Бөлімі: Музыка Тақырыбы: «Көбелек» әні

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Көбелек» әні

Мақсаты: «Көбелек» әнін үйрету.Музыка арқылы табиғат құбылыстарын ажырата білуге тәрбиелеу.Ән арқылы шаттана білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: Бақшадағы гүлдерге ұшып-қонып жүрген көбелектердің суреті, үнтаспа.

Әрекет негіздері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық





Ұйымдастырушылық

Ізденістік

Жетекші музыка ырғағы бойынша балалармен амандасады.

Әуен ойналып, көбелек ұшып келіп, балалармен амандасады.

Көбелек балаларға өздерінің қонып жүрген күлтелерінің бөліктеніп бөлініп, қалғанын айтады,егерде балалар көбелектердің алып келген тапсырмаларын орындаса гүлдердің қайта қалпына келетінін айтады.

-Балалар көбелекке көмек беремізбе?

Музыка тыңдау:

Қатты, ақырын дыбыстар ойыны шығарма ойналады.

Балалар оның қатты ,ақырын, орташа дыбыстарын анықтайды

Дауыс жаттығуы:

«До, ре, ми» жаттығуын айтып, дауыстарын жаттықтырады.

Балаларға бақшадағы гүлдерге ұшып-қонып жүрген көбелектердің суреті көрсетіледі.

Ән айту: «Көбелек»

(Әні: М.Әубәкіров)

(Сөзі: Ж. Смақов)

«Көбелектерді салыстыр»

Балалар көбелектер суретін салады.

Көбелектердің суретін неше түрлі етіп салып, суреттерді түсі,пішініне қарай салыстырады.

«Әуенді-ырғақты қимыл»

«Көбелек» әуеніне

Көбелек болып, ұшып-қонып,гүлдермен қимылдар жасайды.

Балалар көбелектердің барлық тапсырмаларын орындап, гүлдерді қалпына келтіреді.

Көбелек балаларға рахмет айтып, ұшып кетеді.

Балаларды мақтап, мадақтау.

Қорытынды.

Балалар музыка жетекшісімен амандасады.

Көбелекпен амандасады.





Ия, көбелекке көмек беретіндерін айтады.

Қатты,ақырын дыбыстарды ажыратады.

Дауыстарын жаттықтырады.

(До, ре, ми)

Балалар суретті тамашалап,әңгімелейді.

Әнді жаттап үйренеді.

Көбелек суретін салады.



Әуенді-ырғақты қимылдар жасайды.



Қорытынды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көбелектің қимыл қозғалысын.

Игереді: Әнді сауатты орындауды.

Меңгереді: Ән арқылы көңіл күйді сезініп, шаттана білуді.

© 2010-2022