауыстайды.Тауықтар қашып кетеді .Қорықшы бақшаны бір айналып шығады да қайтадан отырады.Ойын қайта басталады.Одан кейін басқа күзетші тағайындалады. Ойын осылайша 4-5 рет қайталанады.

Сылдырауықты сылдырат

(сылдырауыққа дейін еңбектеп жет).

Балалар орындыққа отырады; олардан 2,5-3 м жерде сылдырауық жатыр. Тәрбиеші балаларды кезекпе-кезек атап, сылдырауықпен ойнауды ұсынады. ол үшін сылдырауыққа еңбектеп барып, оны алады, орнынан тұрады, сылдыратады қайтадан орнына қояды, сөйтіп, өз орнына келеді.

Балалар еңбектеуді үйренген кезде 3-4 сылдырауық қою ұсынылады, сонда қанша сылдырауық болса, сонша бала ойнай алады.

Маймылдар.

Ойында гимнастикалық қабырға немесе (учаскеде) үш қырлы кішкене дуал пайдаланады.

Тәрбиеші бүгін балалар маймылдарша өрмелеуге үйренетінін айтады да екі-үш балаға сатының қарсы алдында тұруды, сөйтіп, бірнеше баспалдаққа көтерілуді ұсынады. Балалар 5-6 баспалдақ көтерілгенде тәрбиеші: «Міне, көрдіңдер ме, маймылдар қалай ағашқа өрмелеп кетті! Ал енді қайтадан төмен түсіңдер», - дейді.

Балалар жоғары қарай өрмелеп және төмен қарай түскенде әрбір баспалдақты басуын міндетті түрде қадағалау керек.

Әр түрлі қимылды ойындар.

Дөңгелекті ұста.

Тәрбиеші балаларға жіптің көмегімен ұзындығы 0,5 м таяққа ілінген жарқыраған дөңгелекті көрсетеді.

4-6 баладан топ жиналған кезде тәрбиеші дөңгелекті көтеріп, балалардың басынан жоғары айналдырып әкеледі де: «Ұста», «ұста», - дейді. Балалар дөңгелекке тырмысады. Дөңгелекке жетуге онша құмартпай тұрған балаларға тәрбиеші дөңгелекті, олардың қолы тиюіне мүмкіндік беріп, таяқты сөл төмендетеді де, балалардың белсенділігін арттыру үшін, қайтадан тез көтере қояды.

Дөңгелекті балалар төбесінен осылай 2-3 рет айналдырғаннан кейін тәрбиеші кімнің қолы жеткенін атап өтеді де олардың әрқайсысына бір-бір дөңгелектен береді. Бірте-бірте балалардың барлығы бір-бір дөңгелектен алады. Тәрбиеші дөңгелекті машинаның рулі ретінде ұстап, енді «шофер» болып ойнауды - бөлмеде жүгіруді ұсынады.

Кішкентай және үлкен аяқтар.

Балалар орындыққа жартылай дөңгелене отырады. Тәрбиеші оларға қарама-қарсы отырып, балаларға аяқтарын көрсетуді сұрайды. Балалар аяқтарын алға созып, көтереді. Тәрбиеші көңілді түрде былай дейді: «Кішкентай аяқтар жолмен жүгіріп кетті. Қараңдар олардың қалай жүгіргенін». Осыны айтады да аяғымен бірнеше рет тез-тез жер тепкілеп: «тымпыл, тымпыл, тымпыл!» - дейді. Балаларда соны істейді. Одан кейін тәрбиеші қимылын баяулатып былай дейді: «Үлкен аяқтар жолда тымпыл-тымпыл жүріп бара жатыр».

Тәрбиеші алдымен кішкентай аяқтар, одан кейін үлкен аяқтар жөніндегі тексті осылайша бірнеше рет айтады. Балалар оның артынан тез және баяу қимылдарды алмастыра қайталайды.

Кішкене қоян, шыға ғой...

Бір топ бала тәрбиешімен бірге дөңгелене тұра қалады. Тәрбиеші кім кішкене қоян болады деп сұрайды. Бәрі айналып жүріп мынадай өлең айтады.

Жүр, көжегім, шыға ғой,

Сұр көжегім, шыға ғой!

Айтқанымды ұға ғой.

Міне, былай шыға ғой!

Кішкене деп атаған бала ортаға шығады. Өлеңнің ендігі шумағын айтып болғаннан кейін, барлық ойнаушылар, қоянға не істеу қажеттігін көрсеткендей, тиісті қимылдар жасайды. Ол да балалардың істеген қимылдарын қайталайды.

Жүр, көжегім, тап-тап бас!

Сұр көжегім, баптап бас!

Міне былай тап-тап бас!

Міне былай нақ-нақ бас!

Жүр, көжегім, билей ғой,

Сұр көжегім, билей ғой!

Міне былай билеп көр,

Міне былай билеп бер.

Жүр, көжегім жүгірші,

Сұр көжегім, жүгірші.

Міне былай бір ыршы,

Міне былай жүгірші. Жүр, көжегім, таңдап ал,

Сұр көжегім, аңдап ал!

Міне былай таңдап ал,

Дәнеңе жоқ таңданар!

Бұл сөздерден кейін кішкене қоян балалардың біреуіне жақындайды. Қалғандары орындарында тұрып өлең айтады.

Жүр, көдегім, тәжім ет,

Сұр көжегім тәжім ет!

Ұқпа мұны әзіл деп

Міне былай тәжім ет!

Ол кімге иіліп сәлем берсе, сол жаңадан кішкене қоян болады, ойын қайтадан басынан басталады.

Ескерту. Өлеңнің әп шумағынан кейін, қимылдың бағытын өзгертіп отыру керек.

Күнім, күнім ... (Сәулем, сәулем...)

Балалар өлең оқып, қимылдың бағытын көрсетіп тұрған тәрбиешіні айнала қоршай тұрады. Балалар оның артынан қайталайды.

О, алтын күн, алтын күн,

Әйнектен қара, жарқын күн!

Балаларың жылауда,

Сүрініп тасқа құлауда. Балалар әннің ырғағына қарай қолдарын соғады, тізе бүгіп жүресінен отырады (сөз екпіндерінде).

Қол соғуды тоқтатпай, жалғастыра отырып, бір орында секіреді.

Қолдың буындары мен саусақтары бұлшық еттерін жетілдіруге арналған ойындар

Саңырауқұлақтар

Ойын үшін балаларға тесіктері бар кішкентай стол мен түрлі түсті саңырауқұлақтар береді. Ойынның басында тәрбиешіні балаларға саңырауқұлақтарды столдың тесігіне қалай тығуды көрсетеді. Балалар мұны жақсы меңгергеннен кейін тәрбиеші балалардың назарын саңырауқұлақтардың түр-түсіне аударады да тапсырманы қиындатады: саңырауқұлақтарды сол түспен дөңгелектеліп көрсетілген тесіктерге тығу керек дейді.

Ойынның варианты

Ойын үшін балаларға үсті төртке бөлініп, негізгі төрт бояумен боялған кішкентай стол беріледі. Мұндай жағдайда балалар саңырауқұлақтарды столдың тиісті түсі бар жағында орналасқан тесікке тығуы керек.

Балалар бір-біріне үйреніп, бірге ойнауға дағдыланған кезде екіден төрт адамға дейін біріктіруге болады. Тәрбиеші бұл ойынға балалардың майда бұлшық еттері мен саусақтарының қимылдарын жетілдіру мақсатымен, бірте-бірте балаларды тартады. Барлық балалар ойынның ережесін әбден игергеннен кейін, оны емін-еркін пайдалануға береді.

Мұнара жасайық.

Мұнарамен (шығыршықтармен, шариктермен) ойынға тәрбиеші бір мезгілде 5-6 баланы қатыстырады. Бұл балаларға уақытылы көмек көрсету үшін жасалады.

Алғашқыда ойынның мәні мынада: балалар шығыршық пен шарларды алады да білекке (стержень) кигізеді: мұны істеу өте қиын, майда бұлшық еттердің қатты жұмыс істеуіне тура келеді және табандылық керек. Балалар шығыршықты білекке кигізу процесін үйренгенде тәрбиеші олардың назарын құрастырылған мұнараның формасына аударады да («Ол түп түзу») әр жолы ең үлкен шығыршықтарды таңдай отырып, осындай мұнараны қалай жасау керек екенін көрсетеді.

Одан әрі ойынды әртүрлі етіп құруға болады: мысалы; мұнараны бір размерлі шығыршықтардан құрастыруға («Бағандар жасаймыз») тапсырма беріледі немесе білекке бір түсті шарлар немесе белгілі бір сан мөлшерінде тізбектеледі.

Моншақ

Бұл ойын үшін балаларға жақсы есілген жіп және әр түсті шариктер, ағаштан, пластмассадан жасалған тесіктері бар цилиндр беріледі. Балаларға сол формаларды жіпке тізіп, ұзын моншақ жасау ұсынылады. Балалар бұл қимыл әдісті меңгергеннен кейін, бір жіпке екі бала бірігіп тізуге болады деген ұсыныс жасалады (екі жағынан). Тек балаларға тізу кезінде моншақтарды формасы және түр-түсіне қарай алмастырып отыру ұсынылады.

Қазық қақ.

Ойын үшін қазықтармен бірге станок және балға беріледі. Балаларға кішкентай балғаның көмегімен қазықты қалай қағуды көрсету керек. Бір қазықты қаққаннан кейін бала екіншісін қағады т.б. Бұдан кейін станокты аударады. Қазықтар тағы үстінен көрінеді. Бұған бала таңданып қалады, қуаныш пайда болып, оның жаңағы қимылды қайталағысы келеді.

Тәрбиеші баланың ретсіз кез келген қазақты ұра бермей, оларды кезекпен ұруын бақылауы керек.

II ші сәбилер тобы.

Негізгі қимылдар - жүру мен жүгіру.

Жалаушаны тап.

Балалар (6-8 адам) орындықтарда немесе көгалда отырады. Тәрбиешінің сигналы бойынша балалар көзін жұмады, осы кезде тәрбиеші жалаушаларды (балалардың санына қарай) әр жерге тығып қояды.

«Жалаушаларды іздейтін уақыт жетті», - дейді тәрбиеші. Балалар көздерін ашып, іздеуге кетеді. Жалаушаны тапқан бала өз орнына қайта келеді. Балалардың барлығы да жалаушаларды тапқаннан кейін, бірінің артына бірі тізіліп, алаңды жағалай жүреді. Колоннаның алдында жалаушаны бірінші тапқан бала жүреді. «Орындарыңа барыңдар!» деген сигнал естілгенде, балалар өз орындықтарына барып отырады, ойын қайта басталады.

Тәрбиеші балалардың бір жалаушадан ғана алуына бақылау жасауы керек. Бұл ойынды орман ішінде, алаңда өткізген жақсы болады: жалаушаларды шөптің арасына, бұталарда, ағаштардың артына жасыруға болады.

Қыдыруға барайық.

Балалар алаңның (бөлменің) жан-жағына қойылған орындықтарда отырады. Тәрбиеші балалардың біреуіне жақындап келеді де оны өзімен бірге қыдыруға шақырады. Ол бала тәрбиешінің артына тұрады. Ендігі бала одан кейін тұрады да, тағы сондай. Тәрбиеші осылайша 6-8 баланы жинайды да, олармен бірге алаңды бір-екі айналып өтеді. «Үйге, үйге!» деген сигнал бойынша балалар өз орындарына жүгіреді. Тәрбиеші басқа балаларға келеді, ойын одан әрі жалғастырылады.

Өз үйіңді тап.

Балалар алаңның немесе бөлменің бір жағын жағалай отырады. «Қыдырып қайтайық», - дейді тәрбиеші. Балалар алаңда (бөлмеде) тобымен немесе жеке-жеке, кім қайда барғысы келсе, сонда аралап кетеді. Тәрбиешінің «Үйге қайтыңдар», - деген сигналы бойынша өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойын үш-төрт рет қайталанады.

Е с к е р т у: Егер алғашқы кезде балалар кеңістікті онша дұрыс бағдарлай алмайтын болса, онда кез келген орындыққа отыруға рұқсат ету керек. Кейін барып тек өз орындығына отыру ережесін енгізуге болады.

Ойынның басқа варианты.

Жеке үйдің - орындықтың орнына балаларға бөлменің әр бұрышында коллектив үйлер құрып, онда 4-6 баладан жиналуды ұсынуға болады. «Үйлеріңе қайтыңдар» деген сигнал бойынша балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді.

Өз түсіңді тап.

Балалар үш-төрт жалаушалар алады. Біріншісі - жасыл, екіншісі - көк, үшіншісі - сары жалауша алады да 4-6 адамнан бөлменің (алаңның) бұрыштарында топтасады. Әр бұрыштағы тұғырдың үстіне тәрбиеші әр түрлі жалаушалар (жасыл, көк, сары) қояды.

Тәрбиешінің: «Қыдыруға барыңдар», - деген сигналы бойынша балалар топтанып немесе жеке-жеке алаңды (бөлмені) аралап кетеді. «Өз түсіңді тап деген жаңа сигнал бойынша балалар өздеріне лайықты түстегі жалаушаға қарай жүгіреді.

Тышқандар мен мысық.

Балалар-тышқандар бөлменің қабырғасын жағалай немесе алаңның жан-жағына ұзыннан-ұзақ қойылған орындықтарда немесе скамейкаларда - індерінде отырады. Алаңның бір бұрышында мысық отыр. Оның ролін тәрбиеші атқарады.

Мысық ұйықтап қалады, тек осы кезде ғана тышқандар бөлмеде жүгіріп жүреді. Бір уақытта мысық оянады, мияулайды да тышқандарды ұстай бастайды. Тышқандар індеріне қарай қашады, орындықтардағы өз орындарына барады. (Тәрбиеші тек біреуді ұстағысы келген түр білдіреді.) Тышқандардың бәрі өз індеріне оралғаннан кейін, мысық бөлмені тағы бір аралап шығады да қайтадан өз орнына келіп, ұйықтап қалады. Ойын қайталанады.

Тәрбиеші ойынға қолға кигізілетін ойыншық мысықты пайдалана алады.

Поезд.

Балалар алаңның бір жағында немесе бөлменің бір қабырғасын жағалай колонна құрып тұрады. Колоннаның ең басында тұрған бала - паровоз, ал қалғандары - вагондар.

Тәрбиеші гудок береді де балалар алға қарай жылжи бастайды (бірін-бірі ұстамаған күйде). Алғашқыда жай қимылдайды, одан кейін тезірек, ақырында жүгіруге көшеді, жай қимылдаған кезде балалар «чу-чу-чу» деген дыбыс білдіреді. «Поезд станцияға жақындап келеді», - дейді тәрбиеші. Балалар бірте-бірте жүріс қарқынын баяулатады да тоқтайды. Тәрбиеші қайтадан гудок береді, поезд қайтадан қозғалады.

Тәрбиеші балалардың жүріс қарқынын және оның мерзімін реттеп отырады. Алғашқы кезде ол балалар колоннасын өзі басқарады, ол кейін екпінділеу баланың бірін алға қояды.

Ойынның басқа варианты

Балалар ойынды жақсы меңгергеннен кейін, яғни бірінің артынан бірі тіркесіп жүре алатын болғанда, ойынды күрделендіруге болады - поезд тоқтағаннан кейін балалар серуенге шығады: гүл, жеміс-жидек, қозықұйрық тереді. Гудокты естіген кезде балалар белгіленген жерге (қабырғаға) қарай жүгіреді де колоннаға қатарға тұрады.

Алғашқыда балаларға қалай болса солай тұруға рұқсат етуге болады, ал жылдың аяқ кезінде колоннадағы өз орнын білуге - өз вагонын табуға - үйрету қажет. Жылдың екінші жартысында ойында бірқатар құрал-жабдықтарды пайдалану ұсынылады, мысалы, поезд көпірден өтер кезде (гимнастикалық скамейкалардан немесе екі басқыштың арасына салынған тақтайдан немесе екі рейканың арасынан, сызылған линиялардан, төселген жіптерден, т.б.).

Жел көбік.

Алғашқыда балалар осыдан бұрынғы топтағыдай ойнай береді, кейін барып ойын күрделене түседі. «Жел көбік, кете көрме жырылып» деген сөз тіркестерінен кейін балалар отырмайды, ал тәрбиеші: «Көбік ұшып барады», - дейді. Балалар жан-жаққа бытырап (сол алаңның ішінде) тұра-тұра қашады, ал тәрбиеші: «Ұшты, ұшты, ұшты», - дейді. Бұдан кейін тәрбиеші балаларды қайтадан дөңгелене қатар тұруға шақырады, ойын қайта басталады.

Ойынды 3-4 рет қайталауға болады.

Қараторғай ұялары.

Алаңда дөңгелек шеңберлер сызылады: ойнаушылардың санынан кем болады. Бұл - торғай ұялары.

Барлық балалар - қараторғай. Олар алаңда емін-еркін жүгіріп - ұшып жүреді. «Үйге қайтыңдар» деген сигнал бойынша барлығы ұяларға жүгіреді. Ал балалардың ішінен біреуі ұясыз қалады. Осылайша ойын бірнеше рет қайталанады.

Тәрбиеші ойынның аяқ кезінде (балалар әлі жүгіріп жүрген кезде) тағы бір дөңгелек сызып қояды. Балалар қайтып оралған кезде, бәрінің де ұясы бар болып шығады.

Негізгі қимылдар - секіру.

Шымшық торғайлардың балапандары мен мысық.

Балалар бөлменің қабырғасына жағалай қойылған кішкентай скамейкада, үлкен текшелердің (биіктігі 15-20 см) үстінде тұрады. Бұл - үй төбесінде немесе ұяларда отырған шымшық торғайлардың балапандары. Шеткеректе мысық отырады, оның ролін балалардың біреуі орындайды. Тәрбиеші: «Шымшық торғайлар балапандары ұшты», - дейді. Шымшық торғайлар балапандары төбеден немесе ұялардан секіріп-секіріп түсіп, қанаттарын қағып, яғни қолдарын екі жағына созып, бөлменің ішінде жүгіріп жүреді. Бұл уақытта мысық ұйықтап отырады. Бірақ мысық тез ояна қалады, «мияу-мияу» деп керіліп алады да шымшық торғайдың балапандарын қуа жөнеледі. Олар үйдің төбесіне немесе ұяларына, өз орындарына бару керек. Ұстаған шымшық торғайлар балапандары мысық өз үйіне әкетеді.

Масаны ұста.

Ойнаушылар бір-бірінен қол созымдай жерде дөңгеленіп, бетін ортаға беріп тұрады. Тәрбиеші ортада тұрады, оның қолында шыбық (ұзындығы 1-1,5 м) оған картон қағаздан жасап жіпке байланған маса ұзындығы 0,5м бар. Тәрбиеші масаны шыбықпен балалардан жоғарылау етіп айналдырып өтеді. Маса үстерінен ұшып бара жатқан кезде, балалар оны ұстауға тырысып, секіреді. Масаны кім ұстаса: «Мен ұстадым» , - дейді.

Бұдан кейін тәрбиеші шыбықпен балалардың үстінен тағы да айналдырады. Ойынды қайталап бастар алдында тәрбиеші балаларға 1-2 қадам кейін шегіну керек екенін ескерту керек, өйткені балалар масаны ұстаймыз деп секірген кезде шеңберді аздап тарылтады.

Шыбықпен масаны айналдырған кезде, тәрбиеші балалар масаны ұстап алатындай биіктікте, біресе жоғарлатып, біресе төмендетіп тұруы керек.

Ойын варианты.

Егер ойнаушылар тобы шағындау болса, тәрбиеші картон маса байланған шыбықты ұстап алға қарай жүгіруіне болады, ал балалар оны қуып жетуге тырысады.

Бақалар.

Алаңның ортасында үлкен дөңгелек шеңбер сызады немесе дөңгелек форма етіп жуан жіп тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары алаңның екінші бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге тәрбиеші мынадай өлең айтады:

Бақалар басы қалтаңдап,

Шоршиды жолда талтаңдап.

Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ,

Жүгіреді талтақтап.

Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады (бақаларды шошытады); бақалар шалшық суға - сызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді. Ойын қайталанған кезде, балалар рольдерімен алмасады.

Кішкене өзен арқылы.

Ойынға бір топ (6-8 адам) бала тартылады. Алаңда бір-бірінен 1,5-2 қашықтықта екі линия сызылады. Бұл - өзен.

Ойнаушылар сызықтың жанында - өзеннің жағасында тұрады. Олар өзеннен анық сызылған дөңгелектер арқылы аяғын суламай, тастан-тасқа секіріп өтуі керек. Дөңгелектердің арасының қашықтығы балалардың оларға бірінен-біріне секіре алатындай болуы керек. Өзеннен қатарынан екі-үш бала өтеді, ал қалғандары тәрбиешімен бірге оларды бақылап тұрады. Секіре алмай, аяғын сулап алғандары оны күнге кептіруге кетеді - орындыққа отырады. Кейін олар ойынға қайтып араласады; тәрбиеші оларды қалай болса да мақтап, жағаның екінші жағына өтуіне көмектеседі.

Аттар.

Балалар аттарды бейнелейді. Бөлменің немесе алаңның бір шетіне жиналып, мынадай өлең айтады:

Топ-топ түсіп төрт тұяқ,

Шоқырақтап шап, атым.

Құйрық-жалын суылдап,

Ұш оғындай садақтың. Өзен кешіп, тау асып,

Шабысыңнан танба сен.

Дүрсілдетіп дүниені

Ытқып, ытқып заула сен.

Соңғы сөзді айта бергенде, балалар алға қарай ұмтыла секіреді. Тәрбиешінің «үйге» деген сигналы бойынша жай ғана орындарына оралады. Тәрбиеші тексті қайталайды, аттар қайтадан бөлмені айнала шаба жөнеледі.

Тәрбиеші өлеңді түгел айтып болмайынша, балалардың орындарынан қозғалмауын қадағалаған жөн.

Кегли.

Ойынды пластамассадан жасалған кеглилер қолданылады.Оларды бір-бірінен 10-15см қашықтықта орналастырады.

Балалар 1-1,5 м жерден бір-бір доптан домалатады.

Тәрбиеші балалардың қайсысының кеглиге тигізгенін белгілеп тұрады; жеңілгеніне онша назар аудармай, тигізе алмағандарға көмектеседі.

Допты домалат.

Балаларға әр түрлі түсті доптар немесе онша үлкен емес шағын ғана (диаметрі 6-8 см) шарлар беріледі де, оларды балалардан онша қашық емес жерге орналастырған жалаушаға (линияға) дейін домалатып жеткізу ұсынылады. Тәрбиеші допты жақсы домалатып жеткізген балаларды атап өтеді, тапсырманы дұрыс орындағаны үшін алғыс айтады, допты тағы да домалатуға мүмкіндік береді. Балалар допты бірнеше рет домалатқаннан кейін тәрбиеші оларды кәрзеңкеге жинауды ұсынады.

Құрсауды дөңгелет.

Үш-төрт бала тәрбиешіге қарама-қарсы 1,5-2 м жерде тұрады. Тәрбиеші құрсауды кезекпен әр балаға қарай дөңгелетеді, ол ұстайды да керісінше тәрбиешіге қарай дөңгелетеді.

Балалар құрсауды дөңгелетуді және ұстауды жақсы үйренген кезде бір-бірімен өздері ойнай алады.

Кішкене шарды өз жалаушаңа қарай домалат.

Алаңның немесе бөлменің бір жағында сызық жүргізіледі, оның арғы жағында балалар тұрады. Ал бұған қарама-қарсы жақта 1-1,5м жерде әр түрлі түсті жалаушалар қойылады.

Тәрбиеші балаларға жалаушалардың түсіне сәйкес келетін екі-үш түсті кішкене шарларды таратып береді. Бұдан кейін кішкене шарлардың қандай түсті екенін көріп алуды ұсынады да сол түсті жалаушаның қасына тұрып, соған қарай шар домалатуды ұсынады. Балалардың барлығы шарларын домалатып болғаннан кейін, тәрбиеші енді оларды корзинаға салуын сұрайды, одан кейін қайтадан таратып береді, ойын қайта басталады.

Ұя басқан тауық пен балапандар.

Балалар балапандарды, ал тәрбиеші ұя басқан тауықты бейнелейді.

Бөлменің немесе алаңның бір жағында қоршалған орын. Бұл - үй (жалаушалар тізбектеле жіп 40-50см биіктіктегі ағаштардың немесе бағандарының арасымен тартылады). Үйде балапандарымен ұя басқан тауық орналасқан.

Тауық балапандарына тамақ (жем) іздеп кетеді. Біраз уақыттан кейін ол: «Ко-ко-ко-ко» деп балапандарын шақырады. Бұл сигналда естіген балапандар жіптің астынан өтіп, енесіне келеді



© 2010-2022