Баяндама Саусақ театры арқылы баланың тілін дамыту, қызығушылығын арттыру

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама «Саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру»

Мақсаты:Көркем әдебиет арқылы балаларға саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне еңгізу

Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең кішкене түрлері -тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір, мысқыл, тілінің көркемдігі шағын көлемдегі фольклорлық шығарманың ерекшеліктері. Бұдан кейін сәбиге авторы бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.

Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. әдебиеттің ең озық үлгілерінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздер мен жәбірлегендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.Бүгінгі таңда театр тақырыбы өзекті тақырыптардың бірі. Себебі қазір адамдар театрға барғаннан гөрі ,үйде отырып, уақыттарын теледидар мен интернетке арнайды.

Мектепке дейінгі балатәрбиесінде,саусақ театрының алатын орны ерекше.Ежелгі мәдени-етті сақтап қалудың бір жолы,балабақшадағы саусақ театры.

Мысалы: Балабақшаға театр келеді немесе балалар қазір театрға барамыз дегенді естісе, балалар қуыршақ театрын көргенше тағатсыздана күтеді. Қуыршақтардың қолынан келмейтін нәрсе жоқ.. Олар таңғажайыптардың бәрін жасайды,балалардың көңілдерін көтереді, оқытады, тәрбиелейді.

Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптасты- руда, үлкен роль атқарады. Балала әртістермен бірге күліп, біресе жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын айтатын болсақ ;

-Тілін дамытады. Себебі балалардың қолдарының, саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамыуына жауапты бөлігіне әсер етеді.

Саусақ қуыршақтары, театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі,қол жетімдісі. Онымен бір жастағы баланы да ойнатуға болады, саусақ қуыршағымен ойнатудың өзі баланы сөйлеуге итермелемейме?!

-Есте сақтау қабілетін дамытады. Бала өз бетімен кейіпкердің ролінде ойнауға тырысады.

-Эмоционалдық дамуына әсер етеді.Саусақ қуыршағы бөбекті мәдениетке сүйсінуге үйретеді. Кейіпкерлерге еліктеп, өзін-өзі дұрыс ұстай білуге, өз ойын ашық айтуға үйренеді.

-Кішкентай балалар (2-4 жастағы) үшін ертегі кейіпкерлері,өмірдегі достарындай болып кетеді.

Тәрбиешіге ыңғайлысы көп актердің керегі жоқ ,екі қолдағы он саусақ он актердің жұмысын орындайды.Саусақ қуыршақтары туралы сөз болса еріксіз сезімге бой алдырасың, өмірге жаңа келген сәбидің де алақанын ең алғаш қысатыны,ананың саусағы емеспе?! Бұл тек шартты рефлекс емес, баланың анасына деген сенімі болса керек.Қуыршақ театры - бір жастан асқан бөбектердің дамуына қажетті ойыншық .Басқа театрдан ерекшелігі, мұнда шүперекпен жасалған қуыршақты саусағына кигізіп,сөйлету арқылы, баланы спектаклге тартуға болады.Қуыршақ театры бөбекті тыңдай білуіне,қимыл қозғалысын жетілдіруіне,ашылуына септігін тигізеді. Тұйық баланың өзіде мұндайда белсенділік танытуы әбден мүмкін, ал өзі белсенді балаларға өздерін тағы бір көрсетуге мүмкіндік туады.

«Үш аю»

Саусақ театрының сахнасына Маша қыз шығады:Сәлеметсіңдер ме балалар, менің есімім Маша. Балалар сендерге қонақтар келе жатыр! Сендер ол қонақтарды жақсы білесіңдер. Мен сендерге қонақтар келе жатқанын айтуға келген едім. Жарайды, мен асығыс едім, сау болыңдар.

Қонақтар кіреді.

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде үш аю өмір сүріпті: үлкен аю, орташа аю, кішкентай аю. Ең үлкен аю әкесі, орташа аю анасы, кішкентай аю баласы екен.

Олар орманда жидектер теріп жиді екен, әрқайсысының ыдыстары, төсектері, орындықтары бар. Ең үлкен аюдың заты үлкен, орташа аюдың заты орташа, кішкентай аюдың заты кішкентай болады.

Балалар айтыңдаршы бұл ертегі қалай аталады?

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды, ол ертегі «Үш аю»

деп аталатындығын айтады.

Қортынды:

- Балалар бізге қонаққа кімдер келді?

- Аюдың ыдыстарының көлемі бірдей ме?

- Олар қандай аңдар?

- Қайда өмір сүреді?

Саусақ қуыршақтары, театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі.

Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады.

Ас ішер алдында қолдануға болады.

Мына суретте тамақ ішкен кезде саусақ қуыршағы арқылы: (тақпақ айтуға болады).

Тамақ ішер кез келді

Сөйлемейміз, күлмейміз.

Астан басқа өзгені,

Көзімізге ілмейміз. (Астарың дәмді болсын).

Балалар ұйықтар алдында қолдануға болады.Саусақ қуыршақтарымен әуен арқылы баланың маңдайына, қасының маңына массаж жасау арқылы ұйықтатуға болады.

Балаларға саусақ театрының қуыршағы арқылы ертегі айтып беру арқылы ұйықтатуға болады.



«Балбөбек» шағын орталығы


БАЯНДАМА

«САУСАҚ ТЕАТРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ

ТІЛІН, ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ»









Дайындаған тәрбиеші : Кужасова А.Е.

2015-2016 оқу жылы



© 2010-2022