Ата-аналарға сауалнама: Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастырасыз ба?

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бүгінгі таңда қоғам алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мәселесі тұр.Бос уақытты тиімді өткізу бала тұлғасының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді. Баланың бос уақытын қызықты, пайдалы әрі мазмұнды өткізу міндеті педагогтар мен ата-аналарды да толғандырады. Осы мәселені шешу бағытында мемлекеттік балаларға қосымша білім беру ұйымдары да өз міндеттерін атқаруда. Мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлер балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып келеді.

Осы тұрғыда «бос уақыт» дегеніміз не? Оның қандай өлшемі бар? - деген орынды сұрақ туындайды.

«Бос уақытты ұйымдастыру» - бірнеше әлеуметтік ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Олар: әлеуметтану, философия, педагогика т.б.

«Бос уақыт» - әлеуметтік категория. Әлеуметтануда «бос уақыт» және «демалыс уақыты» синоним түсініктер болып табылады. Жалпы қоғамда уақыт жұмыс уақыты және жұмыстан тыс уақыт болып бөлінеді. Жұмыс уақыты бұл белгілі бір өндірістегі нақты жұмыс жасауға арналған уақыт. Жұмыстан тыс уақыт, жұмыс уақытын бөліп алғаннан (тәулік, ай, жыл) қалған уақытты айтамыз.

Жұмыстан тыс уақыттың өзі:

Жұмысқа дайындық уақыты (оқушыларда сабаққа дайындық уақыты)

Адамның физиологиялық қажеттерін өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану т.б.)

Үй шаруашылығына, жұмыс қажеттіктеріне жұмсалатын уақыт.

Бос уақыт- жеке тұлғаның мәдени деңгейіне, қызығушылықтарымен қабілетіне сәйкес іс-әрекет таңдап өткізетін, қажетті істерді орындауға бөлінген уақыттан тыс уақыт.

Балалардың бос уақытын дұрыс анықтау үшін тәуліктегі24 сағаттан төменгі жұмыстарға пайдаланатын уақытты алып тастау қажет:

- Балалардың үйде сабаққа дайындалуға жұмсайтын уақыты;

- Физиологиялық тынығу уақыты ( ұйқтау, тынығу);

- Санитарлық-гигиеналық және сауықтыру қажеттіктерді қанағаттандыру уақыты (таңертеңгі жуыну, жаттығу, ыдыс жуу, киімдерін тазалау т.б.);

- Тамақтану;

- Үй шаруашылығына көмектесу.

Осы аталған істерден қалған уақыт балалардың бос уақыты болып саналады.

Педагогикалық зерттеулерде «бос уақыт» ұғымын анықтауда және оған теориялық негіздеме беруде үлкен үлес қосқан М.Г.Бушканец, А.Ф.Воловик, В.А.Воловик, И.А.Новикова, Э.В.Соколов, В.Я.Суртаев, Б.А.Титов, С.А.Шмаков т.б. Осы педагогтардың зерттеулерінде «бос уақыт» - жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және физиологиялық даму, бос уақытты белсенді демалыс сауықтыру уақытына айналдыру, мәдени деңгейін көтеру, өзін-өзі дамыту, жетілдіру, өз мүмкіншіліктерін іске асырудың факторы болып табылады.

Бос уақытты ұйымдастыру педагогикасының негізгі ұғымдары: «босуақыт», «демалыс уақыты», «іс-әрекет», «бос уақыттағы іс-әрекет», «рекреация».

Э.В.Соколовтың ойынша: «Қажетті демалыссыз адамның күш-қуаты төмендеп, жоғары деңгейдегі іс-әрекетті орындауға мүмкіншілігі болмайды. Бала өмірінде сауықтыру шараларымен, ойын болмаған жағдайда бос уақыт көңілсіз, қызықсыз өтеді».

С.А.Шмаковтың айтуынша: « Бос уақыт- маңызды рөлдерді, қызықты іс-әрекеттер түрлерін еркін таңдау арқылы балалармен жасөспірімдер дарындылығын шыңдау, рухани өсуіне жағдай туғызу уақыты».

Бос уақытта:

- Еркіндік сезімін қанағаттандыру арқылы баланың қызығушылықтарымен қабілеттерін анықтауына;

- Белсенді іс-әрекет арқылы мүмкіншіліктерін толықтай көрсете алуына;

- Өзін-өзі сынау, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі бағалауына ;

- Белсенді қарым-қатынас арқылы әртүрлі ұйымдармен бірлестіктерде өз мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға жағдай туындайды.

«Бос уақыттағы іс-әрекет» - жеке тұлғаның өзін-өзі және қоршаған әлемді танып білуіне бағытталған, негізгі жұмыс уақытынан тыс уақытта іске асырылатын саналы әрекеті.

Сонымен қатар, баланың физиологиялық тынығуынада бөлінген қажетті уақыты болуы шарт.

«Демалыс» - адамның шаршауынан арылуға, күш-қуатын қалыпқа келтіруге, ағзаның тынығуына арналған уақыт.

Демалыс уақытын - тынығумен (пассивтік) немесе өзің ұнататын іс пен айналысу, жаттығулар жасау, қарым-қатынас жасау арқылы өткізуге болады.

«Демалыс» ұғымы «рекреация» ұғымына жақын ұғым. Көбіне бұл термин адамның медициналық сауықтыру шараларына байланысты қолданылып келген. Қазір «рекреация» - адамның денсаулығының қалыпқа келуі, сауығуы деген мағынада қолданылады, адамның физиологиялық, дене және рухани күш-қуатының қалпына келуі болып табылады.

Бос уақытты ұйымдастырушы- педагогтың негізгі міндеттері:

- Жеке тұлғаның қасиеттерімен дарындылығының дамуына, дүниетанымының кеңуіне, мәдениеттілігінің артуына ықпал ету;

- Оқушылардың психологиялық және жасерекшеліктерін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау;

- Оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған әртүрлі клубтар, үйірмелер, секциялар, студиялар жұмысын ұйымдастыру;

- Әртүрлі техникалық, көркемөнер, спорттық, өлкетану, туристік т.б. іс-әрекеттерді ұйымдастыратын мекемелердің жұмысын басқару;

- Балалармен жасөспірімдердің ұйымдарымен бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру;

- Мерекелер, кештер, саяхаттар, экскурсиялар, ойын-сауық шараларын т.б. сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарды ұйымдастыра отырып балалардың бос уақытының мазмұнды өтуіне ықпал ету;

- Мәдени орталықтар, спорт т.б. қоғамдық мекемелермен бірлестіктерді балалармен жасөспірімді тәрбиелеу ісіне тарту;

- Балалардың жазғы демалысын және бос уақыттарын ұйымдастыру, олардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауап беру.


  1. Сіз өз уақытыңызды жоспарлай аласыз ба?

  2. Сіз демалыс күніңізді балаңызға арнайсыз ба?

  3. Соңғы демалыс күндері балаңызбен бірге немен айналыстыңыздар?

  4. Балаңызбен бірге театрға барасыз ба?

  5. Театрға бармасаңыз, алдағы уақытта бару жоспарыңызда бар ма?

  6. Цирк немесе мұражайға бардыңыздар ма?

  7. Балаңызбен бірге табиғат аясына көп шығасыздар ма?

  8. Балаңыз қандай үйірмелерге қатысады?

  9. Сіз демалыс күндері қонақ шақырғанды ұнатасыз ба?

  10. Балаңыздың туылған күнін қалай ұйымдастырасыз?

  11. Отбасында қандай ойын ұйымдастырасыздар?

  12. Балаңызбен ортақ қызығушылығыңыз бар ма?

  13. Баланы көп мадақтайсыз ба?

  14. Бос уақытында баланы үлкендерге көмектесуге үйретесіз бе?

  15. Баланың жеке бөлмесі бар ма?

  16. Отбасында теледидар көп қарай ма?

  17. Теледидар көруіне қанша уақыт арнайсыз?

  18. Балаңызға сыйлыққа телефон (планшет) әпердіңіз бе?

  19. Телефон ойындарына көп көңіл бөле ме?

  20. Баланың бос уақытын қалай жоспарлаған дұрыс деп ойлайсыз?

© 2010-2022