Білгіштер әлемінде ересек топтарына арналған вариативтік компонент

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Қостанай қаласы әкімдігінің

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№11 бөбекжай-бақшасы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпығы міндетті білім беру стандарты оқу жоспарының вариативтік компонентін дидактикалық әдістемелікпен қамтамассыз ету»

«БІЛГІШТЕР ӘЛЕМІНДЕ»

Білгіштер әлемінде ересек топтарына арналған вариативтік компонентБілгіштер әлемінде ересек топтарына арналған вариативтік компонентБілгіштер әлемінде ересек топтарына арналған вариативтік компонент



Қостанай қаласы

2014 жыл.

Құрастырушы: Испаева Бибигуль Куанышевна





Мектепке дейінгі мекемелердің , шағын орталықтардың және мектепалдыдаярлық топтардың педагогтарынажәне ата-аналарға оқу әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.





2014 жыл.

Кіріспе

Сіздердің назарларынызға ұсынылып отырған 5-6 жас аралығындағы бүлдір

шіндерге арналған вариативтік компонент арқылы жазылған «Білгіштер әлемінде»деп аталған дидактикалық және әдістемелік материал.

Қазіргі заманға сай білім беру жүйесінің басым бағыттарындағы өзгерістер қабілетті және шығармашыл өз бетінше әрекет ететін бастамашыл өз мүмкіндігін біліп,өз ойын іске асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесін мақсат етіп қойып отыр.Бүл мақсаттар мектепке дейінгі тәрбие және білім беру стандартында белгіленген.Соның ішінде мектепке дейінгі мекемедегі«Таным» білім беру саласы бойынша математика оқу -іс әрекетінің маңызы зор.

Бүл саланың мақсаты:жас ерекшеліктеріне сай танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген ,меңгерген білім дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті,қоршаған әлемді қабылдай білетін тұлғаны қалыптастыру.

Геометриялық пішіндер мен денелер, өлшемдер туралы түсініктерін қалыптастырап ,геометриялық денелер-куб,шар туралы білімдерін әрі қарай кеңейту. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, төртбұрыш) мен денелерді (шар,куб, цилиндр,пирамида) дұрыс атап оларды бір-бірімен ажырату іскерліктеріне жаттықтыру.

Шаршы мен тіктөртбұрыш төртбұрыштың түріне жататындығы туралы түсіндіру. Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, олардың пішіндеріне талдау жасау іскерліктерін қалыптастыру. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажыратуға жаттықтыру

Бүгінгі таңда елеулі өзгерістердің қажеттілігін уақыттың өзі талап етуде, білімге негізделген тәсілден қазіргі заман талабына сай қоғамның қажеттіліктеріне көзделген құзіреттілікке бағытталып ауысуды талап етеді

Қазіргі заманда біздің бүлдіршіндер балабақшаның қабырғасынан интелектуалды болып ,логикалық ойлары өте жоғары болып шығу керек ,сондықтан типтік оқу жоспарының вариативтік компонентін жүзеге асыру жәнеқазіргі заманға сай дидактикалық және әдістемелік дайындауы жөн деп осы жұмысты сіздердің назарларынызға ұсынып отырмыз

Біздің жұмысымызда көрсетілген:

-Кіріспе

-бағдарлама

-перспективтік жоспар

-технологиялық карталар

-дидактикалық материалдардың жинағы

-пайдаланған әдебиеттер











Бағдарлама:

-Оқыту тәсілдері мен әдістері

Балаларды оқытудың пәрменді көрнекілік сипаты бар.Олар тәрбиешінің іс-қимылын қадағалап,оның түсіндіруі мен нұсқауларын тындап және дидактикалық материалмен жұмыс істеу арқылы тікелей өздерінің қабылдауы негізінде жаңа білімді меңгереді.Педагог сабақты көп ретте ойын элементтерінен,күтпеген сәттерден-ойыншықтардың,заттардың кенет пайда болуынан,меймандардың келуінен бастайды.Бүл балалардың белсенділігін арттырып,ынталандырады.Алайда мүндай элементтердің әлде бір қасиетің тұнғыш рет көрсетіп,оған балалардың назарын аударғанда сабақтың негізгі мақсатынан ауытқымауымыз керек.

Балалар көлем туралы түсінік алғанда ,заттардың қарама-қарсы немесе ұқсас қасиеттері(ұзын-қысқа,жіңішке-жалпақ)бар заттарды салыстыру негізінде олардың математикалық қасиеттерін көрсетеді.

Геометриялық пішіндер.

Балалар мектепке дейіндөңгелек,сопақша,үшбұрыш,шаршы,текше,пирамида,цилиндр сияқты геометриялық пішіндерды айырып,дұрыс атауы,заттардың ішінен өздеріне таныс пішіндерды таба білуге тиіс.Геометриялық пішіндерды айыру үшін жаңа технология бойынша Воскобовичтің,Никитин,Дьенеш,Кьюзенер ойындарын пайдаланып ұлестірме карточка-тапсырма дайындауға болады,демонстрациялық суреттерды жасауға болады.Осының барлығы баланың қызығушылығын арттырады.

Көлем.

Мектеп жасына дейінгі баллар заттарды өлшемі мен шамасы бойынша, ұзындығынағына,биіктігіне,қалындығына байланысты оларды бір біріне қою беттестіру тәсілдерің пайдаланып заттардың көлемдерін көзбен мөлшерлеу және шамалау арқылы ажырата білу керек.Екі заттың көлемін бір белгісі бойынша (ұзындығы,ені,қалындығы)салыстыру іскерлерімен,түрлі көлеміндегі заттарды өсу және кему ретімен қойып,заттарды орналастыру ретін сөзбен айтып салыстыру дағдыларын қалыптастыру үйретіледі.

Кеңістікті бағдарлау.

Балалар мектепке барар алдында кеңістіктегі жүріс бағыты,сондай-ақ,заттар арасындағы өзара қатынастар жөнінде еркін бағдарла білуі тиіс.Жазықтықта дағдарлай білу икемділігін дамытудың көп маңызы бар.Ересек тобында балалар өзінің айналасындағы анықтауды үйренеді.Кеңістікті бағдарлау бойынша Д\о жаңа технология бойынша «Игровизорды»,слайдтарды пайдалануға болады.

Мектеп табалдырығын тұнғыш аттайтын баланың математика дан жеткілікті білім қоры ,логикалық ойлауы,қабілеті мен икемділігі тарапынан берілетін танымдық есептерды түсініп ,шеше алатындай ,қойылған мақсат жолында тапсырманы сапалы орындай алатындай қабілеті болуы тиіс.Елбасы Қазақстан халқына жолдауында айтқандай: " Баланың мұндай қабілеті оның келешекте жақсы оқып,жан-жақты жетілуіне негіз болады.Осындай қабілетті баланы балабақшадан тәрбиелеп шығара алсақ-білім жүйесінде айтылған бастамашыл ,шығармашыл,дербес тұлғаны тәрбиелеудегімақсатымыздың орындалғаны...».

Құрметты педагогтар ,жұмыстарына сәттілік тілеймін!







Тақырыбы:

Мақсаты:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің саны.

1

Геометриямен танысу.

Мақсаты: Геометрия ұғымымен таныстыру.Логикалық ойларын дамыту. Геометрияға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

1

2

Нүкте және сызық.

Мақсаты: «Нүкте және сызық» Салуға үйрету.Естеріне сақтау жұмысын жүргізу.Танымдық қасиеттерін дамыту.

1

3

Үйлер қалай тұрғызылады.

Мақсаты:Балаларға кеңістіктің қатыстарымен оң-сол,үстінде,арасында ұғымдарымен таныстыру.

1

4

Қызықты үшбұрыштар.

Мақсаты: Үшбұрыш туралы білімдерін одан әрі кеңейту.Үлкен - кіші үшбұрыштарды салыстыру.

1

5

Төртбұрыштар.

Мақсаты: Төртбұрыш туралы білімдерін одан әрі кеңейту.Қағаз бетінде сызығышпен салуға үйрету.

1

6

Тіктөртбұрыш.

Мақсаты: тіктөртбұрыш туралы білімдерін кеңейту.Пішімдер туралы білімдерін нығайту.

1

7

Көңілді баламен ұзындықты өлшейміз.

Мақсаты: Балаларды см ұғымымен таныстыру, ұзындықты өлшеуге үйрету. Ойлау қабілеттерін арттыру.

1

8

Шамалар.Кең - тар,кеңірек-тарырақ,ұзын - қысқа,ұзынырақ-қысқарақ.

Мақсаты: Балаларды «ұзын-қысқа», «кең-тар» ұғымымен таныстыруды жалғастыру. Салу және беттестіру тәсілдерімен таныстыру. Ойлау қабілеттерін арттыру.

1

9

Симетриялық фигуралар.Шаршылармен көпір құрастырамыз.

Мақсаты:Балаларды симетриялық фигуралармен таныстыру. Шаршылармен көпір құрастыра білуге үйрету.

1

10

Куб .

Мақсаты:Балаларды кубпен таныстыру.Оның қасиеттерін анықтай алуға үйрету.

1

11

Шар.

Мақсаты:Шар туралы білімдерін кеңейту,логикалық ойларын дамыту.

1

12

Цилиндр.

Мақсаты: Цилиндр геометриялық денелерді ажырату,іскерліктерін жаттықтыру.

1

13

Приамида.

Мақсаты:Пирамида жанында білімдерін толықтыру,үлгі бойынша қоя білуге үйрету.

1

14

Зат және оның бөлшектері.

Мақсаты: Бүтінді қақ бөлу теңдей екі төрт бөлікке бөу.Жартыны бүтіндеуге үйрету.

1

15

Жұбын тап.

Мақсаты: «Жұп»,көлем түсініктері: кеңістікте,қағаз бетінде бағдарлай алу,зейіндерін,қиялдарын арттыру.

1

16

Көлемі.

Мақсаты:Воскобовичтың «Блоки Дьеныша» ойынын қолданып қолданып көлемін анықтап пішінді ажырата білуге үйрету.

1

17

Уақыт өлшемдері.

Мақсаты: Жалпы уақыт өлшемдері туралы бағдар беру. Жыл мезгілдері,апта күндері,тәулік бөліктері туралы білімдерін бекіту.

1

18

Таразы түрлері.

Мақсаты:Балаларға таразы жайлы түсініктерін кеңейту ,естеріне сақтау жұмысын жүргізу,танымдық қасиеттерін дамыту.

1

19

Ғажайып пішіндер.

Мақсаты:Воскобовичтың «Геоконт» ойынын пайдаланып, пішіндерді жасай алу білімдерін бекіту.

1

20

Геометриялық фигуралары арқылы үй жануарларды көрсету.

Мақсаты:Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып ,үй жануарларды құрастыруға үйрету.

1

21

Орманға саяхат.

Мақсаты:Таяқшалары арқылы геометриялық пішіндерді жасауға дағдыландыру.

1

22

Ұзын және қысқа.

Мақсаты:Бадаларды заттардыі ұзындығы бойынша салыстыра білуге ,ұзын - қысқа сөздерін пайдалана білуге ұйрету.Логикалық ойлау қабілетін,зейіндерін дамыту.

1

23

Көңілді нүктелер

Мақсаты: Тор пернеде нүктелерді бір-біріне қосуға үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту.

1

24

Сызғышпен нүктелерді қосамыз.

Сызғышпен нүктелерді қосуға үйрету. Естеріне сақтау жұмысын жүргізу,танымдық қасиеттерін дамыту.

1

25

Кесінділермен саяхатқа шығамыз.

Балалардың бойында кесінділер жайында түсінік қалыптастыру. Логикалық ойларын дамыту.

1

26

Бұрыштарды салыстырамыз.

Балалардың бойында бұрыштар жайлы түсініктерін қалыптастыру. Логикалық ойлау қабілетін,зейіндерін дамыту.

1

27

Үшбұрыштар еліне саяхат

Балаларда үшбұрыш туралы білімдерін бекіту. Өз беттерінше үшбұрыштарды дәптер бетіне салу дағдыларын дамыту. Зейіндерін тәрбиелеу.

1

28

Төртбұрыштар қалашығы

Балаларда төртбұрыш туралы білімдерін бекіту. Өз беттерінше төртбұрыштарды дәптер бетіне салу дағдыларын дамыту. Зейіндерін тәрбиелеу.

1

29

Көңілді пішіндер

Пішіндер жайлы білімдерін бекіту. Өз беттерінше пішіндерді қағаз бетіне салу дағдыларын дамыту. Зейіндерін тәрбиелеу.

1

30

Шаршы

Балардың бойында шаршы туралы білімдерін толықтыру. Логикалық ойларын дамыту.

1

31

Буратинода қонақта

Заттарды пішініне, көлеміне, ұзындықтарына байланысты топтастыра білу дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

1

32

Біздің көшедегі үйлер қандай?

Заттарды пішіндері, көлемдері бойынша салыстыруға дағдыландыру. Биік-аласа ұғымын бекіту. Ойлау қабілеттерін дамыту.

1

33

Зат неге ұқсайды?

Геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

1

34

Шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеу.

Шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеуге үйрету. Өлшеу нәтижесінің өлшеуіштің көлеміне байланысты екенін көрсету.

1

35

Шартты өлшеуіштің көмегімен ұзындықты өлшеу.

Шартты өлшеуіштің көмегімен ұзындықты өлшеумен таныстыруды жалғастыру. Санның шартты өлшеуіштің мөлшеріне байланысты екені туралы түсінікті қалыпиастыру.

1

36

Қызықты геометрия.

Қызықты тапсырмалар арқылы алған білімдерін қайталау, геометриялық пішіндер және геометриялық денелер туралы білімдерін кеңейту.

1

Барлығы:

36

Перспективтік жоспар


















Мазмұны

І

Кіріспе

3

ІІ

Бағдарлама

5

ІІІ

Перспективтік жоспар

7

ІҮ

Мазмұны

10

Ү

Пайдаланған әдебиеттер

11

ҮІ

Қосымша. Вариативтік компоненттің технологиялық карталары


ҮІІ

Қосымша. Вариативтік компоненттің дидактикалық материалдары










Пайдаланған әдебиеттер:

1.Отбасы және балабақша №3 мамыр-маусым.

2. «Путешествие по стране геометрии» В.Г.Житомирский,

Л.Н. Шеврин 1991год.

3.Бағдарлама «Біз мектепке барамыз»ГОСО 2012ж.

4.Президеттің жолдауы 17.01.2014ж.



© 2010-2022