Әлеуметтік орта Қыстық киім

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы:Таным,әлеуметтік орта, қатынас

Білім бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:Қыстық киімдер

Мақсаты:қыстық киім түрлерімен (баскиім, аяқкиім, сырт киім) таныстыра отырып,ұл бала мен қыз баланың қыстық киімдерін ажырата білуге үйрету. Өз - өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: қуыршаққа арналған қыстық киім түрлері,суреттер.

Әдіс - тәсілдер:көрнекілік,сөздік,ойын, практикалық

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастырушылық

Ізденістік

















Рефлексиялық түзетушілік

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады

Тәрбиеші балалардан қыс мезгілінің ерекшелігі,ауа райы туралы сұрайды.

-балалар мына суретке қараңдаршы,суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Суретші суретте қандай қателік жіберген?

-әрине бұл жерде суретші қателесіпті. Егер де қыстыгүні адамдар осылай жеңіл киініп жүрсе не болар еді?

-адамдар өздерін жақсы сезініп жүру үшін өздеріне ыңғайлы,әдемі киімдер киеді екен. Қалай ойлайсыңдар киімдер не үшін керек?

-мына киімдерді кімдерге арнап тіккен деп ойлайсыңдар?

-ал мына пальто кімдерге арналған?

Тәрбиеші қыздар мен ер адамдарға,балаларға арналып тігілген,үлкен,кіші мөлшердегі тон,қыстық күртелерді көрсетіп, Қандай киім? Кімдерге арналған киім? Неден жасалған? Деген сұрақ қоя отырып,қыстық киімдерден де сырт киім, баскиім,аяқкиім болып бөлінетіндігін түсіндіреді.Осылайша ұлдар мен қыздарға арналған қыстық киім түрлері шалбар,қалың тоқыма жемпір,тоқыма көйлек жайында айтып түсінідіреді және көрсетеді.

-балалар мына суреттен не көріп тұрсыңдар? (қыстыгүні жүгіріп жүрген,шаңғы теуіп жүрген адамдар мен балалардың суретін көрсету)

Олардың үстінде қандай киімдер? Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

«Тігінші» ойыны.

Ойын шарты бойынша бірнеше матаның қиықтарын алып,қайсысынан қандай киім тігуге болатындығын тауып,суретте бейнеленген киімнің тұсына қоюды ұсынады.

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.

Балалар шаттық шеңберін құрып,өлең жолдарын айтады.

Балалар қыс мезгілі екендігін,далада күн суық екендігін айтады.

Суретке қарап,суретшінің жіберген қателіктерін айтады.





Тыңдап отырады және қойған сұрақтарға жауап береді.





Қимыл қозғалыспен жасайды.



Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін айтады. Немен айналысқандарын,не үйренгендерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:жалпы киім түрлері туралы.

Меңгереді: қыстық киімді басқа маусымдық киім түрлерінен ажыратады,қыстық киімдердің өзінің қалың,жұқалтаң болатындығын.



© 2010-2022