Балабақшадағы денешынықтыру тәрбиесін мазмұнды түрде жүргізу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:











Балабақшадағы денешынықтыру тәрбиесін мазмұнды түрде жүргізу

















Дайындаған: денешынықтыру нұсқаушысы

Хамитова М.А







Балабақшадағы денешынықтыру тәрбиесін мазмұнды түрде жүргізу

  1. Денсаулық ағзаның қалыпты жағдайын айналадағы қоршаған ортаның ықпалымен сыртқы ортамен тепе-теңдік жағдайды сақтау арқылы, аурулық өзгерістерді болмауын көрсететін табиғи күй.

Адам-табиғаттың бір бөлігі, яғни «табиғаттың баласы» жалпы айтқанда табиғат пен адам бір жүйе. Адам жаратылғаннан бастап табиғатпен тығыз байланыста болады.

Әліппесіз адам баласы жазу, сызуды, оқу, білім алуды меңгере алмайтындағы секілді адамның денсаулығын нығайтуда денсаулық әліппесінің қажеттілігі өте мол.

Егер, адам баласы денсаулық әліппесін жақсы меңгерсе, болашаққа сәтті жол ашылатындығы сөзсіз. Балаларды нәтижелі сауықтыру, оларға психологиялық жағдай жасаумен, экологиялық аурулар болдыртпайтын жағдайлар жасалуы тиіс.

  1. Мұның ішіне-емдеу профилактикалық сауықтыру, ингаляция, мұрын қуысын т.б тазалау шаралары.

Фито емдік сусындар. Тыныс алу жаттығулары шынықтыру процедуралары.

Аромотерапия-эвкалипт, пихто майларын қолдану. Бұл терапияның пайдасы жатын бөлмеде, яғни балалар ұйықтаған уақытта пайдаланатын жөн деп кеңес береді.

  1. Сабақ-балалар бақшасында дене тәрбиесі жөніндегі, оқу жұмысының негізгі формасы. Сабақ дені сау тәрбиенушілердің барлығына міндетті. Олар балалардың белгілі бір жас тобындағы тұрақты құрамымен нақтылы кесте бойынша аптаның белгілі бір күнімен сағатында (І, ІІ орт.топта аптасына, 2 рет ересек тобында)

Д.м.а тобында аптасына 3 рет болады.

Дене шынықтыру сабағында 3 бөлім қарастырылған.

І. Кіріспе бөлім - жас ерекшелігіне қарай минуттарға бөлінеді. Алдағы жаттығуларға қызығушылықтарын ояту, эмоцияны қосу.

ІІ. Негізгі бөлім. Мұнда жаңа сабақты қамтиды. Өткендерді қайталайды, қозғалыс барысында шеберліктерін және дағдыларын жетілдіру.

ІІІ. Қорытынды. Қозғалыс аз ойындар қамту.

Жалпы жетілдіруші жаттығуға анықтама

Жалпы жетілдірушу жаттығулардың пайдасы: бұлшық ет жүйелерінің бір қалыпты дамуына және жаттығушы баланың бүкіл ағзасына жан-жақты ықпал үшін қолданылады.

Олардың өзгешелік ерекшелігі - белгілі бір бұлшық еттер тобының немесе буындардың жетілуіне елеулі әсер ету. Жалпы жетілдіруші жаттығулар дененің қалыптарымен қозғалыстарын саналы түрде билеуін жетілдіруге, тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.

Жалпы жетілдіруші жаттығулар анатомиялық белгілеріне қарай топқа бөлуге болады. Қолдың және иықтық, аяқтың, кеуденің бұлшық еттерін өсіру мен қатайтуға арналған.

Баланы бір сапқа тұрғызғанда 1 минуттан аспауы керек. Неге? Өйткені 1-ден бала жалыға бастайды. 2-ден арқа сүйектерінің белсенді жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.

Баланың жасы ұлғайған сайын олардың бұлшық еттері де жасына сай ұлғаяды.

Сондықтан, берілген тапсырмалардың барлығы жасына сай болу керек. Баланың шаршағаны жасына келмейтін жаттығуларды немесе баланың дене бітімі оған сай болмаса, оны мынадай жағдайды байқауға болады.

  1. Психологиялық тұрғыдан.

  2. Тез шаршауы, демалысы өте жиілеп кеткен уақытта.

Ересек топтың балаларының полисометриясының жай қалыпта 100-120-ны құрайды.

Даярлық топтың балаларында 120-140-ты құрайды.

Сабақ аяқталған уақытта ересек топтың балаларында 140-150 арасы, мектеп алды даярлық тобында 160-180 полисометрияны құрау керек. Бұл минутына одан әрі асса баланы дереу дәрігердің көмегіне алу керек. (Ентікпемен не болмаса тыныс алу жолдарында сырылы естілуі)

Таңғы жаттығу жасаларда 3-4 жас ерекшеліктегі балаларда бөлменің ауасы 5мин тазарту тиіс. 5-6 жастағыларда 10-13 мин.

Кіші топқа ауруға қарсы мынадай биологиялық белсенді нүктерлерге нүктелі жаттығулар жасауға болады.

Жаңбыр жауды тырс (2рет)

Мында енді не істейміз?

Шалшық судан өтіп біз,

Кеудемізде тоқтаймыз.

Жаңбыр жауды тырс (2рет)

Мында енді не істейміз?!

Қайықтарды жіберіп,

Қызықтаймыз көзбен біз.

Жаңбыр жауды тырс (2рет)

Мында енді не істейміз?

Маңдайды біз ашамыз

Кемпір қосақ саламыз.

Жаңбыр жауды тырс (2рет)

Мында енді не істейміз?

Барлығымыз жиналып,

Денсаулық біз сыйлаймыз.

Немесе қолға ыңғайлы дөрекі емес қауіп қатер туғызбайтын затпен немесе саусақпен жасау керек. Балалардың қызығушылығын арттыру үшін тақпақтап айтамыз.

Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен оларды сауықтыру бүгінгі күн талабындағы ең өзекті мәселелердің бірі және мектепке дейінгі білім беру концепциясының негізіне бағытталған.

«Жерден таяқ жесең де, дерттен таяқ жеме»

Ауырмаңыздар!

© 2010-2022